Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер

Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар | ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ | Гендерлік білім берудің негізгі категориялары. | Гендерлік білім берудің ұстанымдары мен деңгейлері. | Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні. | Тек, жыныс» және «гендер» түсінігінің дифференциациясы және мәні. Тек әлеуметтік және биологиялық катеория ретінде. | Сіздің ойыңызша, ерлер мен әйелдерің рөлін өзара алмастыруға болады ма? Жауабыңызды дәйектеңіз. | Оқушыларға гендерлік білім беру бағдарламасын құрастырыңыз. | Сурак Оқытушыларға гендерлік таптаурындарды жою бойынша Өз ұсыныстарыңызды құрастырыңыз. | Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз. |


Читайте также:
  1. XІ- ХVІ ғ.ғ. Қазақстанны” қай ө”ірінде қалалар гүлденді ?
  2. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
  3. Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері
  4. Азақ жүздерінің қалыптасуы
  5. Азақ жүздеріні” бодандыққа ант беру ісіне Ресей патшалығыны” қай елшісі /ұлты кім/ - белсенділік танытты?
  6. Азақ хандығындығыны” құрылу тарихын алғаш зерттеген ХІХ ғ. орыс тарихшысы кім ?

Қазақ халқының әлеуметтік ұйымының бастапқы ұясы патриархалды отбасынан бастау алатын ата-бабалары немесе әулеті болса, олардан құралатын ру-тайпа одан бірнеше есе үлкен болған.

Қазақ отбасында өз ұрпағын болашақ отбасылық өмірге даярлаудың басты ұстанымдары: физиологиялық ұстанымы, әлеуметтік ұстанымы, діни ұстаным, әлеуметтендіру ұстанымы, сабақтастық ұстанымы:
- некеге тұруға рұқсат берілген 18 жас баланың дене бітімі мен ағзасының дамып жетілуі, өсіп-толысуы толық сипатта кәмелетке толуын білдіреді. Жасы жеткен перзентін отбасылық өмірге дайындаудың физиологиялық тұрғыдан қажеттілігі айқын;
- ата-ананың ұлғаюы немесе олардың тірек болуының әлсіздігі арқылы тұрмыс-тіршілігін, отбасының тауқыметін көтеруге жасы жеткен баласын отбасын құруға бейімдеу, әлеуметтік ұстаным арқылы қажеттілік туғызу;
- “Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үй болып басын құрамағандар менің үмбетім емес” деген Ислам пайғамбарының қағидасына сай, үй болу, тұрмыс құру, жұбайлық өмірге дайын болудың бірден бір діни сенім жолы;
- отбасында берген тәрбие мен заман талабына сай өмірге бейімдеу арқылы өз тұрмысын өз қолымен құруға қызығушылықтың тууы әлеуметтендіру ұстанымы арқылы мүмкіндік табады;
сабақтастық ұстанымы әкенің жолын жалғастыру, ата жолын қуу, әулеттің атын жалғау, шежіреде ат қалдыру немесе ұлт мүддесін көздеп, қажеттілігі арқылы болашақ отбасылық өмірге даярлаудың бір жолы.

Қазақ халқының сан ғасырлар қалыптасып, тарих талқысынан өткен, салт пен әдет-ғұрып аясында өрбіп, тәрбие шеңберінде дамитын, заман талабымен жаңғырғанымен, қалпын сақтайтын тамаша дәстүрлері бар. Солардың негізгісі – “үш жұрт”. “Үш жұрт” ұғымы – туысқандықты сақтайтын этноәлеуметтік тұтастық. “Жігіттің үш жұрты” болып патриархалды түсінікке сай айтылғанымен, мейлі ер, мейлі әйел болсын, отау тігіп отбасын құрғаннан бастап, туысқандық қарым-қатынасты үш жұрты арқылы өрбітеді.
Этноәлеуметтік рөлдер “үш жұрт” аясында өз қызметін жан-жақты өрістетеді. Халқымызда “Ағайын жұрт – күншіл, қайын жұрт – міншіл, нағашы жұрт - сыншыл” деген сөз бар. Бұл бір жағынан әлеуметтік-психологиялық сипаттама болғанымен, әлеуметтік-педагогикалық жағынан үш жұрттың адамды тәрбиелеудегі ұстанатын қағидасын көрсетеді. Демек, қазақтың жігіті немесе қызы үш жұртына жағу үшін үш түрлі ұстанымға сай әлеуметтенуі тиіс. “Күншіл”, “міншіл”, “сыншыл” ұстаным – адамды шыңдайтын аса өткір талаптар.

28) Қазақстан Республикасының саяси өміріндегі әйелдердің рөлі.

Күшті жақтары Әйелдердің білім деңгейінің анағұрлым жоғары болуы.
Әйелдердің саясатқа қатысуы еркектермен лайықты бәсекелестікті құрап, елдегі істің жағдайының жақсаруына ықпал етеді.
Басқарушылық құрылымдарда әйелдердің қатысуы едәуір икемдірек, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бағдар алған басқару нысандарын дамытады.
Әйелдер әлдеқайда тындырымды, ұқыпты, тіл табысқыш, адамдарға үлкен ынтамен қарауға және қамқорлық жасауға бейім.
Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметінің жандануы. Әлсіз жақтары Әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы қоғамда сақталып отырған таптаурындар, жыныстар теңдігі мәселелеріне патриархаттық тұрғыдан келу.
Әйелдерді жоғарылатудың пәрменді тетіктерінің жетіспеуі.
Әйелдердің және әйелдер ұйымдарының бастамаларын мемлекеттік органдар тарапынан қолдаудың жеткіліксіздігі.
Саяси партиялардың әйелдерді билікке жоғарылату стратегиялары мен бағдарламаларының болмауы.
Әйелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының дәйексіз қызметі, әйелдер ұйымдарының әйелдердің мүдделерін қорғауға бағытталған күш-әрекетінің бытыраңқылығы.
Әйелдердің саяси тәжірибесінің жетімсіздігі.

Мүмкіндіктер БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына сәйкес әйелдердің атқарушы және өкілді билікке неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз етуге арналған уақытша шара ретінде әйелдер үшін квоталар енгізу мүмкіндігі.
Әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізу, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Дамыған елдердің әйелдерді саяси тұрғыдан жоғарылату мәселелері жөніндегі тәжірибесін зерделеу мүмкіндігі.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жағдайын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси өмірге теңдік негізінде жан-жақты қатысуы.
Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттыру үшін пәрменді тетіктер мен уақытша шараларды енгізу.
Басқару органдарында кадр мәселелерін шешу кезінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету.
Әйелдердің саяси әлеуетін және олардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі саяси белсенділігін арттыру жөнінде шаралар қолдану.
Лидер әйелдерді лидерлік мектептері арқылы және оларды оқытудың басқа да тетіктері арқылы даярлау мен жоғарылату практикасын жалғастыру.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 283 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жыныстық және гендерлік тәрбие. Түсінігнің мәні және диференциациясы.| Азақстан Республикасындағы ЖОО бағдарламалар мен оқу үдерісіне гендерлік талдау жасаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)