Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурак Оқытушыларға гендерлік таптаурындарды жою бойынша Өз ұсыныстарыңызды құрастырыңыз.

Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар | ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ | Гендерлік білім берудің негізгі категориялары. | Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері. | Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні. | Тек, жыныс» және «гендер» түсінігінің дифференциациясы және мәні. Тек әлеуметтік және биологиялық катеория ретінде. | Жыныстық және гендерлік тәрбие. Түсінігнің мәні және диференциациясы. | Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер | Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз. | Сіздің ойыңызша, ерлер мен әйелдерің рөлін өзара алмастыруға болады ма? Жауабыңызды дәйектеңіз. |


Читайте также:
  1. A] Мұра орналасқан елдің құқығы бойынша
  2. Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз.
  3. Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу
  4. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  5. Баға бойынша ақпараттар
  6. Вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша
  7. Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері.

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекет тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.Сонымен, гендер дегенміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті. Съезде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ер мен елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай қатар көтере білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды. Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдар арасындағы әйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш 10 пайыз көлемінде ғана болған. Стратегия ─ мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Гендерлік теңдік стратегиясы 2006 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді, 9 бөлімнен тұрады.Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

54 «Ерлер мен әйелдер- екі қарама-қайшылықты емес. Бұл тек екі түрлі жыныс, бірақ бір тек - адамдар» тақырыбына мини-эссе жазыңыз. Осыны падаланып оз оиынды жаз!)) Еркек пен әйел табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» деген. Әйел мен еркек минус пен плюс заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Ендеше, әйел еркектен жоғары яки төмен деу, жалпы алғанда, дұрыс айтылған сөз емес. Әрқайсысының қоғамда өзіндік қызметі бар. Әрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады.

Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің:

Әйел көктен түскен жоқ,

Ол - еркектің баласы.

