Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жыныстық және гендерлік тәрбие. Түсінігнің мәні және диференциациясы.

Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар | ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ | Гендерлік білім берудің негізгі категориялары. | Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері. | Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні. | Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз. | Сіздің ойыңызша, ерлер мен әйелдерің рөлін өзара алмастыруға болады ма? Жауабыңызды дәйектеңіз. | Оқушыларға гендерлік білім беру бағдарламасын құрастырыңыз. | Сурак Оқытушыларға гендерлік таптаурындарды жою бойынша Өз ұсыныстарыңызды құрастырыңыз. | Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз. |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. Web-hosting мәнін ашыңыз.
  7. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?

Жыныстық тәрбие - балалардың жыныстық сана-сезімі мен тәртібін қалыптастыруға жүйелі, саналы жоспарланып жүзеге асырылатын ықпал, оларды отбасылық өмірге дайындау.Жыныстық тәрбие - өнегелі, физикалық, эстетикалық көз-қарастары тұрғысынан жастарды жыныстық дамуының дұрыс бағдары.

Қазіргі таңда жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделеді.Жыныс тәрбиесі бағдарламаға сай мыналарды орындай жүргізіледі: жыныс бейіл өмір бойына, әрі дені сау адамға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады; ересектер өміріне жастарды дайындайды; отбасы құндылықтары “отбасына деген табынушылық” және халқының қатынас - өрбіту саулығының негізі екендігі туралы діттеулі ой бойларына сіңдіріледі.Жыныс тәрбиесі үрдісінде жастар қажетті білім қорын алады, дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін жетілдіреді және оларда өзін-өзі сыйлайтын мінез қалыптасады; денсаулығын бағалай білетін болады; көпшіл, икемді болуға ыңғай танытады; жыныстық бейіл - әр тұлғаның маңызды қадірі және махаббат пен жыныс бейілі тегі бір дүние емес екенін ұғатын болады; өзінің жыныстық бейіл әрекетіне жауапкершілігі артады; өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туындайтын жүз қарытар салдардан қорғау қажеттілігі туындайды. Жыныстық білім тәрбиенің және денсаулықтың негізгі тұсы өзін-өзі бағалау деңгейі болып табылады. Өнегелі жыныс тәрбиесі:

- жарқын адам дамуына жағдай жасайды;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өткізіледі;

- нақтылы ақпараттарды хабарлайды;

- “жәйден күрделіге” деген принципті жүзеге асыратын әр түрлі оқыту тәсілдерді қолданады;

- өтілген құжаттарға жүйелі түрде қайта оралып отыру;

- түрлі ұғым мен пікірлер талқыланады, пікір сайысы қолдауын табады;

- жекелей және ұжымдық ой-қызметті дамытатын дағды мен ыңғайдың жетілдірілуі ынталандырылады;

- өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау дағдысын дамытады;

- ақылға ыңғайланған мінез-құлықтың қалыптасуына жағдай жасалынады;

- алғашқы мағлұматтарды (хабардар, қажеттілік және т.б.) анықтау үшін нақтылы жағдайды зерттеу қарастырылады.

Жыныс тәрбиесі бұл өз алдына бөлек кездейсоқ әңгіме не дәріс түріндегі шара емес. Бұл жұмыс әрқашанда жас шамасына орай түр-мазмұны өзгертіліп, дәйекті, жүйелі қалыпта өтілуі керек.

Сурак.

