Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу

Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері | Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері | Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті | Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар | Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу | Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қолдау | Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар | Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және проблемалары | Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Аржы ағындарын реттеу
  4. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  5. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  6. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары

Қазақстанда рыноктық қатынастарды нығайту және экономикалық реформаларды жемісті жүргізу мәселелері жекелеген аймақтардың проблемаларын шешу бойынша басқару органдарының нақты іс-әрекеттеріне тәуелді. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу аймақтарға унификацияланған (бірізді) тәсілдерді қолдану жарамсыз, аймақтық саясат икемділікті, сонымен бірге бүкіл ел аумағындағы рыноктық қызметтердің жалпы қағидаларының біртұтастығын қалайды.

Аумақтық дамуды реттеудің тетіктеріне бюджеттік және бюджеттік емес қаржыландыру, мемлекеттік, жекеше, шетелдік инвестициялар, аймақтық жеңілдіктер мен дотациялар жатады. Мемлекеттік реттеу республикалық бюджеттен және басқа да көздерден келіп түсетін қаражаттарды қатаң бақылауды қажетсінеді.

Салыстырмалы дамыған аймақтарда республикалық органдар шаруашылық бастамаларды қолдайды және оларды нығайту үшін ынталандыру жүйесін жасайды. Әлсіз аймақтар үшін орталық құрылымдық өзгертулер бойынша, жұмыс орындарын ашу бойынша, тұрғындардың өмірін әлеуметтік стандарттарға сәйкестендіру үшін қаржылық көмек шараларын жүргізу бойынша бағдарламалар жасап, іске асырады.

Мемлекеттік билік органдары қызметінің кез келген сферасы, ол экономикалық сфера немесе әлеуметтік сфера болсын, мүмкін экология немесе елдің қауіпсіздігі болар, міндетті түрде аймақтық мазмұнда болуы тиіс. Аймақтық саясатты мемлекеттік реттеудің объектілеріне көптеген және сапалық жағынан әртүрлі республикалық, аймақтық муниципалдық таксономикалық (бір біріне тәуелді) бірліктер жатады. Барлық таксономикалық бірліктер шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың біртұтас күрделі жүйесін құрайды.

Сонымен, шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру – бұл әртүрлі аумақтық құрылымдардың – экономикалық аудандар, ішкі аймақтық өндірістік кешендер, өнеркәсіптік орталықтар мен тораптар – біртұтас жүйеде қызмет атқаратын кешендері болып табылады.

Шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру ұлттық шаруашылықтың аумақтық басқарудың негізі болып табылады, ал оның негізгі буыны республика облыстары. Экономиканы аумақтық дамытуды жетілдірудің басты алғышарты – ол экономикалық аудандастыру. Экономикалық аудандар жүйесі аумақ бойынша материалдық және басқа да баланстарды жасаудың базасын құрайды және оның мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудағы маңыздылығы өте жоғары болып табылады.

Заманауи экономикалық аудан – бұл өзінің өндірістік мамандануы, берік экономикалық байланыстары болуымен бірге ұлттық шаруашылықтық толыққанды аумақтық бөлігі.

Экономикалық аудан ішкі аймақтық берік байланыстары бар біртұтас шаруашылық ретінде елдің басқа бөліктерімен қоғамдық-аумақтық еңбек бөлінісі арқылы үзіліссіз байланыста болады. Экономикалық аудандардың болуы – бұл объективті үдеріс және олар аумақтық еңбек бөлінісінің көрінісі ретінде экономикалық, ұлттық және әкімшілік принциптеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық аудандарда аумақтық-өндірістік кешендер сияқты экономикалық және технологиялық өзара байланысты кәсіпорындар жиынтығы қызмет атқарады. Олар әлеуметтік-өндірістік кешендер, еркін экономикалық аймақтар, кластерлік жүйелер т.б. атаулармен белгілі. Бұлар жаңа экономикалық аудандар құрудың перспектиавлы негізі болып табылады.

Еркін экономикалық аймақтардың аумақтық шаруашылық ұйымдастырудың басқа формаларынан ерекшелігі артықшылықты қаржыландырудан және инфрақұрылым дамуының жоғары деңгейінен көрінеді.

Аймақтардың өзін-өзі басқару деңгейі жоғарылаған сайын олар орталықтан мемлекеттік меншікті аймақтық деңгейге беруді, өз аумағындағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығын алуды, экспорттық мүмкіндіктері болуын талап етеді. Сонымен бірге олар орталықтан жеңілдікті қаржыландыруды, транспортқа электр қуатына, байланысқа тарифтерді төмендетуді сұрайды. Бұл ситуацияда мемлекеттің басты міндеті аймақтық және мемлекеттік мүдделер шиеленісін болдырмау, яғни икемді мемлекеттік саясат жүргізу арқылы жершілдікті тыю болып табылады. Мұндай жағдайда аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің рөлі аса құнды болатындығына ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Аумақтардың экономикалық дамуын реттеудің қолайлы әдістерін талдап жасау қажеттілігі дер кезінде ұғынылып, тиісті шаралар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Басқарудың аймақтық органдары алдында келесідей міндеттер тұрады:

- аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасын талдап жасап, жүзеге асыру;

- бағдарламалар мен бюджетті атқару үшін табыс көздерін анықтау;

- қаржылық және инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын талдап жасап, қолданысқа енгізу;

- аймақ халқының әл-ауқатын жақсарту шараларын талдап жасап, қабылдау;

- өндіргіш күштерді ұтымды және пропорционалды орналастыруды қамтамасыз ету.

Орталық пен аймақтардың өзара қатынасын мемлекеттік реттеу әсіресе экономикалық реформалар жүргізу кезінде ерекше маңызға ие болады.

Демократиялық реформалардың бастапқы кезеңдерінде орталық пен аймақтар арасындағы өзара қатынастарды реттеудің қажетті деңгейде болмауы және аймақтар жағдайларының теңдестірілмеуі себебінен интеграциялық үрдістердің бұзылуына жол берілді. Сондықтан, билік және атқарушы органдар экономикалық реформаларды тереңдетуде орталық пен аймақтардың өзара қатынасын қалыптастырудың басты бағыттарын зерделеп, анықтаған болатын.

Ең бастысы, аймақтық және республикалық билік органдары арасындағы өкілеттіктердің айқын шектерін анықтауға мүмкіндік пен кепілдік беретін еліміздің ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы бар.

Кез келген аймақаралық, сондай-ақ республика мен аймақтар арасында туындайтын әлеуметтік, экономикалық мәселелер Конституция аясында шешіліп, қажетті нормативтік-құқықтық актілер негізінде қажетті механизмдермен қаруланады. Шешімін күткен мәселелерді жүзеге асыру механизмі неғұрлым нақты болса, соғұрлым оның тиімділігі де арта түспек.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 255 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары| Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)