Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім тв сайтының өзгешелігі

ШетелдердегіәріптесжурналистертуралымағлұматтыИнтернеттентабужәнеоларменхабарласужолдары. | Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпал. | Web-hosting мәнін ашыңыз. | Дерекқорларды қандай бағдарламалар арқылы жинауға болады? | Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің? | IP (Internet Protocol) желіаралық хаттамасына мысал келтіріңіз. | Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы. | Www.31.kz cайтының құрылымы | Www.24.kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі | Массагет порталындағы блогтар жүргізудің артықшылықтары |


Читайте также:
  1. Www.24.kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі
  2. Www.aikyn.kz сайтының ерекшелігі.
  3. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
  4. Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
  5. Азаттық сайтының әлемдегі орны
  6. Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері.

«Білім» телеарнасы – қалың көпшілікке арналған оқыту ағартушылық телеарна болып табылады. Көрермені – мектеп оқушылары, талапкерлер, педагогтер, ата-аналар, сонымен қатар, жас ерекшелігі мен әлеуметтік жағдайы әр түрлі бола тұра, білім алғысы келген қауым.

Тұңғыш «Білім» атты қазақстандық танымдық арна сандық телетарату ұлттық бағдарламасы аясында арнайы ашылды. Телеарнаның басты межесі ағарту мәселелерінің оңтайлы шешім табуы, ғылымды насихаттау, сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен ғылымның басым салаларына мүмкіндігінше дарынды адамдарды тарту болып табылады.

 

«Білім» арнасы білім және ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы, еліміздің әлеуметтік жаңаруы мен Жалпы Еңбек қоғамын қалыптастырудағы маңызды құрал болмақ.

 

Бастапқыда «Білім» арнасы "Otau TV" спутниктік жүйе және сандық эфирлік теледидар арқылы хабар тарататын болады, кейінірек арнаны қазақстандық кабельдік операторлар арқылы тамашалауға болады.

 

«Білім» телеарнасы үш тілде, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратпақ.

 

Жаңа арна арқылы мектеп оқушылары мен мұғалімдерінен бастап, жоғары оқу орындарының тәлімгерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ, ғылым мен техника жетістіктеріне қызығатын көпшілік білімге қаныға алады.

 

«Білім» телеарнасында қазақстандық және әлемдік деңгейдегі ғалымдардың бірегей дәрістері, ғылыми-танымдық бағдарламалар, тағылымдық деректі сериалдар, жоғары, орта және мектепке дейінгі білім беру туралы хабарлар көрсетіледі.

 

Әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінбек, осы орайда, отбасылық құндылықтарды сақтау, қоғамның өнегелі тұстары, тұлғаны қалыптастырудағы негізгі философиялық үрдіс сынды мәселелер басты назарда болмақ. Сонымен қатар, эфирге классикалық әдебиетті, еліміз бен жаһанның тарихын меңгеруге септігін тигізетін отандық және шетелдік «Алтын қордағы» көркем фильмдер ұсынылады.

 

Телеарнаның форматы материалдарды көрерменге түсінікті етіп жеткізу, бағдарламаларды жасау барысында жаңа білімді, ақпаратты және технологияларды қолдану болып табылады. Алдағы уақытта анимэ-эффектілерін, әсіресе, кішкентай көрермендер үшін инфографика мен басқа да графикалық бейнеэффектілері қолданылады.

 

Телеарнаның басты діттегені – көрерменнің ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, қоршаған ортаны зерттеуге баулу.

 

Келешекте «Білім» арнасы заман талабына жауап беретін веб-сайтын іске қоспақ. Телеарнаның өзіндік контентінен тыс, сайтта түрлі тілдерге аударылған субтитрлері бар интерактивті дәрістер болады.

 

Қазіргі таңда www.bilimtv.kz сайтының бета-нұсқасы ұсынылған. Сайтта компания туралы, телебағдарламалар, тележобалар және байланысу секілді тектер бар. Сонымен қатар, Туиттер мен ВКонтакте әлеуметтік желісіне қосылған көрермендерін білуге болады және сол топқа қосылуға болады. Негізінен, сайттан айтарлықтай артықшылық көрмедім. Дизайны орташа.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаттық сайтының әлемдегі орны| Kz”, “.com”, “.ru” домендеріне мысал келтіріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)