Гендерлік зерттеу - бір мәдениет аясында жыныстық айырмашылықтары бар адамдардың, яғни әйелдер мен ерлердің мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу. Белгілі бір мәдени ортадағы құбылыстарға әйелдер мен ер кісілердің қарым-қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Гендер әлеуметтенудің, еңбек бөлінісінің және қоғамда қалыптасқан белгілі бір мәдени нормалар, рольдер, стеоротиптердің белгілі бір жүйесі арқылы қалыптасады. Қоғамда қабылданған гендерлік нормалар белгілі бір тұрғыда адамдардың биологиялық жынысына қарай психологиялық сапасын, мүмкіндіктерін, іс-әрекетін, мамандығын анықтайды. Гендер түсінігі зат немесе нәрсені емес, қатынастар мен процестердің комплексті қиылысуын көрсетеді.Гендерлік теңдік – бұл әйелдер мен еркектер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарға қоғамның тең беретін бағасы. Еркектер мен әйелдер арасындағы теңдіктің мәнін түсіну үшін ең алдымен мынадай екі құрылымның маңызы зор: жыныстың әлеуметтік құрылымы (әйелдік және еркектік) жыныстар арасындағы қарым - қатынас Гендерлік әділеттілік – бұл әйелдер мен еркектерге деген бірдей көзқарас, яғни олардың бірдей позицияны ұстауға кедергі келтіретін тарихи және әлеуметтік себептерді жоюға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыру.Сонымен қатар барлық әйелдер мен барлық еркектер бірдей емес, яғни, әлеуметтік стратификация әйелдер социумының ішінде еркектер мен әйелдер арасындағы айырмашылыққа қарағанда тереңдеу болуы мүмкін. Көптеген уақыттар бойы стратификацияны зерттеушілер жыныстық әрүрліліктің ролін дұрыс түсінбей келді. Авторлар өз еңбектерінде әйелдерді тіпті болмағандай немесе билік, байлық, атақ-даңққа бөленудегі әйелдердің ролін жоққа шығарды. Бірақ гендер стратификацияның ең жарқын мысалы болып табылады.Қазіргі гендер мен стратификацияны зерттеушілердің алдындағы басты мәселелердің бірі таптық бөлінуде гендерлік айырмашылық қалай түсіндіріледі? Гендерлік айырмашылықтың терең тарихи тамыры бар: еркектер ежелгі аңшылар мен терімшілер кезінде, яғни тапсыздық қоғамында да алдыңғы орында болды. Әйелдердің «жеке өмірін» шектелген салада көрсету орын алған, олардың үлесі – отбасы, үй және балалар. Бір жағынан еркектер көп жағдайда «қоғамдық өмірге» араласады деген түсінік бар. Олардың саласы – еңбек ету, өндіріс, саясат. Көптеген әйелдер толық емес еңбек күнін иеленеді және бала күтіміне байланысты ұзақ уақытқа еңбектен қол үзіп қалады. Сонымен қатар көптеген әйелдер күйеуіне экономикалық тәуелділікте болады да, оның таптық жағдайы күйеуінің таптық жағдайымен анықталады.

 

Сурак

Феминдік пен маскулиндіктің қатынасы, жақсы-жаман, төмен-жоғары деген ұғымы шкаладағы бағаға жатпайды. Айырмашылық қандай да бір жақтың сапалы зиянын, еркекті әйелді төмендете отырып асқақтату немесе керісінше екенін білдірмейді. Бұл айырмашылық иерархиясыз, селекциясыз, артықшылықсыз болады. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеті тұтастықтың нығаюын қамтамасыз етеді. Олардың айырмашылығы шамамен, салыстырмалы түрде, тұтастығы-шынайы. Сондықтан, бір жақтың көтерілуі (адамзат тарихында-маскулиндік) тек әйелдің немесе, еркектің жеңілумен болмайды, сонымен бірге тұтас адамзат мәніне зиян әкеледі де ғарыштық бүкіл тұтастықтың принципі бұзылады. “Бір жартысы зиян шеккенде, сөзсіз басқасы да жапа шегеді. Бір жартыны - әйелді төмендету, басқа жартыны - еркекті де қорлатпай қоймайды” (Григорьева Г.) Феминизм - әйелдерді қатал әлеуметтік құрылыстан сөзсіз азат етуді насихаттайтын және әйелдің қоғамдағы мәртебесін биологиялық факторға байланыссыз әлеуметтік оқиғалардың нәтижесі ретінде қарастыратын ағым. Әйелдердің өмірдің барлық саласында еркектермен тең құқықта болу үшін қозғалысы. Андрогония екі түбірден тұратын грек сөзі: андро – “еркек” дегенді білдірсе, гин – “әйел” дегенді білдіреді. Гректер андрогония сөзімен бір организмде гермофродит әйел мен еркек белгілерінің болуын түсіндіреді. Қазіргі кезде андрогония сөзі, негізінен Сандра Бемнің жұмысында физиологиялық және анатомиялық сипаттардан гөрі, психоәлеуметтік жағын көрсетуде қолданылады. Ол екі индивидте маскулиндік және феминдік мінездің болуын білдіреді. Сандра Бем екі жыныстың андрогиндік индивидтері оларға күш түсіргенде “маскулиндік” тәуелсіздікті және сонымен қатар, “феминдік” қамқорлықты паш етеді. Андрогиниядан айырмашылығы, бір жыныстың түріне жататын индивидтерде қарама-қайшы типке тән сапалары толық емес болды. Андрогинді индивидтер нақты жағдайға байланысты, қандай да бір реакцияға сәйкес феминистік те, маскулиндік те сапамен көріне алады. Бұл нәтижелер, андрогиния адамға көбінесе әрекет бостандығын беретінін айтады. Зерттеуші Е.П. Ильин қыздар мен ұлдардың, әйелдер мен ерлер рөлдерін қабылдауды түсінуі ретінде жыныстық идентификацияны талдай отырып, бұл үрдісті психологиялық жыныстың қалыптасуымен теңестіреді.

