Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ас қорыту жүйесі

Читайте также:
  1. A) жалпылама ақпарат жүйесі
  2. Дәріс 7. Темір – көміртегі жүйесінің (Ғе – С) күй – кесте сызбасы. Fе – Fе3С жүйесіндегі фазалар.
  3. Курстық жобаға тапсырма. Абоненттік байланыс жолын нөмірлеу жүйесін іске асыру
  4. Курстық жобаға тапсырма. Абоненттік байланыс жолын нөмірлеу жүйесін іске асыру
  5. Лы Ұлыс мемлекеті,қоғамдық саяси құрылымы,құқық жүйесі
  6. Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз

 

#1

*!38 жастағы әйел созылмалы ішек ауруымен, тоқ ішектің барлық бөлігіндегі қабыну үрдісімен, биопсияда шырышты эпители десквамациясы, бездің дисплазиясы анықталды. АНЦА – оң. Сертралин (антидепрессант) қабылдауына байланысты депрессия анық түрде. Науқас темекі шегеді, күніне 1 қораптан. ИМТ- 18. Оральды контрацептивті қабылдайды. Мына науқасқа қандай кеңес беру керек, аурудың рецидивті қаупін төмендету үшін?

 

*Ішек инфекциясынан сақтану керек

*Оральді контрацептивті заттарды қолданбау

*Салмақ қосу ИМТ 22-25–ке дейін

*Антидепрессант қолданбау

*Темекі шекпеу

 

#2

*!Арнайы емес жаралы колиті бар науқасты тексеру кезінде полип сияқты түзіліс анықталады. Қандай тактика ең дұрыс?

*колонэктомия

*динамикалық бақылау

*полиптің резекциясы және биопсиясы

*полиптің резекциясы және айналасындағы тіндердің биосиясы

*полип бар ішектің резекциясы 15 см емес

#3

*!Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруын емдеуге мына препараттарды тағайындаған Барынша тиімді?

 

*маалокс, фамотидинді

*омепразол, трихополды

* итоприд, рабепразолды

*омепразол, амоксициллинді

*омепразол, висмут субциттратын

#4

*!Созылмалы гастриттердің ерекше түрлеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:

 

*атрофиялық емес

* эозинофильді

*атрофиялық аутоиммунды

*атрофиялық мультифокальды

*ассоциирленген Нelicobacter pylori

#5

*!Ішектегі эндогенді инфекцияның негізгі көзі болуы барынша мүмкін:

 

*сальмонеллалар, эшерихиялар

* клебсиеллалар, энтеробактериялар

*бифидобактериялар, стафилококтар

*бифидобактериялар, лактобактериялар

*лактобактериялар, ашытқы тәрізді Candida саңырауқұлақтар

 

#6

*!Шектен тыс микробты контаминация синдромының барынша мүмкін себептерін көрсетіңіз:

 

*АІЖ қышқылға тәуелді аурулары

*ферментативті препараттармен емдеу

* антибактериальды препараттармен емдеу

*он екі елі ішектің ойық жара ауруы

*Helicobacter pylory мен қосарласқан созылмалы атрофиялық емес гастрит

 

#7

*!Тамақтан соң басылмайтын, іштің жоғарғы бөлігіндегі айқын, көбінесе белдемелі сипатты ауыру сезімі; Шоффар, Губергриц зоналарында ауыру сезімі, төмендегі диагноздардың қайсысына БАРЫНША тән:

 

*асқазанның ойық жара ауруының өршуіне

*созылмалы панкреатиттің ауыру сезімді түріне

*созылмалы пиелонефрит, бүйректік ұстамаға

* созылмалы панкреатиттің үдемелі түріне

*созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

#8

*!Бауырдың пункциондық биопсиясы кезінде портальды жолдардың кеңеюі мен аздаған гистиолимфоцитарлы инфильтрациясы, купфер жасушаларының пролиферациясы, гепатоциттердің дистрофиялық өзгеруі (дәнді, баллонды, майлы) мынаған барынша тән:

 

*гепатозға

*Жильбер ауруына

* созылмалы гепатитке

*Вильсон-Коновалов ауруына

*некроздан кейінгі бауыр циррозына

 

#9

*!Қандай препарат бауырдың циррозымен ауыратын науқаста аурудың өршуін баяулатып, өмір сүру уақытын ұзартып, өңеш веналарының варикозды кеңеюі қаупін төмендетіп, бауыр трансплантациясына дейінгі уақытты ұзартуы барынша мүмкін?

