Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі

Азақ жүздерінің қалыптасуы | Йсін тайпа бірлестігі,мемлекеттік құрылымы | Н мемлекеті,қоғамдық-саяси құрылымы | Түрік қағанатының құрылуы.Батыс - түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы. | Игельстромның реформасы | Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері | Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары | Ж.ақпан төңкерісі және Қазақстанда Уақытша Үкімет органдарының құрылуы |


Читайте также:
  1. A) жалпылама ақпарат жүйесі
  2. E) саяси белгісіне қарай сегменттеу
  3. Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері
  4. азақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
  5. Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
  6. Ас қорыту жүйесі
  7. Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері.

XII ғасырда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, дүниежүзінің тарихи-географиялық жағдайын күрт өзгерткен ірі оқиғалар болды. Бұл өзгерістер Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған монғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Асқан қолбасшы, шебер ұйымдастырушы дүниежүзін түгелдей жаулап алып әлемдік империяға құруға ұмтылған Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары әлемнің үлкен бөлігін басып алды. Монғол әскерлері Қытайды, Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Монғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. Басқа әулеттің билікке қол созуға құқығы болмады. Артықшылықпен пайдаланатын Шыңғыс әулетінен тараған ұрпақтар жалпы ақсүйек-төрелер, ал ру-тайпа басындағыларын сұлтандар деп атады. Тіпті ол мемлекеттер бытырап бөлініп қайта құрылған жағдайда да басқа ақсүйек емес әулеттер билікке келе алмады. Мұның екі себебі болса керек. Біріншіден, Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі зорлықпен және насихатпен қоғамдық санаға сіңіріліп дәстүрге айналды. Екіншіден, мұндай дәстүрді бұзу арқылы билік басына келген бөтен әулеттерді Шыңғыс тұқымдары қатаң жазалап жойып жіберіп отырды. Тіпті құдіретті Әмір Темірдің өзі бұл дәстүрді қатаң сақтап "хан" деген лауазымды алмай "әмір" атағымен шектеліп, жанында Шыңғыс ұрпағынан хан ұстады. Оның үстіне Әмір Темір Шыңғыс әулетіне күйеу— гураган атағын алған және өзін Шыңғыстың жолын жалғастырып, оның империясын қалпына келтіруші санады.

Монғол үстемдігі орнаған территорияларда Шыңғыс ұрпақтарының ел билеу дәстүрі берік сақталып келді. Қытайда болсын, Иран мен Орта Азияда болсын Шыңғыс ұрпақтары ел билеу дәстүрін және жаулаушылық саясатын онан әрі жалғастыра берді.

Мәселен Қазақстан жерінде орнаған мемлекеттерден олар тарихи сахнадан кеткенше Шыңғыс ұрпақтарының мемлекет басқарғанын көреміз. Қазақстан жеріндегі мемлекеттерге Шығыстың үлкен баласы Жошы ханның және екінші ұлы Шағатайдың ұрпақтары билік құрды.

Шыңғыс хан көзінің тірісінде өзі жаулап алған жерлерін үлкен әйелінен туылған төрт ұлына бөліп берді. Бұл жерлер ұлыстар деп аталды. Үлкен ұлы Жошының ұлысына Ертіс өзенінен батысқа қарай монғолдардың атының түяғы жеткен жерлер берілді. Сонда Шығыс, Орталық, Батыс Қазақстан немесе еліміздің көпшілік бөлігі Жошы ұлысына кірді.

Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Жетісу, Сырдарияның бойы және Мавереннахр берілді. Үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен Тарбағатай өңірі берілді. Кіші ұлы Төлеге шаңырақ иесі ретінде Монғолия және Қытай берілді.

Сонда Қазақстан территориясы түгелге жуық негізінен Жошы мен Шағатай ұлысына қарады, Шығыс Қазақстанның аз ғана бөлігі Үгейдей ұлысына кірді.

Жошы ұлысының мұрагері оның ұлы Бату хан болды. Бату хан Шыңғыс ханның жорықтарын жалғастырып орыс князьдарын, Чехословакия, Польша, Венгрия, Югославия, Румыния жерлерін басып алып Адриат теңізіне жетті. Осы Ұлан байтақ жерде Батудың 1242 жылы негізін салуымен Алтын Орда атты алып мемлекет дүниеге келді.

Шығыс ханның жаулап алған территориялары алғашқы кезеңде бір мемлекет болып есептелді. Мемлекетті елдің астанасы Қарақорымда отырған Ұлы хан басқарды. Шыңғыстан кейінгі ұлы хан оның өсиеті бойынша сайланған Үгедей (1227-1241) болды. Онан кейін Күйік (1242-1248) (1246 жылға дейін оның шешесі Турака регент болды), онан соң Мөңке (1248-1260), Құбылай (1260-1295), Ұлы хан болды. Ұлыханды Шыңғыс ұрпақтарынан тараған ұлыс басшылары, ірі қолбасшылар мен Шыңғыстың басқа да ұрпақтарының Ұлы Құрылтайы (жиналысы) сайлады. Ұлы Құрылтай Шыңғыс империясының ең жоғарғы органы болды. Ұлы Құрылтайды өткізуге дайындық аса жауапты түрде жүргізілді. Онда Шыңғыс ұрпақтарының арасында билік үшін үлкен күрес жүргізілді. Мәселен 1242 жылғы Ұлы Құрылтайға Европаны жаулауды тоқтатып қайтып келе жатқан Батуды әдейі күтпеді. Себебі Ұлы хандыққа Батудың өзі немесе оның жақтасы етіп кетуі әбден мүмкін еді. Оның есесіне Бату хан өз Ұлысы Алтын Орданың негізін салды. Дегенмен ол Ұлы ханға бағыныштылығын сақтады. Батудың қолдауымен Ұлы хан болып Күйіктен соң Мөңке сайланды.