13 сурак

Феминизм - әйелдерді қатал әлеуметтік құрылыстан сөзсіз азат етуді насихаттайтын және әйелдің қоғамдағы мәртебесін биологиялық факторға байланыссыз әлеуметтік оқиғалардың нәтижесі ретінде қарастыратын ағым. Әйелдердің өмірдің барлық саласында еркектермен тең құқықта болу үшін қозғалысы.«Қазіргі заманғы философиялық сөздікте» феминизм екі деңгейде анықтауды талап ететін ұғым ретінде түсіндіреді, өйткені бір жағынан үлкен қоғамдық қозғалыс болса, ал басқа жағынан бұл әйелдердің қоғамдағы жағдайын талдайтын әлеуметтік – философиялық, әлеуметтік, психологиялық культурологиялық теориялардың кешені. ФЕМИНИЗМ (лат. femіna – әйел; ағылш. femіnіsm; франц. femіnіsmе) – әйелдердің еркектермен құқықтағы теңдігі жолындағы қоғамдық қозғалыс. 18 ғасырда дүниеге келген. Әйелдердің тең құқығы талабы алғаш рет Солтүтік Америкада болған 1775 – 1783 жылы тәуелсіздік жолындағы соғыс кезеңінде көтерілді. Қле-шала Франциядағы революция кезінде әйелдер қозғалысы әрі қарай жанданды. Феминист әйелдердің 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырда негізгі талаптары әйелдерге еңбек ету, білім алу, түрлі кәсіптерді игеру, тек еркектер ғана пайдаланатын саяси құқықтарға қол жеткізу болды. 19 ғасырдың аяғында Еуропа мен Солтүстік Американың барлық елдерінде феминист әйелдердің ұйымдары пайда болды. 1888 жылы Халықаралық әйелдер кеңесі, 1904 жылы Әйелдердің сайлау құқығы жолындағы халықар. одақ құрылды. Халықаралық және ұлттық феминистік ұйымдардың ықпалымен БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері әйелдердің жағдайына қатысты түрлі мәселелер бойынша бірқатар қарарлар, ұсыныс-кеңестер, конвенциялар қабылдады. Атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1967 жылы қарашада Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою туралы декларация қа-былдады. Қазіргі Қазақстан жағдайында әйелдер өздерінің мүдделерін мәлімдеуге ұмтылыс білдіріп, қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуда. Феминизм - кең мағынада қоғамның барлық салаларында әйелдердің ерлермен теңесуге талпынуы; тар мағынада, XVIII ғасырда пайда болып, әйелдерді кемсітушілікті жою және олардың құқын ерлермен теңдестіруді көздеген әйелдер қозғалысы. Қазіргі феминистік теорияларда екі негізгі қақтығысушы идеологиялық көзқарас қалыптасқан: гендерлік езгінің гомогендік және гетерогендік үлгілері. Гомогенді үлгі әйелдердің жалпы белгілерін сипаттайды, ал, гетерогендік әйелдердің айырмашылықтарына тоқталады. Мульти мәдени және ғаламдық феминистік теориялар шеңберіндегі гетерогендік үлгінің әйел үшін езгіде болудың, күйзелістің не екенін сыни түсінуде маңызы бар. Гомогенді үлгінің жақтастары егер феминисттер түбегейлі саяси реформалар жасауға талпынса, әйелдерге қатысты барлық мәселелерде ортақтасулары керек деп есептейді. Американдық феминизмнің алғашқы толқынында (1848-1920) суфражисткалардың басым көпшілігі "әйелді" біртүтас категория ретінде қарастыру дұрыс деп санайды, өйткені әйелдер ерлердің кез келген түрінен анағүрлым ерекшеленеді, бір-біріне сондай ұқсас, қайғы-мұңы ортақ, сондықтан да олардың бір тобы барлығының атынан сөйлей алады дейді. Кейбір феминистқалардың пікірінше (Анджела Дэвис), XX ғ. алғашқы жартысында жүргізілген ген-дерлік алалауды жою тек орта татпағы ақ нәсілдердің мүддесін қорғады. Гомогендік және гетерогендік үлгілер феминистік философияға және қозғалысқа маңызды үлес қосты. Гомогендік үлгінің мықты тұстары мынада: саяси ынтымақтастыққа шақыру; эталитарлық тәсіл. Бірақ, гомогенді үлгінің әлсіз тұстары да баршылық, атап айтсақ, әлсіз топтардың есебінен үстемдік құрушы топтардың өз басымдықтарын жан-жақтыландыруға талпыну мүмкіншілігі.Бастау көзі XVIII ғасырдағы Англияда жаткан әлеуметтік қозғалыс. Осы себепті де гомогенді үлгінің әлсіздігін ескере отырып, кейбір феминистқалар гетерогендік тәсіл ұстанады.