 

*адеметионин

*силимарин

* урсодезоксихолды қышқыл

*эссенциале

*холестирамин

 

#10

*!Интоксикация, тремор, гипотония, гипогликемия, гипоксемия, гипоксия, электролитті баланстың бұзылуы, ТШҚҰ-синдромы, протеолитикалық ферменттердің активациясы мынаған барынша тән:

 

*цитолитикалық синдромға

*холестатикалық синдромға

* жедел бауыр энцефалопатиясына

*дисциркуляторлы энцефалопатияға

*резорбциялық-некротикалық синдромға

 

#11

*!Осмостық диареяның дамуымен жүретін мальабсорбция мынаған барынша тән:

 

*дисбактериозға

* Крон ауруына

*жаралы колитке

*жедел дизентерияға

*ішек туберкулезіне

#12

*!Өңештің қатерлі ісігі кезінде төменде келтірілген екіншілік симптомдардың қайсысының анықталуы БАРЫНША мүмкін?

 

*дисфагия, диареяның

*птоз, миоз, энофтальмнің

*жұтынған кездегі ауыру сезімі, қыжылдаудың

* көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, ықылықтың

*төс артындағы толып тұру сезімі, метеоризмнің

 

#13

*!Созылмалы аутоиммунды гастритте көрсетілген асқазан бөліктерінің қайсысы зақымдалуы БАРЫНША мүмкін?

*антральды

* фундальды

*кардиальды

*препилорикалық

*пилорикалық өзекше

#14

*!Ирригоскопиялық зерттеуде спецификалық емес жаралы колиттің бастапқы рентгенологиялық белгілеріне мынаның жатуы БАРЫНША мүмкін:

 

*псевдополипоздың

*гаустрациялардың жоқтығы

*тоқ ішектің ригидтілігі

* «дақылды» кілегейлі қабықшасы

*тоқ ішектің қысқаруы және жуандауы

#15

*!Ащы ішек ауруларында ауыру сезімі орналасуы:

 

*Оң мықын аймағында

*Сол мықын аймағында

*Іштің төменгі ортасында

* Кіндік аймағында

*Эпигастрий аймағында

 

#16

*!γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық көрсеткіштері болады?

 

*Мезенхималды-қабынулық синдром

* Холестаз синдромы

*Цитолиз синдромы

*Портокавальды шунттау синдромы

*Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы

 

#17

*!28 жастағы коагулограммасында бұзылыстары бар әйелде өт тас ауруы анықталды. Урсодезоксихолий қышқылымен пероралды литолитикалық терапиямен бірге дистанциялық соққы-толқындық литотрипсия жүргізу ұсынылды.

Препараттың ЕҢ ТИІМДІ тәуліктік мөлшері:

 

*5 мг/(кг.сут)

* 12,5 мг/(кг.сут)

*15 мг/(кг.сут)

*20 мг/(кг.сут)

*25 мг/(кг.сут)

 

#18

*!Асқазанның жара ауруымен ауыратын науқас эрадикационды терапия курсын алды. Емнен кейін науқасқа алдағы уақытта қандай зерттеуді жүргізу маңызды?

 

*Париетальды жасушаларға антиденелерді анықтау тесті

*Асқазан шырышты қабатына тікелей биопсия жасау

* H.pylory анықтау

*Асқазанды фракционды зондтау

*Эндоскопиялық pH-метрия

 

#19

*!Төмендегі келтірілгендердің ішінде қайсысы жедел панкреатиттің дамуына себеп болады?

 

* Алкоголь

*Вирусты инфекциялар

*Өттас ауруы

*Аутоиммунды патология

*Паразитарлы инфекциялар

*Дәрілік препараттарды қабылдау

 

#20

*!Казахстанда бауыр циррозының дамуының жиі себебі?

 

*Гепатотоксикалық заттардың әсері

*Бауырдың аутоиммунды аурулары

*Тұқымқуалаушылық ферментопатиялар

*Алкоголь қолдану

* HBV және HCV вирустары

 

#21

*!Бауыр циррозы бар науқасқа, этиологиясын анықтау үшін HBsAg, суммарлық anti-HCV антиденелері анықталған. Тексеру нәтижелері – теріс.

