Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н мемлекеті,қоғамдық-саяси құрылымы

Азақ жүздерінің қалыптасуы | Имақ-қыпшақ конфедерациясы | Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі | Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері | Игельстромның реформасы | Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері | Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары | Ж.ақпан төңкерісі және Қазақстанда Уақытша Үкімет органдарының құрылуы |


Читайте также:
  1. Www.31.kz cайтының құрылымы
  2. Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
  3. Ай шойынның құрылымында графит кiрмелерi болмайды?
  4. Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
  5. Дәріс 3. Металдар мен қорытпалардың атомдық – кристалдық құрылымы. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы.
  6. Жарнама менеджері қосымшасының функционалдық құрылымы
  7. Жарнама менеджері» мәліметтер қорының құрылымы

Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі — ғұндардың мемлекеті. Бұл көшпелі тайпалар мемлекетінің алғашқы көрінісі. Таза түрік тілдес тайпалық бірлестіктер болған ғұндар тарихта өте терең із қалдырды.

Ғұн тайпалары қазіргі Оңтүстік Маньчжурия, Оңтүстік Монголия жерінде б.э.д. II мың жылдықтың соңы I мыңыншы жылдықтың басында көшпелі тайпалар ретінде қалыптасты. Көшпелі ғұндар отырықшы қытайларға күйрете шабуыл жасап тұрды. Садақпен, найзамен қаруланған, атты әскерлі ғұндар жаяу қытайларды беттетпеді. Ғұндар қытайлармен мәдени, бейбіт қарым-қатынаста да болды. Көне қытай тарихшылары Сыма Цянь (б.э.д. 135-67 ж.ж.) ғұндардың сулы және шалғынды жерді іздеп малмен бір қоныстан екінші қонысқа көшіп отыратынын, тұрақты мекенді білмейтінін, шығатын есігі шығысқа қараған киіз үйлерде тұратынын, етпен тамақтанып, қымыз ішіп, киімді әртүрлі жүн маталардан жасайтын, кім күшті, батыл, даулы мәселелерді шешуге қабілеті болса, соларды басшы қоятынына назар аударады. Мұрагерлік дегенді білмейтінін, жүзден мыңға дейінгі жұрты қауым құратынын, басшыларынан бастап соңғы бағынышты адамына дейін әркім өз малын өзі бағатынын, біреу-біреуге қызмет жасамайтынын, әйелдің пікірін тыңдайтынын, соғыстарға ерекше көңіл бөлетінін жазады ол. Бұл деректен ғұндардың әлі де таптық қоғамды білмейтін әскери демократия сатысында өмір сүргенін байқауға болады.

Б.э.д. IV ғасырда Қытай деректері алғаш рет ғұндарды өзінің қарсыласы ретінде атап, олармен болған соғыстарда алма кезек жеңістердің болғанын жазады. Ғұндардың батыстағы көршілері сақтар екендігі айтылады.

Б.э.д. III ғасырдың басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын "шанью" деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын "тәңірқұты" деп атаған. Тауманнан соң ғұндардың тәңірқұты болған оның ұлы Мөде мемлекетті мейлінше күшейтті. Ол көрші тайпаларды дунқуларды, үйсіндерді, лауфань және байян тайпаларын бағындырып, Қытайға ауыз салды. Ханъ династиясы билеп тұрған қытай әскердің б.э.д. 200 жылы ғұндардан ойсырай жеңілді. Өзі соғыс бастаған Қытай императоры Мөде бастаған ғұндардан бейбіт келісім сұрап, Қытай императорының қызын қалындыққа беріп, алым төлеп тұруға міндеттенеді. Мөденің мұрагері тәңірқұты Лаошанның кезінде ғұндар ширек ғасыр бойы юэчжилермен соғысып, оларды Орта Азияға шегіндірді. Ғұндардың кейінгі тәңірқұтылары да Қытайдан бағалы сыйлықтар, алым алып, ханшаларын қалындыққа алып отырды.