 

14.сурак Қазақстанда 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері бойынша кеңес ашылған. 1998 жылы ол ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер мәселесін қарайтын ұлттық комиссия болып қайта құрылды, соған сәйкес кеңестің қызмет аясы кеңейіп, өкілеттілігі артты. Қазіргі таңда бұл ұйым Президент жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп аталады. Ұлттық комиссия Пекин платформасының талаптарын ескере отырып, алғаш рет ҚР әйелдер жағдайын жақсартуға арналған ұлттық бағдарлама дайындады. Ол Үкімет қаулысымен бекітіліп, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Ұлттық бағдарламаның басты негіздерінің бірі (жоспар) әйелдердің саяси өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ІҮ әйелдер форумында жоспарлаған тапсырмасына байланысты, 2005 жылдың 29 қарашасында бекітілді. Қазақстан Республикасы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат болып саналадыЕң алғаш гендер теориясы осыдан отыз жылдан астам бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты ережелерінің бірі – гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс – адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы айырмашылықты және ортаның адамдардың биологиялық жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдардан туған қылықтар мен эмоциональдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді.Гендер – адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Гендердің құрылымы төрт жақты: биологиялық жынысымен, гендерлік стереотипімен, гендерлік нормамен және гендерлік ұқсастығымен толықтырылады. Ер мен әйелдің физиологиялық ерекшеліктері, тән-тұрпатының әр түрлілігі, т.б. биологиялық сипаттамасы болып табылады. Гендер әлеуметтік жағынан қиюласқан, яғни, тұлғаның әлеуметтік қасиетін анықтайды. Гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуы, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіншіліктерін туғызу − жаңа демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын көрінісі. Осыған орай гендерлік сана мен гендерлік қатынастардың жаңа үлгісін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Зерттеушілердің және оқытушы-тәжірбиелердің көзіне, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектептегі кіші жастағылар ерекше көзқарасын тартады. Бұл уақыт мектепке дайындау мен оқытудың бастапқы кезеңне сәйкес келеді. Талабы қойылған мектептің, қаншалықты талабы қыздар мен балалар мүмкіншіліктеріне тепе-тең болатыны, көбінесе мектептің жетістіктерінен ғана емес, өмірде жеке тұлға болуымен байланысты. Қазыргі заманғы педагогика, адмагершілікпен тәрбиелеу мен білім беру жолына тұрып, біздің өмірімізге зорлық-зомбылықсыз, төзімділік, жақсылық пікірлердің келуіне күреседі, осы пікірлермен бірге, жеке бас бақытының қадірі, сәтті жан-ұялық өмір, еркектік және әйелдік шынайы түсінушілігінің келуі маңызды.Балабақшадағы және мектептегі тәрбиелеу жұмысының мәні мен мақсатын анықтайтын негізгі бағдарламалық құжаттар, балалар мен қыздардың жыныс рөлі әлеуметіне қатысты кепілдемелері жоқ. Балалар мен қыздар, жыныссыздыққа ие бола, көбінесе «феминдік» қалыпты тәртібімен келешектегі әлеуметтік рөлдерді орындауға жеткіліксіз дайындықсыз өседі. Кейінгі он жылдықта, жеке көзқараспен қазіргі заманғы қажеттіліктер жеке бастың қалыптасуына, бала жынысының психологиялық өзгешелігінің есебісіз орындалмайтынына көрсетілетін ғылыми жұмыстар пайда болды. Мектепке дейінгі жастан бастап, балаларда – еркектік қасиетін, эмоциялық тұрақтылығын, жүректілігін, батылдығын, жауапкершіліктігін, батырлық қарым-қатынасын, әйел жынысты өкілдерге және қыздарда – алғашқы әйелдік қасиеттердің шығуында – аялау, нәзіктік, қарапайымдылық, шыдамдылық, жанжалдың татулықпен шешілуініне ынталануын қалыптастыру керек. Балалар мен қыздардың психофизологиялық ерекшеліктерін және қазіргі заманғы ғылыми міндеттерге жауап беретін, ұйымдастыруға гендерлік көзқарас және оқытып-тәрбиелеу қызметін іске асыруын ескеру керек.Білім беруде гендерлік көзқарастың мақсаты болып: 1) жыныс мүшесіне байланысты жеке бас әулетінің даму шексіздігін алып тастау; 2) қызығушылық, бағдарлану құндылығы және жыныстарға тән жүргізудің нақты-бір әдістері, қажеттілік үрдістерінің қалыптасуына көмектесу; 3) балалардың гендерлік ерекшеліктерін ескеретін оқулық материалдарын берудің әртүрлі әдістері; 4) барынша көп өзін-өзі шындау үшін жағдайын туғызу және педагогикалық байланыстыру үрдісі барысында балалар мен қыздардың қабілеттілігін ашу.

