Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы

Түрік қағанатының құрылуы.Батыс - түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы. | Имақ-қыпшақ конфедерациясы | Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі | Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері | Игельстромның реформасы | Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері | Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары | Ж.ақпан төңкерісі және Қазақстанда Уақытша Үкімет органдарының құрылуы |


Читайте также:
  1. Www.31.kz cайтының құрылымы
  2. Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
  3. Азиялық скифтер қатарына жататын исседон тайпасы Қазақстанны” қай бөлігінде мекендеген?
  4. Ай шойынның құрылымында графит кiрмелерi болмайды?
  5. Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
  6. Дәріс 3. Металдар мен қорытпалардың атомдық – кристалдық құрылымы. Металдар мен қорытпалардың кристалдануы.
  7. Жарнама менеджері қосымшасының функционалдық құрылымы

Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.

Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дунхуан және Чилан тауы аралығынан б.э.д. II ғасырда шамамен 160 жылдары көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Үйсіндердің мұнда көшуіне ұлы иозылардың қысымы себеп болса керек. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.

Көне Қытайдың "Хан патшалығы тарихы Жан Чиан өмірбаяны тарауында "үйсіндерді" ханы күнму (күнби) деп аталады екен. Күнмудың әкесі Нәнді би тегінде Чилан мен Дунхуан аралығындағы ұлы иозылармен қанаттас отырған кіші мемлекеттің иесі екен" деген дерек бар. Бұл деректен үйсіндердің Жетісуға келмей тұрып та мемлекеті болғанын көреміз.

Ұлы иозылар — юечжілер б.э.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Чилан мен Дунхуан аралығын мекендеген көшпелі тайпалар. Олар ғұндардың шабуылдарынан соң Жетісу мен Қазақстанға қоныс аударып, жергілікті тайпаларға сіңісіп кеткен. Кейін олардың бір бөлігі үйсіндерге сіңіскен. Кейбір зерттеушілер ұлы Жүздің атауын осы ұлы иозылармен байланыстырады.

Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне келіп орнықкан соң өркен жайып гүлденеді, ұлан-байтақ өңірді қамтыған қуатты да құдіретті мемлекет құрады. Үйсін елінің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте Ыстық көлге дейінгі өңірді қамтыды.

Үйсіннің елбасшысын Қытай деректерінде гуньмо (күнби, күнбегі) деп атаған. Мемлекеттің астанасы Ыстықкөлдің жағасындағы Чигучек (кейбір деректердегі Чйгу, Чичу) атты бекінісі бар қала болған.

Үйсіндер көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ішінара егін салып, қалаларда да тұрған. Ұлы жібек жолы осы Үйсін мемлекеті арқылы өткен.

Үйсіндер үнемі көрші мемлекеттермен соғыс жағдайында болған. Үйсіндердің соғысқан елдерінің ішінде ғұндар, ұлы иозылар және Қытай болған. Үйсіндер көршісі Қаңлы мемлекетімен де қақтығыста болған. Мұндай жағдай үлкен әскер ұстауға себеп болды. Кемеліне келіп дәуірлеген кезде үйсін елінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың 800 сайлауыт әскер болды дейді деректер. Қытай деректері үйсіндердің сол кезеңдегі батыс өңіріндегі барлық мемлекеттен адам саны жағынан үш есе, әскер саны жағынан біржарым есе үлкен екендігін жазып үйсіндер батыс өңіріндегі аса құдыретті мемлекет деп көрсетеді.

Үйсін мемлекетінің басшысы күнби болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырған. Тіпті таққа отыру үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер де жиі болып тұрған.

Қытайдың хан әулетінің патшалығы ғұндарға қарсы әскери одақ құру үшін үйсіндерді өзіне тартады. Б.э.д. 109 жылы хан патшалығы Үйсіннің күнбиі Елжау биге елші жіберіп, көп сый-сияпатпен қоса императордың қызыл қалыңдыққа береді. Онан кейін Үйсін күнбиі Женші би де Қытай императорының отбасынан қыз алады. Мұның өзі Үйсін мемлекетінің маңызын көрсететін тарихи оқиғалар болды.

Б.э.д. 53 жылы Үйсін мемлекетінде патшалық тақ үшін күрес басталып мемлекет үлкен күнбилік және кіші күнбилік деп екіге бөлінеді. Үлкен күнбилікті оңтүстік иелік, кіші күнбилікгі солтүстік иелік деп атайды. Екі иеліктің арасындағы тақ таласы үйсін қоғамын әбден әлсіретті.

Б.э.д. 20-жылы күнби Силы би үйсін мемлекетін қайта біріктірді. Ұзамай тақ таласы қайта жалғасты.

Үйсін мемлекетінің саяси құрылысы. Мемлекетті күнби басқарды. Күнби елдегі азаматтық және әскери билікті қолында ұстады. Әскердің бас қолбасшысы да болды. Ол ру мен тайпаларға көшіп-қону бағыттарын белгіледі. Ру мен тайпаларды күнби тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл Үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әскери-әкімшілік бөлікке бөлінді. Соғыс жағдайында оң қанат пен сол қанатты екі қолбасшы басқарса, күнбидің өзі ортада болып басшылық етті.

Үйсін мемлекетінің мынадай басқару жүйесі болған. Мемлекеттің басында жеке дара билеуші, билігі мұрагерлікке қалдырылатын күнби отырды. Онан соң дулы деп аталатын әкімшілік бастығы отырды. Оны күнби тағайындап, орнынан алатын.

Сол қанат қолбасы және оң қанат қолбасы деп аталатын екі қолбасшы болды. Күнбидің өзі бас қолбасшы болған соң, әскердегі онан кейінгі билік сол қанат қолбасшыда болды. Ол күнби жоқта бүкіл әскерге басшылық етті. Сондай-ақ Үйсін мемлекетінің жергілікті басшылықгы жүзеге асыратын лауазым иелері де болды.

Жалпы Үйсін мемлекетінде біршама дамыған, орталықтанған аппараты да, жергілікті билік органдары да бар көпшелі қоғамға лайықты ықшам басқару органдары болды.

Үйсін қоғамы таптық қоғам болды. Мұнда әлеуметтік теңсіздік орын алды. Археологиялық деректер үйсіндерде жеке меншіктің болғандығын және әлеуметтік теңсіздіктің болғанын дәлелдейді. Үлкен және ішінде мүліктері мол молаларға күнбилер, қолбасшылар т.б. ақсүйектердің жерленгенін, орташа молаларда ру-тайпа басшыларының, батырлардың жерленгенін айғақтайды, ал қарапайым молаларға қатардағы адамдар жерленген.


Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 158 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақ жүздерінің қалыптасуы| Н мемлекеті,қоғамдық-саяси құрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)