Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу

Инвестициялық үдерістер белсенділігін арттырудағы мемлекеттің рөлі | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу | Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы | Леуметтік реттеудің формалары, әдістері, құралдары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Қолда бар табыс қажетті шығындарды жүзеге асыруға жетіспейтін жағдайда бюджет тапшылығы туындайды.

Бюджет тапшылығы – бұл бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен артып кетуі. Бюджеттік тапшылық жағдайында мемлекетке өзінің функцияларын қалыпты атқаруға қаражат жетіспейді де ішкі және сыртқы қарыздарға жүгінуге тура келеді. Мұның өзі, ең алдымен кредиттік жүйе ұйымдарына бүкіл ақша айналымының орнықтылығына теріс әсер етіп, инфляцияның, қаржылық дағдарыстың себебіне айналады. Бюджет тапшылығы міндетті түрде ел экономикасында төтенше жағдайдың қалыптасуын көрсетпейді. Оның экономика дамуына ірі мемлекеттік салымдарды жүзеге асыру негізінде пайда болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар, әскери қақтығыстар, стихиялық апаттармен байланысты алдын- ала жоспарланбаған, бірақ шығындарды қажетсінетін жағдайларда туындауы ықтимал. Сондықтан, шектеулі бюджеттік тапшылықтан емес, қайтарымы қиын, өсе түсу үдерісі бар тапшылықтан сақтану қажет.

Егер еңсеру перспективасы бар бюджеттік тапшылық туындаса және ол жалпы ішкі өнім мөлшеріне қатысты үлес салмағы шамалы болса, мұны шектен тыс оқиға ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Бірақ, бюджет тапшылығы тереңдеп экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды – күйзеліс, қаржы жүйесінің тиімсіздігі сияқты оқиғаларды көрсететін болса, онда бұл құбылыстар мен табыстар арасындағы едәуір айырмашылықты еңсеру үшін түбегейлі шаралар қолдану керек. Әдетте, кірістер сомасының 10%-ына дейінгі бюджет тапшылығы шыдауға болатын құбылыс ретінде саналса, 20%-дан астам тапшылық қауіпті деп есептеледі.

Бюджет тапшылығының негізгі себептеріне өндіріс тиімділігінің төмендігі, едәуір әлеуметтік шығындар, бюджеттік механизмнің әлсіздігі салықтан жалтару, сондай-ақ шаруашылық байланыстары мен халықаралық экономикалық интеграцияның осалдықтары жатады.

Қазақстан Республикасында орын алған өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы бюджеттік дефицит, ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығындағы бюджеттік профицитке (кірістің шығыстан артуы) ұласты.

Бюджеттік тапшылықты қысқарту үшін әртүрлі формадағы ішкі және сыртқы мемлекеттік кредит пайдаланылады. Бірақ, Ұлттық Банктің кредиттерін шамадан тыс пайдалану, оның үстіне банкте қосымша ақша басып шығарудан басқа кредиттеу ресурсы болмаса, онда инфляция күшейеді. Кредит түрінде тұрғындардың, кәсіпорындардың банктердің ақшалай қаражатын мемлекеттік облигацияларға айырбастап алу (сатып алу) тұйықтыққа тіреуі мүмкін, себебі, облигацияларда өтеу және пайыздарды төлеу онсыз да едәуір тапшылықты ұлғайта түседі де мемлекеттік борышты арттырады.

Мемлекеттік қарыз екі құрамдас бөліктен қалыптасады: қатері кемшін ішкі қарыздар мен артар жүгі ауыр сыртқы қарыздардың айырмашылығы сонда егер біріншісін өтеу немесе қайта құрылымдау туралы ішкі кредиторлармен келісу оңайырақ болса, атқарылуы сыртқы кредиторларға байланысты сыртқы қарыз қиындықтар туғызады.

Мемлекеттік борыш экономиканың бір қалыпты қызметін күрделендіре түсетін ауыртпалық болып табылады. Мемлекеттік борыштың өсуі экономикадағы капитал запасын қысқартады, өйткені жинақты иемденуші оны экономикаға инвестициялаудың орнына мемлекеттік облигацияларды сатып алып мемлекетті қаржыландырады. Сондықтан мемлекеттік борыштың болуы акционерлік капиталдың үлесін оның потенциалды мүмкіндігіне қатысты төмендетеді. Жинақтардың кемуі инвестициялардың кемуіне әкеледі де өндірістің көлемін қысқартады.