Ары қарай қандай диагностикалық тактика жүргізген жөн?

 

* Өткізілген тексеру скринингтік, толық ИФА маркерлерін анықтау қажет

*Церулоплазмин деңгейін анықтау қажет

*Бауырдың аутоиммундық ауруларының маркерлерін анықтау қажет

*Цирроз алкогольдік, ары қарай тексеру қажет емес

*Криптогендік цирроз, ары қарай тексеру қажет емес

 

#22

*!Науқаста «Бауыр циррозы, декомпенсирленген, портальді гипертензия, асцит» диагнозымен перифериялық ісіктер анықталған. Қандағы натридің көлемі – 112 ммоль/л. Бойы – 176 см, салмағы – 82 кг. Тағаындалған терапия: Сұйықтық пен тұзды шектеу, верошпирон. Егер ем дұрыс жүргізілсе, науқас тәулігіне қандай салмақ көлемін жоғалту керек?

 

*400-500 г

* 900-1000 г

*1200-1300 г

*1500-1600 г

*1700-1800 г

 

#23

*!Әйел 34 жаста, өт жолдарының дискинезиясының аралас түрімен ауыратын науқас 5 капсула урсодезоксихолен қышқылын (15 мкг/кг салмағына) қабылдаған.келесі күні таңертең іші өтке, бірінші жартылай қорытылған тамақ сосын су тәрізді болған. Науқаста диарияның қай түрі дамыды?

 

*Аралас

* Секреторлы

*Осмотикалық

*Экссудативті

*Гиперкинетикалық

 

#24

*!Өт қабында көбіне қандай тастар түзіледі?

 

*Холестеринді

*Билирубинді

*Аралас

*Кальцилы

*Оксалатты

 

#1

*!52 жастағы ер адам, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Жоғарыда айтылған симптомдар 20 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы 70 кг, бойы 164 см.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

* кардия ахалазиясының

*өңеш дискенезиясының

*өңеш дивертикулысының

*өңештің пептикалық жарасының

*гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

 

#2

*!37 жастағы әйел тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*өңештің қатерлі ісігінің

*кардия ахалазиясының

*өңеш дивертикулысының

*өңештің пептикалық жарасының

* өңештің диафрагмалық саңылауының жарығының

 

#3

*!47 жастағы ер адам, бір жыл бойы алкоголь, кофе және цитрус тағамдарын қабылдағанда пайда болатын кеуде артындағы ауырсыну және қыжылдауға шағымданады. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*висмут сульфаты

*алюминий сульфаты

*омепразол

* итоприд

*рамепрозол

 

#4

*!45 жастағы әйел қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемеге байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Жұтынуын жеңілдету үшін тамақтану кезінде кеудесін артқа шалқайтады. Бұл симптомдар 10 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

 

*карведилола

*лактулозы

*фозинприла

* нифедипинді

*кандесартан

 

#5

*!Асқазанның жарасы бар ер адам тамақ қабылдаудан кейін пайда болатын айқын қайталамалы ауыру сезімінің антацидтер мен тағам қабылдауға тәуелділігі жоғалып, ауыру сезімінің сипаты өзгеріп, күшейген, тұрақтыланған және кейде өткір болатыны байқалған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

 

*перфорацияның

*қан кетудің

* перивисцериттің

*12-елі ішекке кіре берістің стенозының

*реактивті панкреатиттің

 

#6

*!45 жастағы әйел, 3 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан, сонан кейін іш кебулер мен іш өтулер байқалған. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

 

*креонды

*дротаверинді

* урсодезоксихолды қышқылды

*смектитаны

*активирленген көмірді

 

#7

*!28 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ұстамаға; өт аралас құсыққа шағымданып түсті. 12 елі ішекке зонд салу кезінде барлық үш порцияда – шырыш, лейкоциттер, IV порцияда – лямблиялар анықталды.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*созылмалы холангиттің, өршу сатысы

*созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

*калькулезды холециститтің, өршу сатысы

* созылмалы лямблиозды холециститтің, өршу сатысы

*өт қабының гипертониялық типінің, дискенезиясы

 

#8

*!38 жастағы ер адам, тамақты көп қабылдағанда, салқындағанда, жүргенде, селкілдегенде іштің сол жақ бөлігіндегі және бел аймағында пайда болатын және но-шпа, баралгин қабылдағаннан кейін азаятын лоқсу, ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тілі ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сипағанда сол жақ қабырға асты, сол жақ қабырға-омыртқалық бұрышында ауыру сезімі (Мейо-Робсон симптомы).

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

 

*асқазанның ойық жара ауруы

*созылмалы пиелонефрит

*зәр тас ауруы, бүйректік ұстама

* созылмалы панкреатит, ауыру сезімдік түрі

*он екі елі ішектің ойық жара ауруы

 

#9

*!56 жастағы механик ер адам, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауыру сезіміне, сарғаю, зәрдің қараюы және нәжістің түссізденуі, терінің қышуы, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақтың іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 мм/сағ, аздаған анемия (Нв - 100 г/л), жалпы билирубин - 90 мкмоль/л, тікелей - 65 мкмоль/л, тимол сынамасы – 5 бірл., АЛТ – 0,65 мкмоль/л. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен емізікшесінің аймағында контрасты заттың өткізгіштігі бұзылған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

 

*созылмалы гепатит

* Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі

*ұйқы безінің қатерлі ісігі

*созылмалы тасты холецистит

*созылмалы псевдотуморозды панкреатит

 

#10

*!66 жастағы ер адам, соңғы екі ай бойы ентігу, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, эпигастрий аймағындағы ауыртпалық, ішінің кебуі, зәрінің бөлінуінің азаюына шағымданады. Бір жыл бойы терісінің қышуы мазалаған. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары аздап сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см төмен, тығыз, ұшы үшкір. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: Нв - 108 г/л, тромбоциттер – 182 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Бұл дерттің БАРЫНША ерте белгісіне жатады:

 

*асцит

* терінің қышуы

*спленомегалия

*дене салмағының төмендеуі

*диспепсиялық көріністер

 

#11

*!56 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты В гепатиті. Қарағанда терісі мен склералары сарғайған, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші кепкен, асцит есебінен ұлғайған. Гепатоспленомегалия. Гемоглобин - 110 г/л.

Емдік шаралардың қайсы жоспары барынша тиімді?

 

*вазопрессинді енгізу

*плазмаферез жасау гептрал

*өңештің баллонды тампонадасы

*эритроцитарлы массаны құю

* акрилатпен склерозирлеу

 

#12

*!59 жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрийдегі ауырлық сезім, айқын терінің қышуына шағымданады. Соңғы 1,5 жыл бойы терінің қышуы мазалайды. Тері және склералары сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, ұшы үшкір. Спленомегалия.

Терінің қышуын емдеу үшін қолдану барынша тиімді:

 

*аллохолды

*хофитолды

*холензимді

*хологогумды

* холестираминді

 

#13

*!Созылмалы вирусты гепатиті бар 39 жастағы әйелдің қанында билирубин - 148 ммоль/л, тікелей билирубин – 102 ммоль/л, АСТ - 64 Б./л, АЛТ - 78 Б./л, сілтілі фосфатаза - 210 Б., холестерин - 5,2 мкмоль/л.

Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

 

*ЛИВ-52

*силимарин

*адеметионин

* урсодеоксихолий қышқыл

*эссенциале

 

#14

*!Айқын интоксикациялық синдромы бар созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын ер адамның емдік шараларының жоспарына қосу барынша тиімді:

 

* 5% глюкоза, лактулозаны

*2,5% глюкоза, Рингер ерітіндісі

*0,9% NаCL ерітіндісі, К витамині

*10% глюкоза, фолий қышқылы

*Рингер ерітіндісі, А тобының витаминдері

 

#15

*!72 жастағы ер адам, 10 күн үлкен дәреттің болмауына, барлық іш аймағындағы жағымсыз сезіміне, іштің кебуіне шағымданады. Қарап тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі астеникалық. Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кіндік және сол жақ мықын аймағы сезімтал. Құрсақ қуысының тартылу симптомы күмәнді.