 

Сурак

Гендерлік теория отыз жылдай бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның негізгі тұжырымдамасы – гендер мен жыныс ұғымдары арасындағы айырмашылық. Жыныс адамның биологиялық, физиологиялық құрылымына жатады. Гендер ұғымы қоғамның әйелдер мен еркектердің биологиялық жынысына байланысты таңатын әлеуметтік рөлдері арасындағы, әрекет–қылықтарындағы және эмоционалдық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендерлік айырмашылықтардың иерархиясынның негізінде маскулиндік (еркек) үстем, ал феминдік (әйел) бағынышты деп белгіленеді. Нәтижесінде әйелдер де, еркектер де гендерлік стереотиптерінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер дәстүрлі рөлдер мен мәдени нормаларды қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай қоғамдық институттарға мыналар жатады: мемлекет, отбасы, білім беру жүйесі, еңбектің қоғамдық бөліну механизмі, бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде ең өзектісі гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Осыдан барып, қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, қазіргі өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде. Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық – саяси жағдайына байланысты осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Осындай жағдайда өзіндігіңді, өзгешелігіңді сақтау үшін де, көптеген мәселелерге, соның ішінде, гендер мсәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет.

 

 

Сурак

Гендерлік сараптама - мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де актілерді ерлер мен әйелдер теңдігінің конституциялық құқығының сәйкес келуін айқындау және жыныс нышаны бойынша кемсітуді болдырмау мақсатында оларды қоғамдыќ-құқықтық тұрғыдан талдау. Сараптама — ғылым, техника, өнер, т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі

 

Сурак

Гендер теориясы бірнеше негізгі ұстанымдардан тұрады. Тұтастық ұстанымы.Бұл - феминизм мен әйел мәселесі және әйел жағдайына байланысты ғана емес, әйел мен еркек құқығын тең дәрежеде қарайтын жаңа радикалды көзқарас туралы ұстаным. Гендер қарама-қарсы жынысқа деген екі өрістің және сексуалдық бағытының болу қажеттігін ұсынады.Сонымен бірге, тұтастық ұстанымы әйелдің мәні мен еркектің мәні деген мәселені бөле-жарып қарастырудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Әңгіме адам мәні туралы болуы керек, ал әйел және еркек бір-бірін толықтырып және бір-бірімен тығыз байланысып, осы мәнді құрайды. Мұның алғышарты ретінде шығыстың дәстүрлі дүниетанымына тән ғарыштық бірлікті алуға болады. Дүние негізінде қарама-қайшы бастаманың өзара әрекетімен жүзеге асатын біртұтас субстанция жатыр. Біртұтастылық дербес қарама-қайшылықтарды “құрастырудың” нәтижесінде пайда болмайды. Біртұтастылық алғашқы болып есептеледі, ал қарама-қайшылықтар содан шығып, соған қайтып оралады: бұл жерде біртұтастылықтың айырмашылығы туралы айту керек.Феминдік пен маскулиндіктің қатынасы, жақсы-жаман, төмен-жоғары деген ұғымы шкаладағы бағаға жатпайды. Айырмашылық қандай да бір жақтың сапалы зиянын, еркекті әйелді төмендете отырып асқақтату немесе керісінше екенін білдірмейді. Бұл айырмашылық иерархиясыз, селекциясыз, артықшылықсыз болады. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеті тұтастықтың нығаюын қамтамасыз етеді. Олардың айырмашылығы шамамен, салыстырмалы түрде, тұтастығы-шынайы. Сондықтан, бір жақтың көтерілуі (адамзат тарихында-маскулиндік) тек әйелдің немесе, еркектің жеңілумен болмайды, сонымен бірге тұтас адамзат мәніне зиян әкеледі де ғарыштық бүкіл тұтастықтың принципі бұзылады. “Бір жартысы зиян шеккенде, сөзсіз басқасы да жапа шегеді. Бір жартыны - әйелді төмендету, басқа жартыны - еркекті де қорлатпай қоймайды” (Григорьева Г.)Келесі маңызды ұстаным. - конструктивизм ұстанымы. Әйел мен еркектің айырмашылығы басқа жағдайлар сияқты, адам мен оның тарихына қатысты таза биологиялық мәні болмайды. Биология – тек қана алғы шарт, бірақ ол жыныстың әлеуметтік, мәдени-тарихи конструкциясында жүзеге асады. Мәдени дәстүр ұстанымы. Бұл ұстаным феминдік пен маскулиндік нақты тарихи қатынастың бар екенін дәлелдейді. Түркі дүниетанымы үшін әйел-еркек ара қатынасы түсінігі символдық мәнге ие. Түркі мәдениетін қазіргі зерттеушілер біртұтас мәтін түрінде көрсетеді, оны оқитын семантикалық кілті күрделі мәдени-идеологиялық кешен “құт”- жан, өмір, ұрықтандыратын күш, байлық, бақыт, жетістік деген мағынаны білдіреді. Мәдениеттің барлық феномендері - үй, киім, азық-түлік, адамдардың өзара қатынасы жай мағынада емес, “құтқа” қатыстырып анықталатын символикалық мәнде де болады.

Сурак

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2001-2012 жж:

1. Гендерлік білім - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу жобасы (2003-2005жж.)

2. Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу жобасы (2003-2005жж.)

