Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері.

Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар | ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ | Тек, жыныс» және «гендер» түсінігінің дифференциациясы және мәні. Тек әлеуметтік және биологиялық катеория ретінде. | Жыныстық және гендерлік тәрбие. Түсінігнің мәні және диференциациясы. | Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер | Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз. | Сіздің ойыңызша, ерлер мен әйелдерің рөлін өзара алмастыруға болады ма? Жауабыңызды дәйектеңіз. | Оқушыларға гендерлік білім беру бағдарламасын құрастырыңыз. | Сурак Оқытушыларға гендерлік таптаурындарды жою бойынша Өз ұсыныстарыңызды құрастырыңыз. | Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
  2. Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз.
  3. Білім тв сайтының өзгешелігі
  4. Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар
  5. Гендерлік білім берудің негізгі категориялары.
  6. Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні.

Гендер теориясы бірнеше негізгі ұстанымдардан тұрады. Тұтастық ұстанымы.Бұл - феминизм мен әйел мәселесі және әйел жағдайына байланысты ғана емес, әйел мен еркек құқығын тең дәрежеде қарайтын жаңа радикалды көзқарас туралы ұстаным. Гендер қарама-қарсы жынысқа деген екі өрістің және сексуалдық бағытының болу қажеттігін ұсынады.Сонымен бірге, тұтастық ұстанымы әйелдің мәні мен еркектің мәні деген мәселені бөле-жарып қарастырудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Әңгіме адам мәні туралы болуы керек, ал әйел және еркек бір-бірін толықтырып және бір-бірімен тығыз байланысып, осы мәнді құрайды. Мұның алғышарты ретінде шығыстың дәстүрлі дүниетанымына тән ғарыштық бірлікті алуға болады. Дүние негізінде қарама-қайшы бастаманың өзара әрекетімен жүзеге асатын біртұтас субстанция жатыр. Біртұтастылық дербес қарама-қайшылықтарды “құрастырудың” нәтижесінде пайда болмайды. Біртұтастылық алғашқы болып есептеледі, ал қарама-қайшылықтар содан шығып, соған қайтып оралады: бұл жерде біртұтастылықтың айырмашылығы туралы айту керек. Феминдік пен маскулиндіктің қатынасы, жақсы-жаман, төмен-жоғары деген ұғымы шкаладағы бағаға жатпайды. Айырмашылық қандай да бір жақтың сапалы зиянын, еркекті әйелді төмендете отырып асқақтату немесе керісінше екенін білдірмейді. Бұл айырмашылық иерархиясыз, селекциясыз, артықшылықсыз болады. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеті тұтастықтың нығаюын қамтамасыз етеді. Олардың айырмашылығы шамамен, салыстырмалы түрде, тұтастығы-шынайы. Сондықтан, бір жақтың көтерілуі (адамзат тарихында-маскулиндік) тек әйелдің немесе, еркектің жеңілумен болмайды, сонымен бірге тұтас адамзат мәніне зиян әкеледі де ғарыштық бүкіл тұтастықтың принципі бұзылады. “Бір жартысы зиян шеккенде, сөзсіз басқасы да жапа шегеді. Бір жартыны - әйелді төмендету, басқа жартыны - еркекті де қорлатпай қоймайды” (Григорьева Г.) Келесі маңызды ұстаным. - конструктивизм ұстанымы. Әйел мен еркектің айырмашылығы басқа жағдайлар сияқты, адам мен оның тарихына қатысты таза биологиялық мәні болмайды. Биология – тек қана алғы шарт, бірақ ол жыныстың әлеуметтік, мәдени-тарихи конструкциясында жүзеге асады. Мәдени дәстүр ұстанымы. Бұл ұстаным феминдік пен маскулиндік нақты тарихи қатынастың бар екенін дәлелдейді. Түркі дүниетанымы үшін әйел-еркек ара қатынасы түсінігі символдық мәнге ие. Түркі мәдениетін қазіргі зерттеушілер біртұтас мәтін түрінде көрсетеді, оны оқитын семантикалық кілті күрделі мәдени-идеологиялық кешен “құт”- жан, өмір, ұрықтандыратын күш, байлық, бақыт, жетістік деген мағынаны білдіреді. Мәдениеттің барлық феномендері - үй, киім, азық-түлік, адамдардың өзара қатынасы жай мағынада емес, “құтқа” қатыстырып анықталатын символикалық мәнде де болады. “Құттың” негізі – еркек пен әйелдің өзара әрекеті болып табылады. “Дәстүрлі қоғамның назары ұрықтану мен туудың құпиясына жақын болған”. Өмірдің сакральды дерегі ғарыштық орталықпен сәйкес келеді, онда сүтті көл, “құт” қоймасы бар.. Соңғы он жылдықта халықаралық гендерлік саясат қалыптасты, әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік бойынша халықаралық стандарттар жасалды, өкілеттік халықаралық форумдар өткізілді. Ең маңызды құжаттың бірі - Қазақстан 1998 ж. енген әйелге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы. Феминизм - әйелдерді қатал әлеуметтік құрылыстан сөзсіз азат етуді насихаттайтын және әйелдің қоғамдағы мәртебесін биологиялық факторға байланыссыз әлеуметтік оқиғалардың нәтижесі ретінде қарастыратын ағым. Әйелдердің өмірдің барлық саласында еркектермен тең құқықта болу үшін қозғалысы. Андрогония екі түбірден тұратын грек сөзі: андро – “еркек” дегенді білдірсе, гин – “әйел” дегенді білдіреді. Гректер андрогония сөзімен бір организмде гермофродит әйел мен еркек белгілерінің болуын түсіндіреді. Қазіргі кезде андрогония сөзі, негізінен Сандра Бемнің жұмысында физиологиялық және анатомиялық сипаттардан гөрі, психоәлеуметтік жағын көрсетуде қолданылады. Ол екі индивидте маскулиндік және феминдік мінездің болуын білдіреді. Сандра Бем екі жыныстың андрогиндік индивидтері оларға күш түсіргенде “маскулиндік” тәуелсіздікті және сонымен қатар, “феминдік” қамқорлықты паш етеді. Андрогиниядан айырмашылығы, бір жыныстың түріне жататын индивидтерде қарама-қайшы типке тән сапалары толық емес болды. Андрогинді индивидтер нақты жағдайға байланысты, қандай да бір реакцияға сәйкес феминистік те, маскулиндік те сапамен көріне алады. Бұл нәтижелер, андрогиния адамға көбінесе әрекет бостандығын беретінін айтады. Зерттеуші Е.П. Ильин қыздар мен ұлдардың, әйелдер мен ерлер рөлдерін қабылдауды түсінуі ретінде жыныстық идентификацияны талдай отырып, бұл үрдісті психологиялық жыныстың қалыптасуымен теңестіреді. Кейінгі кездерде ғалымдар адамның жынысынан, яғни биологиялық жынысынан гөрі жыныс иесінің әлеуметтік қызметін сөз етуге бет алды. Бұл ретте белгілі бір мәдениет аясында ер адаммен әйелге тән(еркектік, әйелдік) қалыптасқан тілде көрініс беретін мінез-құлық (стереотип) ерекшеліктерін біліп,түюдің мәні зор.