Алып империяны бір орталықтан басқару мүмкін болмады. Біртіндеп ұлыстар өз билігін қолдарына алды.

Шыңғыс ханның заңдарыұлы жасақ Шыңғыс ханның осыншама үлкен жерлерді басып алып, оны ұстап тұруында және оның ұрпақтарының бірнеше ғасырлар билікті қолда сақтауында, оның шығарған заңдары Ұлы жасақтың (ясының) ерекше ролі болды. Ясак, жасақ немесе заңдар Монғол мемлекетінің күре тамыры болды. Шыңғыс хан заңдары Ұлы жасақ деп аталды. Ұлы жасақ биліктен және жасақтан тұрды.

Заңның Ұлы "Жасақ" (ясак, ясы) деп аталуы моңғолдардың қоғамының әскериленген қоғам болуына байланысты деуге болады. "Жасақ" дегеннің өзі осы күнге дейін әскер, құрама деген ұғымды білдіреді.

"Ұлы жасақтың" бірінші бөлімі "Билік" мемлекет басқару ісіне арналған. Екінші бөлімі "Жасақ" жалпы тәртіпке және әскери құрылысқа арналған. Монғол империясы бір орталыққа бағынған, темірдей тәртіпке негізделген, көп сатылы басқару органдары бар мемлекет болды.

"Ақылдылар мен жігерлі жастарды әскерге бек (бастық) еттім; пысықтар мен жылдам қимылдайтындарды қолдарына қажетті нәрселерін беріп табындарға бастық еттім; ақылы аздауларға қолына кішігірім қамшы беріп қойшы қылдым" делінген Шыңғыс заңдарында.

"Аспандағы құдіретгі Құдайдың дем беруімен жеңімпаз күш беріліп, жерде игілік орнады, той мен сайрандау орын алды. Мұнан кейін де бес жүз жыл, мың жыл, он мың жыл менен туған ұрпақтар халыққа жағымды Шынғыс ханның осы юсуны мен "жасағын" өзгертпесе аспаннан оларға әрдайым күш пен көмек келіп, Жаратушы оларға игілік береді, адамдар олар үшін жалбарынады, ал олар мәңгілікті болып және молшылықтың рахатын көреді" деп Шыңғыс хан өзінің және ұрпақтарының билігін мәңгі етуді заңдастырды. Ол үшін мемлекетте жақсы жұмыс, қатандық пен бекемдік болуы қажет деп көрсетті.

Онан кейін көп мемлекет басшылары шығып жасақ сақталмаса, мемлекет шытынап жарылады да Шыңғыс ханды қайтып іздегенмен таба алмайды деп өсиет етті.

"Билікте" қолынан іс келетін адамдарға жағдай жасалды. Оның 4-бабында "өз үйін басқара алатын кез келген адам ұйымды, мекемені де басқара алады, белгілі шартқа орай он адамды ұйымдастыра алған адамға мыңдықты да беруге болады және түменді де ол жақсы ұйымдастыра алады" (Түмен-онмыңдық).

Он адамды ұйымдастыра алмаған бектің әйелі де, балалары да кінәлі, оның орнына сол ондықтан басқа адам сайланады. Осылай мыңбасы және түменбасы жөнінде де болады.

Адамдардың ақыл-ой, қабілетін бағалай білген Шыңғыс хан "Үш адамды тыңдатып келістірген кез келген сөзді басқа жерде де айтуға болады", дейді "Билікте" (7-бап).

"Жасақтың" тәртібі бойынша жасы үлкен кісіге келген адам алдымен сөз бастамай, оның сөз бастауын күтуі тиіс.

Шыңғыс хан заңдарында әскерге ерекше көңіл бөлінді. Бүкіл халық қаруланған әскер түрінде болды. Әрбір ер адам сирек кездесетін жағдайда болмаса әскери міндетті болды (15-бап). Ал әскерге алынбай қалған ер адам белгілі уақыт ақысыз мемлекетке қызмет атқарды (17-бап). Соғыс жағдайында бірде-бір жауынгердің рұқсатсыз шегінуге құқы болмады. Темір тәртіпке негізделген отрядтар соңғы адамы қалғанша соғысуға тиіс болды.

Империя әскері орта, сол қанат және оң қанат болып сап түзеді. Әр топ он мыңдаған тіпті жүз мыңнан аса адамнан тұрды. Әр топтың (қанаттың) басшысын Шыңғыс ханның өзі тағайындады. Әскер ондық, жүздік, мыңдық, түмен сияқты бөліктерге бөлінді. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы және түменбасылар басқарды. Бейбіт кезде түменбасылар "әскери генерал-губернатор" сияқты азаматтың билікті де жүргізді. Мыңбасы мен жүзбасылар да осындай міндеттер атқарып белгілі аумақтарға басшылық етті.


Дата добавления: 2015-11-13; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Имақ-қыпшақ конфедерациясы| Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)