Келесі көрсетілген жүргізу тәсілдерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

 

*амбулаторлы емге жіберу

* хирургиялық бөлімге шұғыл жатқызу

*хирургиялық бөлімге жоспар бойынша жатқызу

*гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл жатқызу

*гастроэнтерологиялық бөлімге жоспар бойынша жатқызу

 

#16

*!34 жастағы ер адам, тамақтанғаннан 1,5 х 2 сағ кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырсыну, түнгі ауырсыну сезіміне, іш қатуға бейімділікке шағымданады. Бір жыл бұрын асқазанның ойық жарасы перфорациясымен асқынған.

Асқазанның ойық жарасы төмендегі келтірілген бөлімдерінің қайсысында орналасу БАРЫНША мүмкін?

 

*асқазанның кіші иінінде

*асқазанның антральды бөлігінде

*асқазанның үлкен иінінде

* 12 елі ішектің пиязшығында

*асқазанның пилорикалық өзекшесінде

 

#17

*!21 жастағы әйел психоэмоциональды жағдайда ауамен кекіру, қысылу сезіміне, тамақтан кейін эпигастрийде керу сезіміне, кекіруден кейін басылатын жүрек қағуына, ауаның жетіспеуіне шағымдары. Қарап тексергенде: іші кебулі. Рентгенде диафрагманың жоғары тұруы, асқазанда үлкен газдың болуы, тоқ ішектің сол жақ бұрышында көп мөлшердегі газдың жиналуы, ЭКГ-да, ЭФГДС, УДЗ-де құрсақ қуысында патология анықталынбады.

Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

* аэрофагия

*пилороспазм

*ішектің тітіркену синдромы

*созылмалы беткейлік гастрит

*функциональды жарасыз диспепсия

 

#18

*!29 жастағы әйел үлкен дәреттен кейінгі басылатын іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, іш қатуға шағымданады. Об-ті: тоқ ішек бойының ауырсынуы. Копрологияда көптеп шырыш анықталды, рентгенологияда – ішектің түйіліп, жиырылған және кеңейген аймақтарының кезектесуі, колоноскопияда – түюілуге бейімділік.

Тағам рационына қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?

 

* жарманы

*балық сорпасын

*құнарлы сүтті

*ет сорпасын

*сүт өнімдерін

 

#19

*!63 жастағы әйелді, іштің ауыру сезімімен қосарласатын іштің өтуі, газ шыққасытын басылатын ауыру сезімі мазалайды. Ауруын 1 жыл бұрын ішектің қатерсіз ісігіне жасалған операциямен (анастомозымен) байланыстырады. Іші кепкен. Сутектік сынама (лактулозамен жүктегеннен кейін) оң. Ащы ішекті аспирациясын егу бактериалардың көп мөлшерде өсуін көрсетеді.

Пациентте дамыған синдромболуы БАРЫНША мүмкін?

 

*ілмекке алып келетін синдром

*жарасыз диспепсиялық синдром

*ішектің тітіркендіргіштік синдромы

*дисахаридазотапшылық энтеропатия

* ашщы ішектің микробты контаминациясы синдромы

 

#20

*!51 жастағы ер адам, жиі іш өтуі, іштің ауыру сезімі, әлсіздік, 6 кг-ға дейін арықтауына шағымданады. Қарап тексергенде терісі құрғақ, іші кепкен, сутектік сынама оң. Рентгенологиялық зерттеуде дуодено-еюнальды дивертикул анықталған.

Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

 

*ферменттер мен витаминдер

*абсорбенттер мен ферменттер

* антибиотиктер мен витаминдер

*витаминдер мен нитрофурандар

*5-амино-салицил қышқылының туындылары

 

#21

*!65 жастағы ер адамды спазмоликтер және ауырсыздандыратын дәрілік заттармен иньекциядан кейін басылмайтын, эпигастрий және сол қабырға астындағы өте күшті, жылдам өршитін қатты ауыу сезімі, дене қызуының көтерілуі, тек ет тағамдарына емес, барлық тағам түрлеріне тәбетінің төмендеуі, сарғаю және тері қышуы мазалайды.

Сынықтардың себебі немен байланысты болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*Ұйқы безінің ісігімен

*Сүйек тініндегі калий құрамының төмендеуімен

*Сүйек тініндегі кальций құрамының төмендеуімен

*Сүйек тініндегі фосфор құрамының төмендеуімен

* Ұйқы безі ісігінің сүйектерге метастаз беруімен

 

#22

*!47 жастағы ер адамды майлы тағамдармен тамақтанғаннан кейін эпигастрий, сол және оң қабырға астындағы белбеу тәрізді ауыратын ауыру сезімі, нәжістің тұрақсыздығы мазалайды.

