Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі

Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар | Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және проблемалары | Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу | Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы | Леуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  4. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  5. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
  6. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
  7. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

Экономикаға мемлекеттік әсер етудің қуатты құралдарының қатарында бюджеттік реттеуді ерекше атау қажет. Мемлекеттік бюджет жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің дербес институты болып табылады.

Мемлекеттік бюджет – бұл белгілі бір мерзімге мемлекеттің кірістері мен шығыстары көрсетіліп, заңнамалық түрде бекітілетін негізгі қаржылық құжаты.

Бюджет терминін «ақшалы қалта», ақшаны салатын, сақтайтын, алатын әмиян деп қарапайым анықтаудың ішкі мәніне үңілсек, онда бұл түсініктің күрделі, көпқырлы екендігіне көз жеткізуге болады. Бір жағынан бұл мемлекет болсын, аумақ, ұйым, отбасы болсын кез келген экономикалық субъектінің қолында бар қаржылық ресурстардың жиынтығы. Екінші жағынан бюджет – бұл экономикалық субъектінің кірістері мен шығыстарының арақатынасы, оның ақшалай қаражатының балансы, тепе-теңдігі. Үшінші жағынан бюджет ақша қаражатын иемденушінің қаржылық әрекеті мен саясатын анықтап, оның кірістер мен шығыстарды теңдестіру, қаржылық ресурстарды бөлу және жұмсау іскерлігін көрсетеді.

Мемлекеттік бюджет бір жыл ішіндегі немесе басқа бюджеттік кезеңдегі алынатын және жұмсалатын мемлекеттік ақша қаражатын жинақтауды ғана білдірмейді, сонымен бірге ол қаржы ресурстары мен ақша ағындарын бақылауда ұстап, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге толықтай әсер етеді. Инфляция, мемлекеттік қарыз, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар, бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру, әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер мемлекеттік бюджетпен байланысты және оған тәуелді.

Мемлекеттік реттеу формасы ретінде бюджеттеуге мыналар кіреді:

- мемлекеттің ақшалай кірісінің көлемдері мен құрылымын, бюджеттік кезең ішіндегі кіріс көздерін айқындау;

- құрылымы мен көлемін қалыптастыру және бюджеттік кезең ішіндегі мемлекеттік шығындардың бағытын анықтау;

- бюджеттік кезең ішіндегі мемлекеттің ақшалай кірістері мен шығыстарының белгілі бір деңгейдегі теңдестірілуіне қол жеткізу;

- мемлекеттің ақшалай қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын көрсету және оларды кепілдендіру (мемлекеттік бюджеттің қорғалған баптары)

- бюджетті мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарымен үйлестіру;

- мемлекеттік резервтер жасау, ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздарды реттеу.

Сонымен, формальды түрде заңнамалық бекітілген мемлекеттік кірістер мен шығыстар жазбасы іс жүзінде экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржылық негізі болып табылады.

Орталықтандырылған экономикада бюджет мемлекеттің экономикалық жоспарына тәуелді және ешқандай маңызды дербестігі жоқ болатын. Бұл тәжірибе жоспарлы экономикада басты рөл материалдық-заттай факторларға беріліп, қаржылық фактор екінші рөлдерде қалған уақыттарға тән еді.

Рыноктық экономикасы бар елдерде мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға, бекітуге, атқаруға үлкен мән беріледі. Мемлекеттік деңгейдегі бюджеттер қаржылық жоспарлаудың жетекші, анықтаушы формасы болып табылады. Ал, мұның өзі рыноктық экономика жағдайында орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлауға орын жоқ деген қағиданы терістейді. Рыноктық экономикалы елдерде бюджеттік-қаржылық жоспарлау, шаруашылықты дәстүрлі жоспарлы жүйе бойынша жүргізетін елдермен салыстырғанда ангағұрлым жақсы жолға қойылған.

Дамыған елдерде мемлекеттік бюджетті қабылдауда демократиялық процедуралар қатаң сақталады. Парламенттер және олардың комиссиялары бюджеттің әрбір бабына дейін тиянақты дәлдейді, өзгерістер мен қосымшалар енгізеді.

Шаруашылықтың рыноктық жүйесі қалыптасқан елдерде мемлекеттің бюджеттік реттеу функциясы жеткілікті дәрежеде және өсе түсу үрдісін байқатады. Бюджеттің көмегімен мемлекет тауар өндірушілерге реттеуші әсер етеді және солар арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал, жұмысшы күші рыноктарын реттейді.

Елде пайдаланылатын бюджеттер жиынтығы бюджеттік жүйе деп аталады. Қазақстан сияқты мемлекеттік құрылысы унитарлы елдерде мұндай жүйе, әдетте екі деңгейлі бюджеттерден құралады. Олар: республикалық және жергілікті бюджеттер.

Мемлекеттің бюджеттің құрылысы және қызметі келесі принциптерді басшылыққа алады:

1. Бюджеттік жүйенің біртұтастығы принципі құқықтық негіздің бірлігін, бюджеттік құжаттар мен жіктеулердің бір сипаттылығын, барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс және шығыс бөліктерін құрудың ортақ ережесін, олардың қарама-қайшылықсыз екендігін көрсетеді.

2. Бюджеттердің дербестігі принципі бюджетті жасау мен қолданудағы заң шығарушы және атқарушы биліктердің құқықтық дербестігін білдіреді.

3. Толықтық принципі бюджеттің кіріс, шығыстарын барлық түсім көздерін және бюджеттен қаржыландырылатын шығындарды барлық баптар бойынша толық көлемде анықтауды талап етеді.

4. Теңгерімділік принципі бюджеттің кірістері мен шығыстарының сәйкестігін қажетсінеді.

5. Жариялылық (ашықтық) принципі бюджетті қарастыру және қабылдау процедураларын бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауды қалайды.

6. Бюджеттік қаражаттардың арнаулы және мақсатты болуы принципі бұл қаражаттардың нақты алушыларын және нақты мақсатқа жұмсалатындығын көздейді.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің қаржылық функцияларын жүзеге асырады. Бюджеттік қатынастар арқылы мемлекеттің қолында ақшалай қаражаттар жинақталады және олар мемлекеттік бюджеттік реттеудің жиынтық функциясын құрайды.

Фискалдық функция мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет қызметінің қаржылық негізін құрайды, мемлекеттік шығындарды салықтық және басқа да түсімдер есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады.

Бюджеттің бөлу функциясы мемлекетте шоғырланған ақшалай қаражаттарды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, экономикалық саясатты жүргізу, салалар мен аймақтарды қаржылық қолдау кезінде көрінеді.

Бақылау функциясы қаржылық ресурстардың мемлекеттің қарамағына өтуін, қаражаттарды бөлудегі пропорциялардың сақталуын және бюджеттік қаражаттардың қалайша пайдаланылуын қадағалайды.

Мемлекеттік бюджет экономиканың құрылымдық буындарында жүріп жатқан экономикалық үдерістерді анықтай отырып, ақшалай қаражаттардың қайда, қашан және қандай көлемде түсіп жатқанын көрсетеді.

Мемлекеттік бюджет қызметтері бюджеттік механизмді, яғни бюджеттік саясаттың нақты жүзеге асуын, оның экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мақсаткерлігін айқындайды. Мемлекеттік бюджет қолда бар ақшаны жөнімен пайдалану арқылы экономиканы реттейді. Реттеу формаларына өндірісті субсидиялау және қаржыландыру, мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру, әлеуметтік сфераны қаржыландыру жатады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу| Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)