5. Гендерлік теңдік пен құқықтылық мәселелеріГЕНДЕР – ер және әйел адамдардың әлеуметтік және мәдени қағидалары мен қоғамдағы ролдерінің жиынтығы, араларындағы әлеуметтік қатынастар. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс деген мағынаны береді (әйел, ер). ГЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР – ер және әйелдер арасында биліктің тең емес таралуымен ерекшеленетін қатынас түрі. ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – қоғамның барлық сферасында ер және әйелдер арасындағы теңдікке жетуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекет. ГЕНДЕРЛІК ТЕПЕ-ТЕҢДІК – әйелдер мен еркектерге қатысты тең қарым-қатынас пен құқықтылық принциптері, яғни барлық адамдар өз мүмкіндіктерін дамыту үшін бостандыққа және таңдау мүмкіндігіне ие. Бұл саясат ер және әйел адамдардың көзқарастарын, қажеттіліктерін тең түрде бағалауды, қолдауды көздейді. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢҚҰҚЫҚТЫЛЫҚ – заң алдында әйел және ер адамдардың тең құқықтылығы, бұл өз кезегінде гендерлік тепе-теңдікке жетудің бір жолы болып табылады.Жыныстар арасындағы теңдік олар барлық жағынан бірдей болу керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел заты мен ер-азаматтардың бірдей құқығы мен мүмкіндігі идеясын қолдау қиын. Теңдік дегеніміз – қандай да болмасын бір жы­ныстың мүддесіне заң мен талаптарды бейімдеу емес, еркек пен әйелдің өзіне тән табиғи айырмашылығын ескеру.Әйелдер мен ерлердің теңдік мәселесі – өте күрделі, таусылмас талас тақырыбы. Көбінесе, гендерлік теңдік деп басталған әңгіме феминизммен ұштасып кететіні бар...


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 392 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гендерлік білім берудің негізгі категориялары.| Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)