Читайте также:
|
|
Қазіргі кездегі мемлекетімізде болып жатқан қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай гендерлік тәрбие беру мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. СондықтанҚазақстанда 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері бойынша кеңес ашылған. 1998 жылы ол ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер мәселесін қарайтын ұлттық комиссия болып қайта құрылды, соған сәйкес кеңестің қызмет аясы кеңейіп, өкілеттілігі артты. Қазіргі таңда бұл ұйым Президент жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп аталады. Ұлттық комиссия Пекин платформасының талаптарын ескере отырып, алғаш рет ҚР әйелдер жағдайын жақсартуға арналған ұлттық бағдарлама дайындады. Ол Үкімет қаулысымен бекітіліп, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Ұлттық бағдарламаның басты негіздерінің бірі (жоспар) әйелдердің саяси өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ІҮ әйелдер форумында жоспарлаған тапсырмасына байланысты, 2005 жылдың 29 қарашасында бекітілді. Қазақстан Республикасы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат болып саналады. Стратегия үлкен әрі маңызды 9 бөлімнен тұрады. Қабылданған стратегияның басты мақсаты елімізде әйелдер мен еркектердің өмірдің барлық саласында тең дәрежелі болуына бағытталған. Үкімет басқару органдарындағы әйелдер санын 30 пайызға көбейту, соған сәйкес саясаткер-әйелдерді дайындау, қабылданатын құқықтық заңнамаларға гендерлік сараптамалар жасау, балалар мен жастарға, жалпы Қазақстан халқына гендерлік мәселелер туралы ағартушылық жұмыстар жүргізуіне мән берілген. Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек,әйел) дегенді білдіреді. Ген - тұқым, генетика - тұқымның өнуі мен ағзаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Ал гендерлік дегеніміз заңды табиғи оң үрдісті қалай болғанда да өзінің көздеген саясатына жығатын кесерлі ұйым. Ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ,олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Жыныс ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық сипаттағы айырмашылықты білдірсе, гендер олардың арасындағы әлеуметтік ерекшеліктерді қарастырады. Гендер – адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Гендердің құрылымы төрт жақты: биологиялық жынысымен, гендерлік стереотипімен, гендерлік нормамен және гендерлік ұқсастығымен толықтырылады. Ер мен әйелдің физиологиялық ерекшеліктері, тән-тұрпатының әр түрлілігі, т.б. биологиялық сипаттамасы болып табылады. Гендер әлеуметтік жағынан қиюласқан, яғни, тұлғаның әлеуметтік қасиетін анықтайды. Гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуы, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіншіліктерін туғызу − жаңа демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын көрінісі. Осыған орай гендерлік сана мен гендерлік қатынастардың жаңа үлгісін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 352 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Система терминов родства | | | ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ |