Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі

Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу | Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы | Леуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі | Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу |


Читайте также:
  1. A) жалпылама ақпарат жүйесі
  2. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  3. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  6. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  7. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?

Салықтар адамдарға тарту-таралғы, алым, берешек формасында ежелден белгілі. Салықтар билік органдарын, мемлекетті ұстап тұру қажеттілігіне байланысты пайда болған. Олардың айқын, шарасыз міндеттілігі туралы, сірә АҚШ-тың тәуелсіздігі туралы Декларация авторларының бірі Бенджамин Франклиннен артық айтуға болмас. Ол, сонау 1789 жылы «Бұл жалғанда өлім мен салықтан басқаға сенім жоқ» деп жазған болатын.

Салықтар және салықтық жүйе – бұл тек қана бюджеттік түсімдер көзі емес, рыноктық типтегі экономиканың ең маңызды деген құрылымдық элементтерінің бірі. Кәсіпкерлік қызметті тұншықтырмайтын ұтымды салық жүйесі ғана тиімді бюджеттік саясат жүргізіп, экономиканы толыққанды әрекетке бастайды.

Салықтар – бұл мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдары заңды және жеке тұлғалардан алатын және бюджетке түсетін міндетті төлемдер. Мемлекеттің өміршеңдігін экономикалық ақтау бар болса, салықтардың да өміршеңдігін экономикалық ақтау бар. Салықтар – бұл мемлекеттік аппаратты, әскерді, әлеуметтік сфераны ұстап тұрудың экономикалық базасы болып табылады.

Салықтарды мәжбүрлеу арқылы жинақтау деп қарастыру орын алған. Расында, әрбір салық қаражатты иесінен алып, мемлекетке өткізу болып табылады. Дегенмен, салықтар фискалдық және басқа да экономиканы мемлекеттік реттеуге байланысты функцияларды атқарады. Өзінің экономикалық мәні бойынша салықтар мемлекеттің фискалдық (бюджеттік) саясатының құралы, сондай-ақ бөлу және қайта бөлу үдерістерінің жанама реттеушісі болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің салықтық қызметінің екі бағыты ерекшеленеді.

1. Мемлекеттің фискалдық салықтық қызметі салықтық төлемдерді алып, топтастырып, осы негізде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты міндеттерін орындау мақсатында бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру болып табылады. Бұл функция ұйымдардан кәсіпкерлерден, азаматтардан мәжбүрлі түрде алу арқылы жүзеге асады. Мемлекет бұл функцияны салықтық заңнамаға сәйкес жүргізеді.

2. Мемлекеттің реттеуші функциясы салықтар, салық салу объектілері, салықтық қайылымдар, салықтық жеңілдіктер сияқты салықтық тетіктер арқылы өндірісті, айырбасты, тұтынуды ынталандыру болып табылады.

Салық салу әдістері мен құралдары, салықты алу және салықтар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық төлеушілердің қызметін реттеу салықтық механизм деп аталады.

Мемлекет алатын салықтар жиынтығы, салық салу ережелері және салықтық функцияларды жүзеге асырушы органдар мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды. Бұл түсініктің құрамына салық салу тәртібі мен ережелерін анықтайтын заңдар жиыны, мемлекеттік салықтық органдардың құрылымы мен өкілеттігі енгізіліп, елдің Салық Кодексін құрайды. Белгілі бір салық түрлерін қалыптастыру және алудың нақты әдістерін салық элементтері деп атайды. Салық жүйесіне Қаржы министрлігі Салық комитеті, салықтарды жинау және жиналуын қадағалайтын органдар кіреді.

Салықтық жүйеге тән негізгі түсініктерге қысқаша сипаттама берейік.

Салық салу субъектісі (салық төлеуші) – салық төлеуге міндетті заңды немесе жеке тұлға.

Салық салу объектісі – салық салынатын табыс, пайда, мүлік, тауарлар мен қызмет көрсетулер бағасы, қосылған құн.

Салық салынатын база – салық салынатын объектінің көлемі (шамасы)

Салық төленетін негіз – салық төленетін ақшалай қаражаттың көзі. Ескеретіні салық төлеу көзі салық салу объектісімен сәйкес келе бермейді, салық төлеуші басқа көздерден де төлеуі мүмкін.

