Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Www.24.kz сайтының басқа сайттардан ерекшелігі

Электронды жәшік ашу және онымен жұмыс істеу. | Ажет материалыңды табу, іздеу машиналарымен жұмыс істеу. | Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу. | ШетелдердегіәріптесжурналистертуралымағлұматтыИнтернеттентабужәнеоларменхабарласужолдары. | Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпал. | Web-hosting мәнін ашыңыз. | Дерекқорларды қандай бағдарламалар арқылы жинауға болады? | Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің? | IP (Internet Protocol) желіаралық хаттамасына мысал келтіріңіз. | Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы. |


Читайте также:
  1. B) құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератор басқаратын респондерттердің кішігірім тобы
  2. Www.aikyn.kz сайтының ерекшелігі.
  3. А) Оқушының даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу.
  4. Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
  5. Азаттық сайтының әлемдегі орны
  6. Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы

Елімізде тұңғыш рет тәулік бойына ақпарат таратын «24 KZ» арнасы 2012 жылы 1 қыркүйегінде көрерменге жол тартты. Алғашқы сәттен-ақ, сандық және спутниктік Otau TV ұлттық желілері арқылы хабар тарата бастаған жаңа арна өз өнімімен Қазақстан Республикасының барлық территориясын қамтыды.

Қазіргі уақытта «24 KZ» арнасы «iD TV» сандық телевидениясы арқылы және түрлі кабельдік жүйе бойынша хабар таратып отыр.

Алғашқы рет қазақ топырағында тәулік бойына жаңалықтар тарата бастаған «24 KZ» арнасы БАҚ тарихында осылайша ерекшеленді. Көрермен жаңа арна арқылы мемлекеттік және ресми тілде елімізде және әлемде болып жатқан жайтармен танысуға толық мүмкіндік алды. Арнада әрбір 30 минут сайын жаңалықтар легі екі тілде эфирге жіберіліп отырады. Сондай-ақ, телекөрермендер үшін еліміздің ақпараттық-саяси, экономикалық және мәдени, рухани тыныс-тіршілігінен толық хабардар ететін түрлі бағдарламалар бар.

Аз уақыт ішінде ақпараттың кеңістіктің көзайымына айналып, өзіндік аудитория қалыптастырған «24 KZ» арнасының басты мақсаты ақпараттық нарықта нақты әрі шынайы хабар тарату. Біздің түсірілім тобы қоғамда болып жатқан әрбір жайтты қалт жібермеуге тырысып, ақпараттың шынайылығына көз жеткізгеннен кейін оны оперативті түрде көрерменге ұсынады.

Ерекшеліктері:

шұғыл ротация(ақпараттар жиынтығын бірнеше қайталап көрсету);

тақырыптық бағдарламаларды дайындаудағы ерекшелік: ең бастысы – ақпараттық маңыз, деректілік, оқиғаға түсініктеме;

шұғыл, айрықша, «бірінші ақпарат көзінен» алынған жергілікті ақпараттар, қала басшылығының, қалалық департаменттер басшыларының, әкімдер мен әкім орынбасарларының түсініктемесі;

жоғары қарқынды ырғақ;

әр түрлілік;

«БАҚ туралы» заңды бұлжатпай орындау: әр сағаттың алғашқы минутынан 30-минутына дейін қазақ тілінде, 31- минуттан
60- минутқа дейін орыс тілінде хабар тарату.

Жарнама берушілер үшін «Жарнама туралы» заңды сақтаудың тиімді мүмкіндігі;

Қазақша хабарлар топтамасына мемлекеттік тілдегі роликтерді орналастырғанда жарнама нысанаға дәл бағытталып, тиімділігі арта түседі.

«24 KZ» арнасы Астана қаласындағы жаңа теле-радио кешені «Қазмедиа» орталығында орналасқан. Сонымен қатар еліміздің әрбір өңірінде арнаның ақпараттық өкілдері жұмыс істейді.

Жаңа орталықтағы заманауи технология «24 KZ» арнасының ақпаратты аз уақыт ішінде көрерменіне сапалы жеткізуіне, оқиға орнынан тікелей хабарламалар беруге мүмкіндік тудырып отыр.

«24 KZ» - (16х9) кең көлемде ақпарат таратын тұңғыш отандық телеарна.

Өткен жылы біздің арна эфирге 17 мыңнан астам жаңалық таратып, он шақты тікелей байланыс орнатқан. Біздің ресми Youtube -порталында 3 миллионға жуық көрермен тіркелгені анықталып отыр. Осылайша біз аз ғана уақыт ішінде «24 KZ» арнасының негізін қаладық.

2014 жылы арна әлем бойынша 10 шақты негізгі қосын ашуды көздеп отыр. Әлем елдерінде ашылған жаңа қосындар «24 KZ» арнасының ақпараттық кеңісте жан-жақты дамып жатқанының анық белгісі.

Енді, сайттың ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:

1. Тулбар.кз және андроидқа арналған нұсқаларын жүктеуге болады.

2. Елімізде жаңадан қолға алына бастаған мультимедиа жанры – инфографикаға арналған арнайы бет жасалғанү

3. Жеке блог жүргізуге мүмкіндік бар

4. Әлеуметтік желілерге кіре аласыз

5. Оқырманмен байланыс. Яғни, сауалнама жүргізіліп тұрады. Мәселен: 24.кз сайтының жаңа дизайны ұнады ма?

6. Өзіңіз оқиға куәгері болған жерден репортаж жасап, сайтқа жібере аласыздар.

7. Тікелей эфирден тамашалай аласыздар. Оның дербес компьютерден қарауға арналған және мобильді телефонға арналған нұсқалары бар.

8. Рейтинг жүргізіледі. Ең көп қаралым жинаған материалдар рейтинг бойынша орналасады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 96 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Www.31.kz cайтының құрылымы| Массагет порталындағы блогтар жүргізудің артықшылықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)