Еркек жерден шыққан жоқ,

Әйел - оның анасы, - дегеніндей, екі жыныс өкілінің де қоғамда өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен асып түскен әйел, кей тұстарда одан төмен тұрады. Мысалы, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық - тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Ер кісі сәбиге әйел секілді түн ұйқысын төрт бөліп қарай алмайды. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Балабақшалардағы тәрбиешілікке көбіне-көп әйелдердің алынуы - осының айғағы. Міне, әйелдер өз табиғатындағы осындай қасиеттерімен еркектен жоғары болмақ.Ал, еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Міне, сондықтан жауға қарсы шауып, ел қорғау секілді басқа да ауыр жұмыстарды ер кісілер атқарады. Дер кезінде шешім қабылдау жағынан да еркектер әйелдерден анағұрлым алда. Бұған мысал ретінде әйелдер көлік айдап келе жатып, кенеттен бір жағдайға тап болса, көбінесе рулді жіберіп, бетін басады екен. Ал еркектер болса, салқынқандылықпен сол жағдайдан шығудың амалына көшеді. Сондықтан да болар «әйелдер теңдігі» деп аттан салып жатқан батыстықтарда ғасырға жуық уақыт өтсе де әлі күнге дейін ұшақ айдайтын әйел заты жоқтың қасы. Неге? Өйткені, ұшқыштық - дер кезінде шешім қабылдауды, ерлікті қажет ететін аса қиын іс. Сондықтан, әйелдер ұшқыш емес, көбінесе жолсеріктікті таңдайды. Әлем басшыларына қарасақ та, көбінесе еркектер көзге түседі. Міне, осының өзі табиғи көрсеткіш. Мұндай істерді әйел адам мүлде істей алмайды деуден де аулақпыз. Кейбір еркектерді он орап алатын әйелдер де кездеседі. Біз тек жалпы жағдайды тілге тиек етіп отырмыз.Әйелдерден еркек жасағысы келетіндер мынаны ескерсе екен. Әйелдердің табиғаты тым нәзік, сезімтал. Осыған сай оның өзіндік міндеті бар. Әйелдер сырттан гөрі ішкі шаруаларға бейім. Егер әйел баласы өз міндетіне салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам өмірінде кейбір келеңсіз жайттардың бой көтерері даусыз. Мысалы, саясатпен айналысатын әйелдің отбасында бала тәрбиесі ақсап, күйеуімен арада салқындық пайда болуы мүмкін. Мансап (карьера) қуған әйел көбіне бала туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жарты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Әйел теңдігін» желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, демографтардың пікіріне құлақ түрсек, келешекте батыстықтардың ұрпақсыз қалатын түрі бар. Сондықтан болар, батыста «бала мәселесі» Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда. Иә, әйелдер саясаткер боламын, биліктің бір тұтқасын мен ұстаймын деп желпінгеннен гөрі биліктің тұтқасын ұстайтын мықты азамат дүниеге әкеліп, елін, халқын ойлайтын ұрпақ тәрбиелесе, биліктің тұтқасын ұстады деген сол емес пе?!Осы «Әйел теңдігі» мәселесі қайдан шықты? Батыста ХІХ ғасырдың орта шеңіне дейін әйелді адам құрлы көрмеген. Өйткені, өз діндеріндегі сенім бойынша Адам Атаға тыйым салған жемісті жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған, олардың жер бетіндегі барша күнәларына себепкер болған Хауа ана болғандықтан батыс әйелдерді лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, осы қорлыққа намыстанған әйелдер, еркектердің алдында тұқырмаудың жолын қарастырып, «феминизм», «әйел теңдігі» деген ұғымдар мен ұрандарды шығарды. Ал, бізге оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын, ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр.Иә, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, тіпті, мына ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген әйелдер де кездеседі. Ал, мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?! Өз жаратылысына сай емес істермен әуреленіп жүрген нәзік жанды әйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Сондықтан, әйелдер қоғамдағы әр түрлі іс-қызметтерде де бала тәрбиесі мен отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз болмысына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ, қажеттіліктің күн санап артқан қазіргі мына заманда әйел баласы жанұя экономикасына өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан шығу үшін түрлі жұмыстарда істеуде. Мұндай жағдайда әйелдің үйдегі жұмыстары мен бала тәрбиесіне ері көмек көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат нәрсе емес. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да қат-қабат шаруалар мен сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй шаруаларында жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір жағына шығысқан.Ал, әйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп үйде бос жатқан еркектерді пайғамбарымыз өз хадисінде қатаң сөккен.Жоғарыда әйелмен еркек минус пен плюс зарядтары тәріздес бір-бірін толықтырып, бір-біріне үйлеседі дедік. Ал екеуі де минус яки плюске айналған жағдайда араларындағы үйлесімділік жоғалып, бір-бірін кері тебе бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып жатады.

Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі рул, екі шофер болмайтыны секілді кішігірім мемлекет - отбасында да бір ғана басшы болуы тиіс. Әйтпегенде, үйдің берекесі қашады.Құранда: «Еркектер әйелдерге пана, қамқоршы, жауапкер, қорған, басқарушы» деген. Ендеше, осы жауапкершілікті арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен басқаруы тиіс. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке, мен айттым болдыға салынбай, бар мәселені өзара түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер де еріне бағынуы тиіс.Иә, әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Сендердің ең ізгілерің - әйелдеріңе жақсы мінезде болғандарың» десе, басқа бір хадисте «Артында қалған күйеуі өзінен разы болған күйде жан тапсырған әйелдің барар жері - Жұмақ» деп, ер мен әйелді өзара рухани түсіністікке, теңдікке шақырған..Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек немесе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес, иманының деңгейімен өлшенбек. Олай болса, еркек пен әйелден, оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы да сұралмай қалмақ емес.

55 Сөйлемді жалғастырыңыз «Тек қана тең құқыққа құрылған тәрбие ғана дұрыс саналы азаматтарды қалыптастыруға көмектеседі...»

Азаматтық тәрбие - азаматтықты адамға өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін тұлғалық интегративтік қасиет ретінде қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтеріне мыналар жатады: ар-намыс сезімінде, тұлғалық ішкі еркіндікте, тәртіптілікте, басқа адамдарға және мемлекеттік билікке құрмет және сенім білдіруде, өзінің міндеттерін орындау, патриоттық, ұлттық және ұлтаралық сезімдерін үйлесімді қиюластыру қабілетінде керінетін адамгершілік, құқықтық және саяси мәдениет. Азаматтық тәрбие негізгі мақсаты - адамда қоғамдық ізгі мұраттарды, отансүйгіштік сезімін бейбітшілікке ұмтылысын, қоғам игілігінееңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу

Азамат тәрбиесінің келелі мәселелерін қайта қарастыруға қоғамдағы идеологиядан бас тарту жайы ерекше әсер берді. Бұрын түрлі құбылыс, түсініктер, өзінің ішкі, сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан, бәрі бірге қосылып қарастырыла берді. Оған себеп идеология мен саясат бір болды да догматикалық көзқарастар басым орын алды. Осыған орай азаматтық көптеген қасиеттер қоғамда, көбінесе саяси сипатпен, басым белгілен нұсқауларға тәуелді талданып құрылымданды. Жаңа заман азаматтық тәрбиенің құрылымын, компоненттерін, тіпті тәрбиенің өзін де саяси коньюктурадан жеке алып қарастыруға жағдай жасады. Ерекше айта кететін жай жоғарыда айтылғандар әсіресе азаматтық тәрбие мәселелеріне өте қажетті нәрселер. Азаматты қалыптастыру мәселелері ішінде ерекше өзектісі біздің республикада азаматтық тәрбие жүйесінде жаңа стандарттарды зерттеп дайындау. Біздің республикамыздағы қазіргі азаматтық тәрбие жүйесі бүгінгі күнде ұлттық менталитеттің және әлеуметтік ортаның көпұлттылық ерекшеліктері мен өзгешеліктерін толық есепке алып байқатпайды десек артық болмас. Әрине, бұрын азаматтық тәрбиенің теориялық негіздері мен қолданбалы аспектері, сонымен қатар, оның стандарттары зерттеліп дайындалған жоқ деуге болмайды. Азаматты тәрбиелеу жүйесі өз мәнін қазіргі замандық педагогикалық жүйеден алады, бірақ кеңес Одағының бұрынғы республикасы егемендік пен тәуелсіздік алғаннан соң өздігімен дами бастады. Тіпті бүгінгі күн шындығы, ондағы өзгерістер бұл негіздерді қайта қарастыруды талап етеді. Бұл талапты тағы бір айқындаушы себеп – кеңес педагогикасындағы азаматты тәрбиелеу жүйесі басқа құндылықтарда құрылған, кей жағдайда тіпті жаңа өзгерістерге мүлдем келіспеді, өйткені Қазақстан халықтары мен қазақ халқының ерекшелік, өзгешеліктері бар. 1980-1992 жылдар аралығында Москва қаласында тәрбиенің жалпы мәселерін зерттейтін ҒЗИ аспирантурада оқып жүрген кезімде мен өзімнің диссертациялық зерттеуім бойынша жоғары сынып оқушыларының азаматтық белсенділігін қарастырып Қазақстандағы отбасы ерекшеліктерін белгіледім. Ресеймен, оның орта региондарымен және Қиыр Шығыспен салыстырғанда Қазақстандағы ата-аналар балаларының азаматтық белсенділігінің қалыптасуына жоғарырақ әсер беретіні сол кезде дәлелденді. Азаматтық белсенділікті зерттегенде біз азаматтық белсенділікті тұлғаның интегралдық қасиеті деп анықтағанбыз. Оның негізі тұлғаның адамгершілік қасиеттері, ой-санада бекіген азаматтық сенімдері. Олар барлық халық, қоғам мүддесі үшін саналы мақсатқа бағытталған белсенді әрекетте байқалады. Осыған сүйене отырып тұлға өзінің азаматтық ілкі бастаулары маңайына барлық басқа негізгі сипаттамаларды жинап қоса алады деуге әбден болады. Тәрбиенің басқа бағыттарынан азаматтық тәрбие өзінің көпқырлығымен ерекшеленеді. Тұлғаның өмір мен іс-әрекетінің бір ғана бөлігінде белгілі азаматтық қасиеттерді дамытып қалыптастыруға болмайды. Біз белгілендей азаматтық бейне, дұрысырақ айтқанда, азаматтық белсенділік тұлғаның өмірі мен іс-әрекетінің және барлық тәрбие жұмысының нәтижесі болады, яғни, азаматты тәрбиелеу тұлғаның барлық жасампаз іс-әрекетімен шектеледі

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқушыларға гендерлік білім беру бағдарламасын құрастырыңыз.| Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)