|
Қазіргі таңда ең танымал ойын-сауықтық портал. Баршаға белігі «Award 2013»-те бас жүлдені қанжығасына байлады. Портал әдебиет, мәдениет, бірге аударайық, видео және техно атты тектерден тұрады. Әрбңр тектен сіз өзіңізге қажетте ақпарат ала аласыз. Танымал болуынң тағы бір себебі – онда жеке блог жүргізуге және форумда талқылауға болатындығында. Соның ішінде, блог жүргізу туралы айта кетейік. Алдымен, блог деген не? Соған анықтама бере кетейін:
1. Өз өмірізден қызықты бір оқиғаны жазыңыз. Оқырмандар да сондай оқиғаларын естеріне алып, қостап пікір жазады. Ол үшін оқырманға ой салыңыз, "сіз қалай ойлайсыз" дегендей...
2. Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз. Сіз бірдеңені қолданып көрдіңіз делік, қандай нәтиже берді немесе бермеді? Мысалы, жаттығу залына бардыңыз, ондағы нәтижелеріңіз, қандай жаттығу түрлерін қолдандыңыз, баптаушыңыз қандай кеңес берді және т.б.
3. Соңғы оқыған кітабыңыз. Мысалы, бір кітап сізге керемет әсер етті немесе түкке тұрмас кітап па? Оның авторы кім, ол жайлы не қызықты білдіңіз? Немесе кітаптың жазылу барысында бір қызықты оқиғалар болған шығар. Бірақ әр нәрсенің екі жағы болатынын ескеріңіз: кітаптың кемшілігімен қатар, артықшылығы болары хақ.
4. Бір сұрақтарға байланысты сіздің пікіріңіз. Мысалы, қоғамды дүрліктірген бір мәселеге қатысты пікіріңізді блогта жариялаңыз. Неге олай ойлайсыз, бәрін дұрыстап, дәлеліңіз болса нақтылап жазыңыз.
5. Шоу, концерт, фильм, телехикаяға байланысты ойыңыз. Несі ұнамады, керісінше несі ұнады. Әрдайым кемшілігі мен қатар, артықшылығын да жазуға тырысыңыз.
6. Сізге қатты әсер еткен оқиға. Көшеде, автобуста, таксиде бір оқиғаларға куә болдыңыз немесе әңгіме естіп қалдыңыз. Соған байланысты пікіріңіз: қарсысыз ба, немесе қолдайсыз ба...
7. Өлең, әңгіме. Әрине, шығармашылығыңызбен бөлісу дұрыс. Алайда, оны бірінен кейін бірін жариялап, оқырманды мезі етпеңіз. Әдемі сурет таңдаңыз, соған сәйкестендіріп өлеңді де әрлеп қойыңыз.
Қысқаша айтқанда, блог – сіз жайлы айтуы керек. Тек сіздің шынайы ойларыңыз, сезіміңіз, әсеріңіз. Біреуге ұнайтын, біреу үшін жазба жазбаңыз. Және блогыңызға аз пікір жазылып жатса, немесе тіптен пікір жазылмаса - қапаланбаңыз. Сіз дұрыс мәселені қозғауыңыз да мүмкін, оқырман сізбен келісіп отырған болуы керек, сол үшін де басын изеп кетіп қалған да шығар. Көбіне пікірлер қарама-қайшылық тудыратын блогтарда көп жазылады. Оқырманды ойландыратын, пікірін білдіріп кетуге мәжбүрлейтін тақырыптарды жазуға тырысыңыз. Сонымен қатар, сізге пікір жазылсын десеңіз, өзіңіз де басқа блогтарға пікір жазып, белсенділігіңізді көрсетіңіз. Жарқындылығыңызбен көзге түссеңіз, бұл адам блогына не жазды екен деп, сіздің блогыңызға да қызығушылық туатын болады. Осы шарттарға сүйене отырып, барлығымыз қалмай блог жүргіземіз. Блог жүргізу жағынан алдыңғы орында Массагет сайты. Бұл сайтқа күніне кем дегенде 7 262 адам кіреді. Қаралым саны одан да жоғары. Блогты ең оңай жүргізуге болатын бірден-бір сайт осы Массагет. Тіркелген адам саны мен онлайндағылар (қазір сайтта отырған адам) саны осыны дәлелдейді.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 89 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Www.24.kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі | | | Азаттық сайтының әлемдегі орны |