Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері

Азақ жүздерінің қалыптасуы | Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы | Н мемлекеті,қоғамдық-саяси құрылымы | Түрік қағанатының құрылуы.Батыс - түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы. | Имақ-қыпшақ конфедерациясы | Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі | Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері | Ж.ақпан төңкерісі және Қазақстанда Уақытша Үкімет органдарының құрылуы |


Читайте также:
  1. XІ- ХVІ ғ.ғ. Қазақстанны” қай ө”ірінде қалалар гүлденді ?
  2. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
  3. Азақ жүздерінің қалыптасуы
  4. Азақ жүздеріні” бодандыққа ант беру ісіне Ресей патшалығыны” қай елшісі /ұлты кім/ - белсенділік танытты?
  5. Азақ отбасында қалыптасқан этноәлеуметтік рөлдер
  6. Азақ хандығындығыны” құрылу тарихын алғаш зерттеген ХІХ ғ. орыс тарихшысы кім ?

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді."Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:

1.Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ отбасының басшысы немесе отағасы отбасындағы шешуіш фигура болды. Бұл ерекшеліктердің бәрі де көшпелі экономикалық қатынастардың бейнелері болып табылады.

2.Қазақ әдет-ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әменгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институттар қазақ қоғамында және оның құқықтық жүйесінде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.

3.Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.

4.Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар) артықшылығымен ұштастырылды. Қазақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен қожалардың артықшылығы ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де мойындады.

5.Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.

6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.

7. Әдет-ғұрып құқығының партикулярлық сипаты. Әдет-ғұрып нормаларындағы басты нәрсе — ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі мәні еді, олардың негізінде жатқан принциптері еді. Ең басты нәрсе сол принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс пен жаза саласында — қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында — жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында әділдік, жариялылық, шешендік қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы құқықтық әдеттер жинағы ғана емес, ол қағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады.

Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір бөлігі мемлекет тарапынан қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды, жүйеледі, өз атынан жариялады). Бірақ әдет-ғұрып нормалары оның ішінде Ереже жарғылары да, одан мемлекет заңына айналған жоқ өзіндік өмір сүру мәнін жоғалтқан жоқ. Қоғамдық тәртіп, демек, әдет-ғұрып нормаларын сақтап орындау да көшпелілердің "автономиялығына", дербестігіне, өздерін өздері басқаруға негізделген еді.

 


Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 259 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Игельстромның реформасы| Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)