Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түрік қағанатының құрылуы.Батыс - түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы.

Азақ жүздерінің қалыптасуы | Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы | Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі | Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері | Игельстромның реформасы | Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері | Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары | Ж.ақпан төңкерісі және Қазақстанда Уақытша Үкімет органдарының құрылуы |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Азақстан территориясы Түрік қағанаты құрамына қай кезде кірген ?
  4. Азақстан» телеарнасының сайтының дизайны, құрылымы.
  5. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  6. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  7. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу

VIғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.

"Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды" деп жазды белгілі ғалым Лев Гумилев өзінің "Көне түріктер" деген іргелі зерттеуінде. Көне түрік мемлекеті шығыс мәдениеті мен батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.

"Түрік" сөзі мықты, күшті деген үғымды білдіреді. Алғашында "түрік" сөзі саяси сипатта болып, түрік қағандығының негізін салған Ашина тайпаларының далалық ақсүйектер тобының бірлестігін білдірген. Кейінірек түрік қағанатына бағынған тайпалардың атауына айналған.

Түрік империясы ғұндардан кейінгі екінші ірі евразиялық империя болды. Түріктердің бірнеше мемлекеттері болды. Көне Түрік мемлекеті (552-603); Батыс Түрік қағанаты (603-704); Шығыс Түрік қағанаты (603-679); Екінші Түрік қағандығы (607-744 ж.); Түргеш қағандығы (704-756); Қарлұқ мемлекеті (756-970 ж.).

Үйсін мемлекеті ыдыраған соң Жетісу мен Орталық Қазақстанда жуан-жуандардың (аварлардың) билігі орнады. Осы жуан-жуандарды VI ғасырдың ортасында Ашина тайпалары талқандайды. Бұл тайпалардың аты аңыз бойынша бөріден тараған Ашинаның атымен байланысты. Осы тайпалар ұзамай түріктер деп аталды.

Түріктердің көсемі Бумын қаған атағын алды. Оның мұрагерлері Қарақаған (552-553), Мұқан қаған (553-573) жуан-жуандарды талқандауды ақырына дейін жеткізді. Осылай Түрік қағанаты нығайды. Бұл мемлекеттегілер өздерін түрік елі деп те атады.

Түріктер Қара қағанның тұсында Орталық Азияны, Оңтүстік Сібірді бағындырды. Шығыста Корей шығанағынан, батыста Қара теңізге, оңтүстікте Самарқанға дейін түрік еліне қарады. Қытайдың солтүстік Ци және солтүстік Чжоу мемлекеттері түріктерге алым төлеп тұрды. VI ғасырдың 60-жылдары түрік қағанаты Византиямен, Иранмен, Қытаймен тығыз саяси-экономикалық байланыста болды. Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Түрік кағанаты арқылы өтті.

VI ғасырдың 80-жылдарынан Түрік қағанатында, әсіресе билеуші Ашина әулеті ішінде тартыстар көбейді. Мұның өзі мемлекеттің 603 жылы Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінуіне әкеліп соқты. Екі қағанат арасында ұзақ жылға созылған соғыстар басталды.

Батыс Түрік қағанатына Орта Азия, Жонғария және шығыс Түркістанның бір бөлігі қарады. Батыс Түрік қағандары Шегуй (618-619), Тон-ябгу тұсында шекарасын шығыста Алтайға дейін, батыста Закавказьеге дейін, оңтүстікте солтүстік-батыс Пәкістанға дейін кеңейтті. Византияның императоры Ираклий Тон Ябгу қағанға құрмет көрсетіп өзінің тәжін кигізіп, қызын беруге уәде етті. Қағанаттың қысқы резиденциясы Суябта болса, жазғы ордасы Испиджабқа жақын Мың-бұлақта болды. Тон Ябгу каған ішкі саясатта өте қатаң бағыт жүргізді. Мұның өзі ішкі тартысқа себеп болып қағандықты құрған дулулар одағы мен нушибилер одағы арасындағы қақтығысқа алып келді. "Он оқ" тайпалар деген (бес тайпа дулулар, бес тайпа нушибилер) дулулар мен нушибилердің арасындағы ұзаққа созылған қақтығысқа алып келді. Батыс Түрік қағанаты әзін Он оқ елі деп атайтын.

759 жылы Он оқ елі нашарлап әлсірей бастады да мүның өзі Жетісуға Қытайдың таң әулеті империясы әскерінің басып кіруіне себеп болды. Түріктер қытай басқыншыларына қарсы азаттық күреске шықты. 704 жылы түргеш тайпаларының көсемі Үшеліктің басшылығымен түріктер жеңіске жетіп, жаңа Түргеш қағандығы құрылды.

679-687 жылдарда жүргізілген табанды азаттық күрес, нәтижесінде шығыс түріктері қытай басқыншыларын қуып шығып, өз мемлекетің қалпына келтірді немесе екінші Түрік қағандығын құрды. Бірінші қаған Құтлұқ болды, оны Елтеріс қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлпытастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяси қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түріктер солтүстік қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлері Соғды жеріне дейін барды. Білге және Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы Екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқтады.


Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 338 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Н мемлекеті,қоғамдық-саяси құрылымы| Имақ-қыпшақ конфедерациясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)