3. Білім беру жүйесінің феминизациялау проблемаларының шешу жолдары - ЮНЕСКО (2003-2004 жж.)

4. Қазақстандағы гендерлік білім беру бағдарламасы - ЮНИСЕФ (2001-2004 жж.)

5. Жоғары және орта мектептеріндегі гендерлік білім беру негіздері – Сорос-Қазақстан қоры (2001-2003 жж.)

6. «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі гендерлік тәсіл» - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу жобасы (2009-2011 жж.)

7. «Отбасын гендерлік әлеуметтендіру» атты ғылыми жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жас ғалымдар арасында жарияланған грантын жеңіп алды (2012-2013).Мектеп жасына дейінгі білім беруде барлық оқу бағдарламаларында гендерлік тәсілдер ұстанымы қарастырылуы керек. Мектеп жасына дейін білім берудегі қолданылатын әдістемелік әдебиеттер осы кезге дейін гендерлік ерекшеліктерді, қыз бала мен ер баланың ортаны қабылдау ерекшеліктерін, гендерлік психология сипаттамасын, яғни гендерлік сезімталдық ұстанымын есепке алмай құрастырылуда. Мектеп жасына дейінгі мекемелер үшін әдістемелік және дидактикалық басылымдарда гендерлік сараптама жасау олардағы патриархаттық гендерлік таптаурындарды анықтау үшін жүргізіледі. Қыз бала мен ұл балалардың бойында адамзат өкіліне қатысты екендігін және жыныс қасиеттеріне байланысты өздерінің ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту қажет. Осы аталған жағдай мектеп жасына дейінгі балалардың гендерлік санасын дамыту мен гендерлік тендікке қол жеткізудің алғы шарты болуыМектепке дейінгі жастан бастап, балаларда – еркектік қасиетін, эмоциялық тұрақтылығын, жүректілігін, батылдығын, жауапкершіліктігін, батырлық қарым-қатынасын, әйел жынысты өкілдерге және қыздарда – алғашқы әйелдік қасиеттердің шығуында – аялау, нәзіктік, қарапайымдылық, шыдамдылық, жанжалдың татулықпен шешілуініне ынталануын қалыптастыру керек. Балалар мен қыздардың психофизологиялық ерекшеліктерін және қазіргі заманғы ғылыми міндеттерге жауап беретін, ұйымдастыруға гендерлік көзқарас және оқытып-тәрбиелеу қызметін іске асыруын ескеру керек.Білім беруде гендерлік көзқарастың мақсаты болып: 1) жыныс мүшесіне байланысты жеке бас әулетінің даму шексіздігін алып тастау; 2) қызығушылық, бағдарлану құндылығы және жыныстарға тән жүргізудің нақты-бір әдістері, қажеттілік үрдістерінің қалыптасуына көмектесу; 3) балалардың гендерлік ерекшеліктерін ескеретін оқулық материалдарын берудің әртүрлі әдістері; 4) барынша көп өзін-өзі шындау үшін жағдайын туғызу және педагогикалық байланыстыру үрдісі барысында балалар мен қыздардың қабілеттілігін ашу.«Гендер» атау сөзі, сол өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарында, қоғамның маскулиндік және феминдік, әртүрлі гендерліктің сұрақтармен айналыса бастаған шетел әріптестерінде, ресейлік зерттеушілерімен байланысты болды. Ғылыми тұрғыға бұл атауды америкалық оқытушы Дж.Скотт енгізді. Гендерлік сөзінің мағынасында, әйел мен еркектің арасындағы өзіне психологиялық, әлеуметтік және мәдениеттік ерекшеліктерін енгізетін және жеке бас әлеуметі үрдісінде қалыптасқан, адам баласының әлеуметтік жынысы түсіндіріледі. «Гендер» және «Жыныс рөлі» атау сөздері талқылама сөздіктерде синонимдік түсініктеме ретінде қол Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу үрдісіне мыналар қосылды: пәндік-дамитын орта ұйымы, көркемдік-рөлді ойындарды және баланың ой-өрісінің өсіп дамуы мақсатында ертегілерді пайдалану. Балалар мен қыздар үшін арнайы ұйымдастырылған пәндік-дамитын орта, балаға қызметте жыныс рөлді тәртіп әдісін бекітуге және өзектеуге мүмкіндік береді. данылады.

