Читайте также:
|
|
Сақ-массагет тайпалары,олардың қоғамдық құрылымы
Б.э.д. 7-4 ғ-да тайпалардың саяси және этникалық бiрiгуi және әскери қақтығыстары жүрдi. Оған дәлел сақ тайпаларының көптеген тарихи оқиғаларына қатысуы. Сақтар оңтүстiк Қазақстан мен Орта Азия территориясында көшiп-қонып жүрдi. Сақтар мал бағумен және егiншiлiкпен айналысты. Олармен қатарлас Арал маңында массагет тайпалары өмiр сүрдi. Сақ-массагет тайпалары түркi тiлдес болды (руникалық жазу). Сақ тайпаларының әрқайсысының өз алдында патшасы болды. Патша әмiрi күштi едi. Патшаны жерлегенде ондаған адамдар құрбандыққа шалынды. Сақтар қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, тәжiк, ауған және Қытай мен Үндiстанның кейбiр халықтарының этногенезi болып табылады.
Сақтардың қоғамдық құрырылысында халық жиналысы ерекше орын алды. Оған тек қауым басшылары қатынасты. Демек өкiлеттi билiк орын алды деген сөз. Сақ әскерлерiнiң негiзiн атты жасақтар (ерiктi қауымдастар) құрады.кедейлер мен егiншiлерден жаяу әскер құрылды.
Әрбiр сақ бiрлестiгiнiң басында патша отырды және жалық жиналыс әрекет еттi. Сақтар тәуелсiз iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асырды. Мысалы б.э.д. 7 ғасырда сақтар қаратаңiз скифтерi және Урарту мен одақ жасап Фригияға қарсы тұрды. Сонымен қатар көршiлес мемлекеттер сақтарды бағындырғысы келдi. Б.э.д. 6 ғ. ортасында Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы жорыққа шығып жеңiлiске ұшырады. Б.э.д. 4 ғ. 30 жылдары Александр Македонскии Орта Азияны басып алғанымен сақтарды бағындыра алмады.
Сақтар өздерiне бағынышты халықтардан салықтар жинап тұрды. Мемлекеттiк қазына негiзiнен әскери олжа есебiнен толтырылып отырылды (құнды заттамен, малмен және мүлiкпен).
азақ жүздерінің қалыптасуы
Этногенез (грек.-тайпа, халык және шығу тегі) -әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы (шығуы). Этногенез — қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасты.
Қазақ халқының шығу тегі көне заманнан, қола дәуірінен басталады. Қазақстан территориясындағы тайпалар қазақ этносының негiзiн қалады: а) б.з.б.8-4 ғасырларда өмір сүрген сақ және сармат тайпалары(дайлар, исседондар, аримаспылар, массагеттер, тиграхауда-сақтар, савроматтар т. б.); ә)б.з.б. 3 ғасыр мен біздің заманымыздағы 5 ғасырда өмір сүрген үйсіндер (усун) тайпалық бірлестігі мен каңлылар (кангюй); б) VIII ғасырдың ортасында Алтайдан Жетісу жеріне қоныс аударып, онда түркештерді озіне бағындырған қарлүқтар; в) Қимақ конфедерациясы (VIII ғ.-ХІ ғасырдың басы); г)Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекетгік бірлестігін қүрған наймандар мен керейлер; ғ) Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі
Қорыта келгенде қазақ халқының пайда болу процесінде Еуразияның қоңыржай белдеуіндегі шөл, шөлейт және дала аймағында орналасқан оның этникалық территориясы қалыптасты. Бүл территория шығыста Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань тау тізбектерімен, бастыста жоне Оңтүстік батыста Каспий, Арал теңіздерімен, Оңтүстікте Сырдария өзенімен, Тянь-Шанның батыс сілемімен, Қаратау жоталарымен, Солтүстікте Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерімен шектесіп жатты. Қыпшақ тілі негізінде қазақ тілі қалыптасты.
Территориясы, тілі, мәдени жетістіктері, салт-сана, әдет-ғұрыптары ортақтығының, шығу тегі бірлігінің әсерінен этникалық қауым ретінде өзін танытатын дәрежеге жетті. Қазақтардың шығу тегінің ортақтығы туралы түсінік олардың бір ата-бабадан тарағандығы жайлы генеологиялық аңыз-эңгімелерден, этникалық дастандардан, әдет-ғүрыптардан т. б. байқалады. Олардың этникалық сана-сезімінің оянғанын XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында бірыңгай "қазақ" атын қолдана бастағанынан кореміз.
Қазақ халқына тән негізгі сипат — оның рулық, тайпалық құрылымының күрделілігі. Этникалық топтар бір-бірімен сан түрлі жолдармен өзара тығыз байланысқан. Ұлы, Орта және Кіші жүздің құрылуына географиялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және этнотарихи факторлар әсер етті. Осыған байланысты зерттеушілер Қазақстан территориясында табиғи шептері айқын межеленген Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан сияқты 3 этнотарихи аймақтың болғанын атап көрсетеді. Қазақ жүздері туралы алғашқы деректер XVII ғасырдың басындағы, яғни қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталған кездегі әдебиеттерде кездеседі. Ұлы жүзге -жалайыр, қаңлы, албан, дулат, суан, шапырашты, шанышқылы, қатаған, сары үйсін, сіргелі, ысты, ошақты; Орта жүзге - арғын, қыпшақ, найман, керей, уақ, қоңырат, тарақты; Кіші жүзге — Байұлы (адай, алшын-жаппас, алаша, байбақты, масқар, беріш, таз, есентемір, шеркеш, тана, кызылқұрт, ысық), Әлімұлы (қарасақал, каракесек, кете, тортқара, шоме-кей, шекті), Жетіру (кердері, жағалбайлы, рамадан, табын, тама, керейіт, тілеу) рулар бірлестігі кіреді.
Сонымен XIV ғасырдың алғашқы жартысында жергілікті этникалық негізде жаңа мемлекеттер құрыла бастады, Онтүстік, Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан территориясы Ақ Ордаға, ал Жетісу Моғолстан мемлекеті бірлестігі құрамына кірді. Ак Орда халқының негізін қыпшақтар құраса; Моғолстанда дулат (дуглат) тайпасы үстем болды. Өзара қырқысу мен мұрагерлердің таққа таласуы салдарынан Ақ Орда (XV ғасырдың басы) Өзбек хандығы және Ноғай Ордасы болып екіге бөлінді. Өзбек хандығының қүрамына арғын (аргун), барақ, дурман, жалайыр, қаңлы, қарлұқ, қыпшақ, коңырат, кенегес, көшші, маңғыт, найман, үйсін т. б. тайпалар кірді. Бүл тайпалардың көпшілігі ерте заманнан бастап-ақ Қазақстан территориясын мекендеген еді. Ноғай Ордасында маңғыт, найман, қаңлы, арғын, алшын, қыпшақ, қоңырат, т.б. тайпалар болды.
Тарихи, археологиялық-этнографиялык, антропологиялық және лингвистикалық әдебиеттердегі деректер қазақ халқының құрылуы, негізінен, XIV-XV ғасырлар аралығыңца аяқталды деуге мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 467 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Специальная вирусология. | | | Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы |