Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гендерлік білім берудің негізгі категориялары.

Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар | Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні. | Тек, жыныс» және «гендер» түсінігінің дифференциациясы және мәні. Тек әлеуметтік және биологиялық катеория ретінде. | Жыныстық және гендерлік тәрбие. Түсінігнің мәні және диференциациясы. | Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер | Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз. | Сіздің ойыңызша, ерлер мен әйелдерің рөлін өзара алмастыруға болады ма? Жауабыңызды дәйектеңіз. | Оқушыларға гендерлік білім беру бағдарламасын құрастырыңыз. | Сурак Оқытушыларға гендерлік таптаурындарды жою бойынша Өз ұсыныстарыңызды құрастырыңыз. | Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
  2. Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз.
  3. Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.
  4. Атты ерітінділердің негізгі түрлері қандай?
  5. БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» Негізгі әдебиеттер
  6. Білім тв сайтының өзгешелігі
  7. Босаңдатудың негізгі түрлерін көрсетіңіз.

Алғаш рет "гендер" ұғымын ғылыми айналымға 1968 жылы американдық психолог Роберт Столлер енгізді. Өзінің транссексуалдарды зерттеу жеке тәжірибесінің негізінде адамның психологиялық тұрғыдағы жыныстық бірегейлігін өзгертуден, оның жынысын хирургиялық жолмен өзгерту оңайырақ деген қорытындыға келген. Столлер жыныстың әлеуметтік және мәдени белгілерін атау үшін бұған дейін биологиялық жыныспен еш қатысы жоқ, тек грамматикалық мағынада қолданылып келген "gender" ұғымын қолдануды ұсынған. Ғалымдардың ішінде алғашқы болып, қоғамдағы әйел және еркек рөлдерін анықтауда едәуір ерекшеліктерді анықтаған антрополог-структуралистер жыныс және гендер ұғымдарымен жіктеу идеясын қолдады. Бүгінгі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда қалыптасқан гендердің негізгі теорияларына гендерді жіктеу белгісі әрі оны мәдени символ ретінде түсіндіру, әлеуметтік құрылымдау теориясы жатады. Гендерді әлеуметтік құрылымдау теориясы екі сипаттауды керек етпейтін жорамалдарға негізделген: 1) гендер Әлеуметтендіру, еңбек бөлінісі, гендерлік рөлдер жүйесі, отбасы, бұқара лық ақпарат құралдары арқылы құралады; 2) гендер - жеке тұлғалардың әзімен де саналық деңгейде (яғни, гендерлік бірегейлік), қоғам ұсынатын ережелер, рөлдерді қабылдау, олардың ығына жығылудан (киім киюде, сырт келбеті, мінез-құлқына) құрылады. Бүл теория гендерлік бірегейлік, гендерлік идеология, гендерлік жіктеу және гендерлік рөл ұғымдарын жиі қолданады. Гендерлік бірегейлік адамның өз мәдениетіне сай әйелдік және еркектік белгілерді қабылдауын білдіреді. Гендерлікидеология - гендерлік айырмашылықтар мен ген-дерлік жіктеуің әлеуметтік тұрғыда анықталатын идеялар жүйесі, соның ішінде "табиғи" айырмашылықтармен қатар, қайшылықты ұстанымдар да бар. Гендерлік жіктеу әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер әлеуметтік сипат алып, әлеуметтік жіктеу құралы ретінде қолданылатын процесс ретінде анықталады. Гендерлік рөл белгіленген әлеуметтік ұйғарымдарды орындау ретінде түсініледі, яғни жынысқа сай әрекет жасау. Гендер әйелдер мен ерлердің қоғамдағы, оның институттарындағы (отбасы, саяси құрылым, экономика, мәдениет, білім және т.б.) орнын анықтайтын әлеуметтік үлгі ретінде қоғаммен құрылады.Гендерлік жүйелер әртүрлі қоғамдарда әртүрлі ерекшеленеді, алайда әр қоғамда олар мынадай жолдармен сәйкестендіріледі: барлық еркектер "ерге тән" қасиеттері (мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, кәсібі, т.б.) аса маңызды, бірінші орында, басым келеді, ал, әйелдер "әйелге тән" нәрселер әлеуметтік тұрғыдан алғанда аса маңызды емес, екінші деңгейлі, бағыныңқы сипатта анықталады. Гендерді құрудың мәні полярлылық және қарама-қарсылық. Белгілі бір уақыттан бері әлеуметтік ұйғарымдар екі негізгі түрден тұратын барлық дерлік қоғамда бір биологиялық жынысқа екінші рөлді таңады. Оның қандай әлеуметтік рөл екендігі аса маңызды емес: әртүрлі қоғамдарда әркелкі болуы мүмкін, бірақ әйелдерге таңатынның барлығы да екінші дәрежелі сипат алады. Уақытөте келе әлеуметтік ережелер өзгеруде, алайда, гендерлік теңсіздік сол күйінде қалуда. Осылайша, гендерлік жүйе жыныс теңсіздігінен құрылған әлеуметтік жүйе деп айтуға болады. Гендер - нәсілдік, ұлттық, таптық, топтық, жастық, әлеуметтік-демографиялық факторлармен қатар жүріп, әлеуметтік иерархия құрылымын жасайтын, қоғамды әлеуметтік стратификация лаудың бір әдісі болып табылады. Гендер иерархияландыратын әлеуметтік қатынастар және әйелдер мен еркектер арасындағы рөлдер стратификациялық категориясы болып табылады. Гендерлік стратификация - гендер әлеуметтік стратификацияның негізіне айналатын процесс, ал, гендерлер арасындағы айырмашылықтар - жүйелі түрде бағаланатын және бағаланған болып есептеледі. Алайда, гендерден басқа мұндай категориялар ретінде тап, нәсіл, жас қолданылады. Жыныс, тап, нәсіл және жас гендерлік жүйені анықтайтын негізгі өзгермелілер болып табылады. Гендерлік ерекшеліктерді құрудың маңызды элементтері - еркек және әйелді қарсы қою және әйел бастауларын еркекке бағынышты ету. Гендерлік көзқарас әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер емес, осы ерекшеліктерге мәдени және әлеуметтік мән беретін айырмашылықтар идеясына негізделген.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 425 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ| Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)