Бюджет тапшылығын еңсеру ең алдымен өндірісті дамытуға, меншіктің барлық формасындағы кәсіпорындар мен шаруашылық салаларының орнықтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті жандандыруға байланысты.

Бюджеттің шығындарын төмендетуге бюджеттік қаражаттарды инвестициялау бағыттарын өзгерту арқылы, әртүрлі өндірушілердің шартты жағдайын ескеретін мақсатты қаржылық жеңілдіктер мен санкцияларды пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Шығындарды кемітудің маңызды жолдары артық әскери және басқа да шығындарды азайту, тек аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік бағдарламаларды ғана қаржыландыру, нақты қаржылық базасы жоқ шараларды бюджет есебінен жүзеге асыруға тыйым салу болып табылады.

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттермен қатар мемлекеттік ақшалай ресурстарды пайдаланудың басқа да формалары қолданылады. Солардың бірі – жеке табыстар есебінен құралатын, салыстырмалы дербес қаржылық ресурстар түріндегі бюджеттен тыс қорларды құру. Мемлекеттік бюджет көбінесе қаражаттың жинақылығын қамтамасыздандырады, қажетті жағдайда оларды әртүрлі шығындар үшін қайта бөлуге болады. Қаражатты осылайша қайта бөлу кезінде әлеуметтік қажеттіліктер қағажу қалмас үшін мемлекет арнаулы бюджеттік емес қорлар құрады.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік билік органдары қарамағында болады, оларды қалыптастыруды және қызметін мемлекет реттейді. Қазіргі жағдайларда бюджеттен тыс негізгі әлеуметтік қорларға мемлекекттік әлеуметтік сақтандыру қоры, зейнетақы қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры жатады.

Экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы орнықтырушы (тұрақтандырушы) қор құрылады. Қазақстанда мұндай қор ұлттық қор деп аталады.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік бюджетті пайдалану мен қозғалысын реттеу туралы әртүрлі концепциялар бар.

Айталық, теңдестірілген бейтарап (нейтралды) бюджет концпециясы ұдайы өндірістік-экономикалық проблемалардың бар, жоғынан тәуелсіз кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі жағдайында тапшылықсық мемлекеттік бюджет негізіндегі экономиканың орнықты қаржылық ортаны ұстап тұру принципіне негізделеді. Мұндай енжар (пассивті) концепция шеңберінде мемлекеттік бюджет қаражаттарды жинақтау және соған сәйкес тек қана мемлекеттік мұқтаждықтарға жұмсау міндеттерін атқаруға арналған.

Экономикаға мемлекеттің әсері туралы кейнстік доктринаға сәйкес келетін концепция бойынша, яғни экономиканы бюджеттік орнықтыру (тұрақтандыру) концпециясы экономиканың орнықты қызметі бұзылған жағдайда немесе дағдарыстық жағдайдың болуы немесе күтілуі кезінде мемлекет тапшылыққа қарамастан бюджеттік қарыздануға дейін барып инфляцияны, жұмыссыздықты, тауарлар мен қызмет көрсетулерге енжарлықты еңсеру үшін қаржылық ресурстарды жұмсауға құқылы. Бұл жағдайда, әрине мемлекеттік бюджет өзінің тепе-теңдігін жоғалтады, бірақ экономиканы тұрақтандыру үшін бюджеттің өзін белсендіреді.

Мемлекеттік бюджеттің ұтымдылығын жоғарылату критерийлеріне:

- елдің жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны;

- бюджеттегі даму қорының үлесі;

- бюджеттік тапшылық;

- жинақталған мемлекеттік қарыз (ішкі және сыртқы);

- инфляция деңгейі;

- жұмыссыздық деңгейі жатады.

Мемлекеттік бюджеттің тиімділігі туралы байламды жоғарыдағы көрсеткіштерді олардың динамикасында қарастыру негізінде айтуға болады.

Ізденіс сұрақтары

1. Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі

2. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері

3. Бюджеттеу – мемлекеттік реттеу формасы ретінде

4. Мемлекеттік бюджет құрылуының принциптері

5. Бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу

6. Бюджеттік үдеріс тізбегі және тәртібі

7. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу шаралары


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 380 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу| Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)