Салықтық қойылым (салық салу нормасы) – салық салу объектісінің бірлігіне қатысты салық мөлшері салықтық қойылым салық салу базасына пайыз түрінде орнықтырылады.

Салықтық жеңілдік – салықтың барлық немесе кейбір түрлерінен салық төлеушілердің белгілі бір топтарын толықтай немесе жартылай босату.

Салықтық режим (тәртіп) – салықтық қойылымдар мен жеңілдіктер жиынтығы.

Салықтар көптеген белгілері бойынша әртүрлі топтарға бөлінеді. Салықтарды келесі критерийлер бойынша жіктеу кеңінен тараған:

- салықты алу сипаты бойынша (тікелей және жанама салықтар)

- мемлекеттік реттеу деңгейлері бойынша (республикалық және жергілікті)

- салық салу субъектісінің белгісі бойынша (заңды және жеке тұлғалардан)

- салық қойылымдарын өзгерту сипаты бойынша (пропорционалды, прогрессивті, регрессивті)

- салықтың мақсатты белгісі бойынша (жалпы, бюджетке төленетін, белгілі бір мақсаттар мен міндеттер үшін)

Әлемнің бірде-бір мемлекеті салықтың толықтай, жүз пайыздық жиналымын қамтамасыз ете алмайды, себебі табыстарды жасыру негізінде салықтан жалтару немесе тікелей төлемей қою жаппай кездесетін құбылыс. Салық жүйесінің ұйымдастырылу деңгейі жоғары елдерде салықтың жиналымы шамамен 80-85%-ды құрайды, Қазақстанда бұл көрсеткіш 60-70% деңгейінде. Салық салу типін таңдауда мемлекеттік пайымдаулар әртүрлі болып келеді. Салықтардың санын қысқартып, біртекті жасау әзірше жемісті болмай тұр. Тарихтан американдық ғалым Генри Джордждың бір ғана салық – жер салығын алу туралы ұсынысы белгілі, бірақ салық түрлері көбеймесе, азайған жоқ. Мүмкін мұның астарында үлкен бір салықтан гөрі, халықтың сезінуіне жеңіл бірқатар кішігірім салықтарды жинау үкіметтерге қолайлы болуы жатқан шығар.

Қазақстанда қолданылатын салықтар жиынтығы да әртүрлі және олардың ондаған атаулары бар. Салықтар мен алымдар түрлері кезең-кезеңімен жаңаланып тұрады, әрбір салықтың қойылымы да динамикалы сипатта; мұндай өзгерістер мемлекеттің салықтық саясатының трансформациясы арқылы салық жүйесінің тиімділігін арттыруға құлшынысын байқатады; көздеген мақсат белгілі: салықтық жүйенің фискалдық және ынталандырушы функцияларының тиімділігін мейлінше жоғарылату.

Корпоративті табыс салығы және жанама салықтар өндіріс пен экономикалық үдерістерге әрқилы әсер етеді. Қосылған құнға салық, акциздер, яғни тұтынушылық салықтар халықтың аз қорғалған топтарына салықтық ауыртпалықты күшейте түседі. Сонымен бірге табыс салығымен салыстырғанда «әділеттірек» көрінуі мүмкін, себебі табыс салығы белгілі бір жағдайларда жұмыскерлер табысының азайуына байланысты жинақтауы мен еңбекке құлшынысына кедергі болуы мүмкін.

Жанама салықтардың ойластырылған жүйесін енгізу төлем балансы жағдайын жақсартады, бүкіл қаржы жүйесінің икемділігін арттырады. Басты мәселе салықтарды енгізуде терең ұйымдастырушылық-техникалық дайындықтың қажеттілігінде болса керек. Басқа жағдайларда салықтық түсімдердің азаюына жол беріледі. Айталық, тұтынуға салықтар Батыс Еуропада негізгі салықтар қатарына жатады, ал американдықтар корпорациялар табысына салықты қосылған құнға алмастыру туралы пікірталастан әрі жылжи қойған жоқ.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 342 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу| Салық салу принциптері және салықтық реттеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)