Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ж.ақпан төңкерісі және Қазақстанда Уақытша Үкімет органдарының құрылуы

Азақ жүздерінің қалыптасуы | Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы | Н мемлекеті,қоғамдық-саяси құрылымы | Түрік қағанатының құрылуы.Батыс - түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы. | Имақ-қыпшақ конфедерациясы | Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі | Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері | Игельстромның реформасы | Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.

1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.

Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, Ж.Бабаев, Х.Фариденов).

 

Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан) автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан) автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы.

42.алаш қозғалысы.Алашорда (жалпы қазақ съездері,алаш бағдарламасы)

Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздік жолындағы күресуші қайраткерлері "Алаш" партиясының төңірегінде топтасты.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпы қазақ сьезінде ұлттық демократиялық саяси "Алаш" партиясы құрылды. Партияның бағдарламасын жасау жөнінде қаулы қабылданды. Ұзамай партияның Семей, Омбы, Торғай, Орал облыстық комитеттері құрылды.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров т.б. бір топ қайраткерлердің атынан 1917 жылы "Қазақ" газетінің 21 қарашадағы санында "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды.

1917 жылы 5 желтоқсанда Орынборда жалпы қазақ-қырғыз сьезі ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан бәрі 82 өкіл қатысты. Сьездің құн тәртібінде 10 мәселе қойылды. Соның алтауы таза мемлекеттік-құқықтық мәселелер болды. Олар 1. Сібір Түркістан автономиясы һәм юго-восточный союз туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесі. 8. Народный сот. 9. Аулное управление.

Сьездің басты мәселесі ұлттық автономия түріндегі мемлекеттікке қол жеткізу болды. Сьезд қаулысыңда:

I. Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөліміндегі қазақ уездері. Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға.

II. Қазақ-қырғыз автономиясы "Алаш" деп аталсын. Осылай жаңа "Алаш" автономиясы құрылды. Бұл автономиялы мемлекеттің құрылуы болды.

"Алаш" автономиясы партия бағдарламасында көрсетілгендей "қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе бірден-ақ жеке болу" сипатында болды. Ресейдің құрамынан шығып кететіндей тарихи мүмкіндіктің жоқ екенін "Алаш" көсемдері жақсы түсінді. Жоспардағыдай етене жақын қырғыз халқымен бір автономия ретінде құрылды.

Сьезде "Алаш" автономиясының орталық атқарушы-өкімші органы Ұлт Кеңесі — Алашорда үкіметі құрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгілеңді. Соның 15-і сьезде сайланды. 10 орыс басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. Мұның өзі "Алаш" автономиясында ұлт мәселесінде дұрыс та сындарлы бағыт болғандығын көрсетеді.

"Алашорда" — Ұлт Кеңесі үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орган автономияның орталық билігі болып табылды.

Алашорда үкіметі мен Кеңес үкіметі арасындағы қатынас бірден-ақ күрделі болды. Кеңес үкіметі ұлттарға кеңестік түрдегі автономия беруді жоспарлады. Кеңестік автономия пролетарлық интернационализм типіндегі жұмысшы табы мен шаруалардың диктатурасына сүйенген билік болуы қажет болды. Ал "Алаш" автономиясы мұндай принципке қарсы болды. Алаштың идеалы ұлттық-демократиялық билік болды. Кеңес өкіметі Алаш үкіметін байлардың, қанаушылардың, капиталистердің мүддесін көздеуші билік деп бағалады.

Дегенмен азамат соғысы жағдайында өмір сүріп жатқан
Кеңес өкіметі Алаш басшыларымен келіссөздер жасауға
мәжбүр болды.


Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 798 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары| ПД-201-2р. Фонетика изучаемого языка

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)