Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 3 страница

Азақстандағы этникалық процесстер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. | Асым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы | Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары. | Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. | Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері. | Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. | Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. | Азақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б. | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 5 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

 

62) Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары. Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті.Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі,Мәскеудегі,Ленинградтағы,Донбастағы,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты.Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

 

 

63) Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары. 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:

1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.

2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.

3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.

4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

 

 

64) 1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады.Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды. Реформа Кеңестік идeология мен жүйені жүзеге асыруды жеңілдетті. Осылайша, халық мемле-кеттің қатаң бақылауына алынды Жер, қырдағы халықтың әдеп-ғұрпы негізінде әрбір рудың ортақ меншігі болатын. Қала немесе өзге де елді мекендерде шариғатқа сай меншік құ-қығы бар-тын. Сонымен бірге, қырды мекендеген халық жерді шабындық және мал жаю үшін пайдаланатын. 1917 жылғы төңкеріске дейін қазақ қоғамында негізінде үлкен жер иеленушілер жоқ болды. Мақта егуге мемлекеттің мәжбүрлеуі және ұсақ жер иелерінің қарызға батуына байланысты1929 жылы Сталин Кеңес үкіметінің жылдық қорытындысы ретінде сөйлеген сөзінде: «Мынаны білгеніміз жөн, ұжым-дастыру әрекетінде біз туындаған дағ-дарыстан міндетті түрде құтыламыз неме-се құтылдық. Егер колхоз бен совхоздарды құруды осылайша жеделдете түссек, өл-кеміз үш жылдан кейін бидайға бай ел болып, бидайды экспорттайтын бірден-бір мемлекет болатындығына шүбә жоқ», — деген еді. Бірақ, үмітке толы бұл сөздер 1929-1931 жылдар аралығында тек қана қазақтардан екі миллионнан астам адамның өлуіне әкеп соқты.Сталин 1929 жылы жариялаған ше-шімімен колхоз және совхоз жұмыстары-на басымдық берді. Бірақ, бұл реформаны іске асыруда кедергілер жоқ емес еді. Қазақстандағы Коммунистік партияның өкілдері колхоздастыруға әлі ерте екендігі жөнінде сан мәрте Мәскеуге мәлімдеме жасағанмен, ештеңе өзгермеді.Қазақстанда бұл жылдары орын алған көтерілістердің негізгі себебі Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі болған колхоздастыру реформасынан туындады. Бірақ, мемлекет жетекшілері көтерілістердің негізгі себебін басқаша көрсеткісі келді. Ф.И.Голощекин 1930 жылы 21 сәуірде Сталинге: «Қазақ ауылындағы 91 жағдай туралы» атты жіберген хатында, көтерілістер «бай, атқамінер, ру басысы әлі де ауылда елеулі күш болып табылатын тап күресінің шиеленісе түсуінен» – деп бұны баскөтеру себебі ретінде көрсетті.Көтерілістерді ресми мәліметтерде көрсетілгендей Ташкенттегі зиялылар ұйымдастырған. 1921 жылы Самарқанд-та А.З.Валиди Тоған басшылығымен «Орта Азия Ұлттық революциялық қауымдастықтар одағы» құрылған бо-латын. Түркістан халықтары (қазақ, өзбек, түркмен, башқұрт) құрған бұл одақты қысқаша «жамиғат» деп атайтын. Алаш орда қайраткерлері де мүше болған бұл «жамиғаттың» жеті баптан тұратын платформасының біріншісінде: «Жамағаттың мақсаты — Түркістанның тәуелсіз болуы және Түркістанның билігі түркістандықтардың қолында болуы» – деп көрсетілді.Кеңес үкіметінің жетекшілерінің кө-теріліс туралы пікірі осылай еді.

65) 1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары. Демографиялық салдарына бүкілодақтық халық санағы деректері бірден бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашақтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінің шыңы 1932-1933 жылдың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санағының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткенне кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай алдыңғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллион адамынан айырылды. Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынандай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысы аурулардың салдарынан аталған жылдары республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды.

 

 

66.ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары. Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдастырылды.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі. Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих.этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

 

66) 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады.Түрлі топтарға қатысқандардың,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды.Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов,Н.Нұрмақов,С.Қожанов,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды.Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Х.Досмухамедов,М.Тынышбаев,М.Жумабаев,С.Сейфуллин,Б.Майлин,С.Асфендияров,М.Жолдыбаев,Ж.Шанин,Т.Шонанов,К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды.Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық –профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.Қызыл әскерлердің,қызыл флотшылардың,эвакуацияланғандардың,әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің шағымдары кеңестердің және солардың басшыларының ерекше бақылауында болды.

 

 

68) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері. 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандыққарсыласуқозғалысынақатысты. ҰлыОтансоғысындағыерліктеріүшін 11600 адамғаКеңесОдағының батыры атағыберілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардыңішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде КеңесОдағының батыры атағы 19-танк дивизиясыныңкомандирі генерал-майор К.А.Семенченкоғаберілді, еңсоңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндайатақпанфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлынаберілді, ол 1941 ж. Мәскеутүбіндегіұрыстардаөзбатальоныменжауқоршауын 3 ретбұзыпшықты. СоғыстыБ.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштардивизиясыныңкомандиріболыпжүріпаяқтады. Ерекшеерліккөрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктерТ.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павловжәнеұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жауұшағынқұлатқан) КеңесОдағының батыры атағын 2 реталды. БатырлардыңқатарындапулеметшіМ.Мәметованың, мергенӘ.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, бронбұзушы П.К. Миллердің, минеметшіҚ.Сыпатаевтың, аттыәскерМ.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерініңкомандиріБ.П.Ущевтің, атқыштардивизиясыныңкомандиріҒ.Б.Сафиуллинніңесімдері бар. 110 қазақстандықДаңқорденінің 3 дәрежесіне де иеболды.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 2 страница| Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)