Б.э.д. 59 жылы ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қол астына кіруге мәжбүр болды. Солтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, онан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар осы өңірде алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.

Б.э. IV ғасырында ғұндар Батыс Европаға басып кірді. Ғұн жауынгерлері Константинопольды қоршады, Закавказье мен Месопотамияға жетті. Батыс Рим империясының құлауына да ғұндар ерекше үлес қосты. Ғұндардың дәуірлеуі император Аттиланның (Еділдің) атымен байланысты. Византия ғұндарға алым төлеп тұрды. V ғасырдың ортасында ғұндар империясы тарады.

Ғұндар Амур өзенінен Орталық Европаға дейін созылып жатқан далада алғашқы Евразиялық көшпелі империя құрды. Осы ұлы даланы жарты мың жылдан астам билеп-төстеп тұрды. Ғұндардан қорғануға мәжбүр болған қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын соғып, өздерін сақтап қалды. Ғұндардың жорықтары "халықтардың ұлы қоныс аударуына" себеп болды.

Осыншама үлкен аумақты алып жатқан ғұн империясында дамыған мемлекеттік құрылыстың болғаны белгілі. Әрине ғұн мемлекетінің көп жақтары бізге белгісіз.

Ғұндардың императорын тәңірқұты, қытайша шанью деп атады. Императорлар тек ең атақты басшылық етуші төрт тайпаның бірі — Люанди тайпасынан сайланатын. Осы аристократтық болып есептелетін төрт тайпа тек бір-бірімен қыз алысып, қыз берісетін. Мемлекеттік билікте де осы тайпалардың өкілдері отырды.

Ғұн патшасы тәңірқұтыны "аспан ұлы", "Аспан мен Жерден жаратылған", "Күн мен Ай" таққа әкелген ұлы тәңірқұты деп атайтын. Тәңірқұты таңертең Күнге табынса, кешке Айға бас иетін. Тәңірқұтының мықты орталықтанған мемлекеттік аппараты, толып жатқан көмекшілері мен уәзірлері, әскербасылары болды. Тәңірқұтының билігі шексіз болған. Ол әрбір қоғам мүшесін өлім жазасына кесіп жібере алатын.

Ғұн қоғамы әскериленген қоғам болды. Әрбір қоғам мүшесі кез келген уақытта, садағын асынып, атына мініп елін қорғауға немесе жорыққа шығуға дайын тұратын. Ғұнның әрбір ер азаматы бала кезінен өлгенше әскери міндетті болып, белгілі бір әскери бөлімде есепте тұрды. Әскерден қашу өлім жазасымен жазаланатын.

Ғұндардың орасан мол әскері болды. Өздері жаулап алған жерлердің бәрінде 24 тайпадан тұратын ғұндар артықшылықпен пайдаланды. Бұл таза ғұндар әскердің негізін құрды. Осы 24 ғұн тайпасының әрқайсында ең кемі 10 мың адамнан тұратын әскері болды. 10 мың әскердің басшысын түменбасы деп атады. Түменбасыларды тәңірқұтының өзі жақын ағайындарынан тағайындады. Тәңірқұтының жанында сол қол және оң қолын басқарып отыратын лауазым иелері — көмекшілері болды. Сол қол және оң қол иелері елдің Батыс және Шығыс бөліктерін биледі. Соңдай-ақ олар әскердің сол қанаты мен оң қанатын басқарды. Сол қол және оң қол иелері тәңірқұтының ұлдары немесе жақын туыстары ішінен тағайындалатын.

Түменбасылар, сондай-ақ белгілі бір үлкен территориялардың әкімішілік басшысы да болып есептелді. Оған сол территорияның халқы түгелдей бағынды. Түменбасылар өз кезегінде өзіне бағынышты әскер ішінен мыңбасы, жүзбасы, онбасы сияқты әскербасыларын тағайындады және оларға басқаруға белгілі бір территория мен халықты берді.


Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 191 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы| Түрік қағанатының құрылуы.Батыс - түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)