Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы ағындарын реттеу

Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы | Леуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі | Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу | Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу | Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі | Салық салу принциптері және салықтық реттеу. | Мемлекеттік салықтық реттеу |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  4. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  5. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
  6. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары

Қаржылық жүйенің әрекеті оның құрамдас бөліктерінің өзара іс-қимылдарынан көрініс табады. Қаржыға қатысты жүйенің қызметі қаржылық қатынастар агенттері арасындағы қаржылық ресурстар мен ақшалай қаражаттар ағыны арқылы жүзеге асады. Ақшалай қаражаттардың қаржы жүйесіндегі ауыспалы айналымы адам ағзасындағы қан айналымы тәрізді экономикалық өміршеңдіктің белгісі болып табылады. Қаржы ағындары экономикалық қызмет өнімдерін, бөлу, айырбастау бойынша экономикалық үдерістерге қатысушылар арасындағы қатынастарды айқындайды.

Қаржы ағындарын мемлекеттік реттеу өзінің түпкі мәні бойынша қаржы ағындары мен ақшалай қаражат жинақтарын басқару болып табылады. Қаржылық байланыстар мен қатынастарда қаржы жүйесінің негізгі бес агенті (қатысушысы) әрекет етеді. Олар: мемлекет, ұйымдар, үй шаруашылығы, ұлттық банк (кейбір елдерде орталық банк) және коммерциялық банктер.

Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен (кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлер) қаржылық қатынастары салықтар, баждар, төлемдер түрінде жүзеге асады, мысалы табиғи ресурстар үшін төлемдер, мемлекеттік меншікті жалға беру ақысы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулері үшін төлемдер. Салықтардың түрлері мен салық салу қойылымдарын, тарифтер мен прейскуранттарды (қызмет көрсету бағаларын) өзгерту арқылы мемлекет бюджетке түсетін қаржы ағындарын реттейді.

Мемлекеттен шаруашылық жүргізуші субъектілерге қарай қаржы ағынына мемлекеттік сатып алулар төлемі, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттің тапсырысы бойынша дайындаған тауарлары мен орындаған қызметтері үшін бюджеттен төлемдері жатады. Мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілерді қайтарымды және қайтарымсыз формада ақшалай ассигнациялауға (қаржы бөлуге), оларға дотация беруге, салықтар мен төлемдер бойынша жеңілдіктер тағайындауға хақылы.

Белгілі бір тапсырыс көлемін ұсыну, тапсырысқа баға белгілеу, мемлекеттік жеңілдіктердің артықшылықтарын пайдалану арқылы мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін қазыналық ақшалай қаражаттардың ағынына реттегіш әсер ету мүмкіндіктеріне ие болады. Мемлекет пен жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне салық салу, тұрғындарға ақылы мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттің кредиттік пайыздары арқылы өзінің қаржылық ресурстарын жарым-жартылай толықтырып отырады. Үй шаруашылығынан мемлекетке қарай ақша ағындары әртүрлі төлемдер, алымдар, лотерея өткізу, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату есебінен де қалыптасады.

Мемлекеттен тұрғындарға ақшалай қаражаттың қарқынды ағынына жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы түріндегі мемлекеттік трансферттер жатады. Мемлекет, сондай-ақ тұрғындарға кредиттер береді, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздар төлейді, лотерея ұтыстарын қамтамасыз етеді, айналым мерзімі таусылған бағалы қағаздарды қайта сатып алады.

Қағидатты негізде мемлекеттен жұртшылыққа қарай қаржы ағындарына мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік сфера қызметкерлеріне жалақы төлеуді де жатқызуға болар еді. Бірақ, бұл төлем шаруашылық жүргізуші субъектілер мен заңды тұлғалар қатарына жататын мемлекеттік ұйымдармен атқарылатындықтан оны мемлекеттік тапсырыстың қайтарымы деп те қарастыруға әбден болады. Сонымен бірге мемлекеттік аппарат, мемлекеттік басқару органдары қызметкерлеріне төленетін жалақы мемлекеттен жұртшылыққа түсетін ақшалай қаражат болып табылады.

Бюджет қаражатынан және бюджеттік емес мемлекеттік көздерден төленетін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын және оның шамасын, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы мөлшерінің деңгейлерін реттей отырып, мемлекет тұрғындарға арналған ақша ағынын кеңейту немесе кеміту мүмкіндігіне ие болады. Осыған ұқсас түрде салық түрлері мен қойылымдарына, төлемдерге, мемлекеттік қызмет көрсету тарифтеріне әсер ету арқылы мемлекетке бағытталған ақша ағындарын да реттейді.

Қаржылық байланыстар мен қатынастардың барлық негізгі субъектілері сыртқы қаржылық байланыстарға қатысады, яғни олар қаржы ағындары арқылы басқа елдермен қатынасады. Тұтастай алғанда мұндай ағындар ақшалай қаражатты шетелге шығару және олардың келуін көрсетеді.

Сыртқы қаржылық, валюталық ағындардың келесідей экономикалық жаратылысын көруге болады:

1) шетелден сатып алынған тауарлардың (импорт) төлемі және шетелге сатылған тауарлардан (экспорт) түсімдер және валюталық түсімдер;

2) шетелден кредиттер алу немесе басқа елдерге кредиттер беру, кредиттерді атқаруға байланысты қаражатты аудару;

3) мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың ақшалай қаражаттарын шетелдік банктерге орналастыру, банктік пайыздар алу;

4) шетелден сатып алынған немесе шетелге сатылған бағалы қағаздар мен мүліктік құндылықтардың төлемі ретінде ақшалай қаражатты аудару;

5) ақшалай көмек, қамқорлық түріндегі ақшалай трансферттерді тегін қолдан қолға өткізу.

Мемлекет өзі иелік ететін және тікелей алушы болып табылатын ақшалай қаражаттардың ғана сыртқы ағындарын толықтай реттейді. Мемлекеттің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің, коммерциялық банктердің, жұртшылықтың дербес бастамаларымен жүзеге асатын сыртқы ақшалай ағындарын реттеу мүмкіндіктері бар.

Капиталдардың, ақшалай қаражаттардың еркін рыногы жағдайында қаражатты жіберушілер мен алушылар заңды тікелей бұзған жағдайда ғана сыртқы қаржылық ағындар қаражаттарын мемлекеттің шектеуі немесе оларға тыйым салуы мүмкін. Қазақстанда көрсетілген ақшалай ағындарды реттеу кедендік шаралар қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық түсімдерінің бір бөлігін Ұлттық Банкке сатуға мәжбүрлеу, валютаны шетелге шығаруды шектеу арқылы жүзеге асады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 165 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу| Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)