 

19 сурак Гендер - [gender] - жыныстың әлеуметтік және мәдени аспектілері. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда "жыныс" (sex) және "гендер" (gender) ұғымдарының ара-жігін ажыратып қарастырады. Дәстүрлі түрде олардың алғашқысы адамдардың биологиялық жынысын анықтау үшін, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін қолданылды. XX ғасырдың 60-шы жылдарына дейін адамдардың жыныстық айырмашылықтары олардың психикалық сипатының, темпераментінің, ерекшеліктерінің, ақыр соңында әлеуметтік рөлдері мен экономикалық дәрежесін, тіпті, азаматтық және саяси құқықтарын анықтайтын жіктеме ретінде қарастырылып келді (З.Фрейдтің пікірінше, "анатомия - тағдыр"). Бірқатар интеллектуалдық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен (адам құқы философиясының дамуы, құрылымды антропология тұрғысынан этнографиялық зерттеулердің мәліметтерін қайта қарау, феминистік теориялардың қалыптасуы) әйелдер мен ерлердің психологиялық және әлеуметтік сипатының қалыптасуына биологиялық айырмашылықтардың қатысы шамалы екендігі анықталды. Алғаш рет "гендер" ұғымын ғылыми айналымға 1968 жылы американдық психолог Роберт Столлер енгізді. Өзінің транссексуалдарды зерттеу жеке тәжірибесінің негізінде адамның психологиялық тұрғыдағы жыныстық бірегейлігін өзгертуден, оның жынысын хирургиялық жолмен өзгерту оңайырақ деген қорытындыға келген. Столлер жыныстың әлеуметтік және мәдени белгілерін атау үшін бұған дейін биологиялық жыныспен еш қатысы жоқ, тек грамматикалық мағынада қолданылып келген "gender" ұғымын қолдануды ұсынған. Ғалымдардың ішінде алғашқы болып, қоғамдағы әйел және еркек рөлдерін анықтауда едәуір ерекшеліктерді анықтаған антрополог-структуралистер жыныс және гендер ұғымдарымен жіктеу идеясын қолдады. Бүгінгі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда қалыптасқан гендердің негізгі теорияларына гендерді жіктеу белгісі әрі оны мәдени символ ретінде түсіндіру, әлеуметтік құрылымдау теориясы жатады. Гендерді әлеуметтік құрылымдау теориясы екі сипаттауды керек етпейтін жорамалдарға негізделген: 1) гендер Әлеуметтендіру, еңбек бөлінісі, гендерлік рөлдер жүйесі, отбасы, бұқара лық ақпарат құралдары арқылы құралады; 2) гендер - жеке тұлғалардың әзімен де саналық деңгейде (яғни, гендерлік бірегейлік), қоғам ұсынатын ережелер, рөлдерді қабылдау, олардың ығына жығылудан (киім киюде, сырт келбеті, мінез-құлқына) құрылады. Бүл теория гендерлік бірегейлік, гендерлік идеология, гендерлік жіктеу және гендерлік рөл ұғымдарын жиі қолданады. Гендерлік бірегейлік адамның өз мәдениетіне сай әйелдік және еркектік белгілерді қабылдауын білдіреді. Гендерлік идеология - гендерлік айырмашылықтар мен ген-дерлік жіктеуің әлеуметтік тұрғыда анықталатын идеялар жүйесі, соның ішінде "табиғи" айырмашылықтармен қатар, қайшылықты ұстанымдар да бар. Гендерлік жіктеу әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер әлеуметтік сипат алып, әлеуметтік жіктеу құралы ретінде қолданылатын процесс ретінде анықталады. Гендерлік рөл белгіленген әлеуметтік ұйғарымдарды орындау ретінде түсініледі, яғни жынысқа сай әрекет жасау. Гендер әйелдер мен ерлердің қоғамдағы, оның институттарындағы (отбасы, саяси құрылым, экономика, мәдениет, білім және т.б.) орнын анықтайтын әлеуметтік үлгі ретінде қоғаммен құрылады.Гендерлік жүйелер әртүрлі қоғамдарда әртүрлі ерекшеленеді, алайда әр қоғамда олар мынадай жолдармен сәйкестендіріледі: барлық еркектер "ерге тән" қасиеттері (мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, кәсібі, т.б.) аса маңызды, бірінші орында, басым келеді, ал, әйелдер "әйелге тән" нәрселер әлеуметтік тұрғыдан алғанда аса маңызды емес, екінші деңгейлі, бағыныңқы сипатта анықталады. Гендерді құрудың мәні полярлылық және қарама-қарсылық. Белгілі бір уақыттан бері әлеуметтік ұйғарымдар екі негізгі түрден тұратын барлық дерлік қоғамда бір биологиялық жынысқа екінші рөлді таңады. Оның қандай әлеуметтік рөл екендігі аса маңызды емес: әртүрлі қоғамдарда әркелкі болуы мүмкін, бірақ әйелдерге таңатынның барлығы да екінші дәрежелі сипат алады. Уақыт өте келе әлеуметтік ережелер өзгеруде, алайда, гендерлік теңсіздік сол күйінде қалуда. Осылайша, гендерлік жүйе жыныс теңсіздігінен құрылған әлеуметтік жүйе деп айтуға болады. Гендер әйел мен ердің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы(отбасы, саясат, мәдениет, білім беру т.б.) орнымен рөлін анықтайды. Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибе мен стратегияларды зерттеу негізінде гендер ұғымы жеке даралықтан әлеуметтік­мәдени және саяси категорияға айналды. Қазақстанның халықаралық тәжірибеге қосқан үлесі Гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Гендерлік теңдікті дамыту стратегиясы негізінде гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі жасалд0 сурак

Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің гендерлік аспектілері

• Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру стратегиясы Еуропа аумағындағы жоғары білім беруге, жоғары білім беру бойынша Бүкіләлімдік конференицялар мен декларацияларын жататын квалификацияларды мойындау туралы Лиссабон Конвенциясының ұстанымдары мен критерийлеріне, Болондағы Еуропа елдеріндегі білім беру министерлері Кеңесінің, Еуроазиялық Экономикалық Қауымдастықтың Интеграциялық комитеті жанындағы білім беру туралы құжаттарды, ғылыми дрежелер мен атақтарды өзара мойындау және эквиваленттеу бойынша Кеңестің нұсқауларына сәйкес, әлемдік білім беру кеңістігіне ену бағдарланған. Гендерлiк білім беру қоғам өмiрiнiң барлық деңгейлерiнде және барлық салаларында гендерлік теңдік саясатын жүргiзуге ықпал етедi.

• Гендерлік білім беруді дамыту елде жасалып жатқан ҚР гендерлік саясатының негізі болып табылады. Гендерлік проблематиканы жоғары мектеп жүйесіне ендіру ғылыми зерттеу салаларын кеңітіп қана қоймай, қалыптасқан гендерлік стереотиптерді жеңіп, жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға жаңа әлеуметтік, мәдени және дүниетанымдық ұстанымдардың қалыптасуына ықпал етеді.

. Гендерлік білім беруді енгізудің бірінші тәжирбесі келесі басымдықтарды анықтайды:

• әлеуметтік дүниетанымды кеңейту, әлеуметтік ойдың әлемдік дамуын ескере отырып, студент тұлғасының рухани-адамгершілік дамуы үшін жағдайлар жасау;

• Әлемдік білім беру стандарттарына бағдарлана отырып, академиялық бағдарламалардың деңгейін жоғарылату;

• Халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысу;

• Жоғары мектептің ҚР гендерлік тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысу

 

21 сурак.

Гендер теориясы бірнеше негізгі ұстанымдардан тұрады.
Тұтастық ұстанымы.Бұл - феминизм мен әйел мәселесі және әйел жағдайына байланысты ғана емес, әйел мен еркек құқығын тең дәрежеде қарайтын жаңа радикалды көзқарас туралы ұстаным. Гендер қарама-қарсы жынысқа деген екі өрістің және сексуалдық бағытының болу қажеттігін ұсынады.
Сонымен бірге, тұтастық ұстанымы әйелдің мәні мен еркектің мәні деген мәселені бөле-жарып қарастырудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Әңгіме адам мәні туралы болуы керек, ал әйел және еркек бір-бірін толықтырып және бір-бірімен тығыз байланысып, осы мәнді құрайды. Мұның алғышарты ретінде шығыстың дәстүрлі дүниетанымына тән ғарыштық бірлікті алуға болады. Дүние негізінде қарама-қайшы бастаманың өзара әрекетімен жүзеге асатын біртұтас субстанция жатыр. Біртұтастылық дербес қарама-қайшылықтарды “құрастырудың” нәтижесінде пайда болмайды. Біртұтастылық алғашқы болып есептеледі, ал қарама-қайшылықтар содан шығып, соған қайтып оралады: бұл жерде біртұтастылықтың айырмашылығы турал айту керек.
Келесі маңызды ұстаным. - конструктивизм ұстанымы. Әйел мен еркектің айырмашылығы басқа жағдайлар сияқты, адам мен оның тарихына қатысты таза биологиялық мәні болмайды. Биология – тек қана алғы шарт, бірақ ол жыныстың әлеуметтік, мәдени-тарихи конструкциясында жүзеге асады.
Мәдени дәстүр ұстанымы. Бұл ұстаным феминдік пен маскулиндік нақты тарихи қатынастың бар екенін дәлелдейді. Түркі дүниетанымы үшін әйел-еркек ара қатынасы түсінігі символдық мәнге ие. Түркі мәдениетін қазіргі зерттеушілер біртұтас мәтін түрінде көрсетеді, оны оқитын семантикалық кілті күрделі мәдени-идеологиялық кешен “құт”- жан, өмір, ұрықтандыратын күш, байлық, бақыт, жетістік деген мағынаны білдіреді. Мәдениеттің барлық феномендері - үй, киім, азық-түлік, адамдардың өзара қатынасы жай мағынада емес, “құтқа” қатыстырып анықталатын символикалық мәнде де болады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 657 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тек, жыныс» және «гендер» түсінігінің дифференциациясы және мәні. Тек әлеуметтік және биологиялық катеория ретінде.| Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)