Көрсетілген қандай дәрілер тобын ферменттермен орынбасушы терапияға қосу БАРЫНША тиімді:

 

*Антацидтерді

*Прокинетиктерді

* Протонды помпа ингибиторлары

*Антихолинергиялық дәрілер

*Гистаминді рецепторлардың Н2 - ­бөгемелері

 

#23

*!50 жасар әйел әлсіздікке, оң қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектің қанағыштығы, дененің қышуына шағымданады. 2 жыл бұрын гепатиттің сарғаю түрімен ауырған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, құрғақ. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен шығып тұр, сипағанда сезімтал. Қанда шамалы анемия, түзу фракцияднан гипербилирубинемия, В және С вирусты гепатиттеріне ПЦР теріс, альфа-фетопротеин деңгейі 20Е/л.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты:

 

* Гистологиялық

*Иммунологиялық

*Морфометриялық

*Морфофункциональді

*Иммуногистохимиялық

 

#24

*!53 жасар ер адам өңештің варикозды ұлғайған көк тамырларынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі, сарғаю пайда болды. Ішімдікпен әуестенген. Қарағанда: тері және көздің ақ қабығы сарғыш, телеангиэктазиялар. Іші кепкен. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезіміді. Спленомегалия. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-36 мм/с. Жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тура фракциясы салдарынан.

Қандай диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін:

 

*Криптогенды бауыр циррозы *Созылмалы алкогольді гепатит *Созылмалы криптогенді гепатит *Созылмалы дәрілік гепатит * Алкогольдық этиологиялы бауыр циррозы  

 

#25

*!Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну – асциттік синдром пайда болды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000мл дейін төмендету, ісінуді азайтпады.

Науқасты жүргізу тәсілінде БАРЫНША тиімді дәрі:

 

*Фуросемид

*Терлисемид

*Индапамид

*Гипотиазид

* Верошпирон

 

#26

*!38 жастағы ер адам жатқанда, кеудені алдыға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін төс артындағы күйдіріп, ауыру сезіміне шағымданады.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға БАРЫНША тиімді?

 

* Эзофагоскопия

*Эзофагоманометрия

*Кеуде қуысының рентгенографиясы

*Күштеме сынамалаымен электрокардиография

*Құрсақ қуысының УДЗ

 

#27

*!27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2сағаттан кейін пайда болатын эпигастридегі және түнгі ауыру сезіміне, ащымен кекіруге, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен қапталған, пальпация кезінде – эпигастриде ауыру сезімі. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?

 

* Гастроскопия

*Ирригоскопия

*Эзофагоманометрия

*Асқазаннің рентгенографиясы

*Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

 

#28

*!Ер адам 47 жаста эпигастридегі тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі, ауырлық және кернеу сезіміне шағымданады, соңғы жарты жылда салмағының 15 кг төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары боз, аяқтарында ісінулер; пальпацияда эпигастриде ауыру сезім. Қан анализінде – эритроциттер 3,2 млн., Нв 112 г/л, ЭТЖ 10мм/с; жалпы белок 49 г/л. ЭФГДС – асқазан шырышты қабатының қатпарлары «ми иілімдер» тәрізді айқын қалындаған, майда нүктелі эрозиялар анықталады.

Көрсетілгендердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

 

*Санаторлы – курорттық ем

*Симптоматикалық ем

*Орын басушы терапия

* Хирургиялық ем

*Диетотерапия

 

#29

*!52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық және дискомфорт сезіміне, ауыздағы ащы дәмге, мезгіл–мезгіл құсуға шағымданады. Объективті – толық, тері жабындылары қалыпты түсте, пальпация кезінде өт қабы тұсындағы нүктесінде сезімталдық анықталады.

Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?

 

*Гастроскопия

*Ирригоскопия

*Дуоденальді зондтау

*Бауырдың пункциянальді биопсиясы

* Құрсақ қусының УДЗ

 

#30

*!Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады?

*ЭхоКС

* ЭФГДС

*Асқазан рентгенографиясы

*Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

*Спирография

 

#31

*!Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) қолданады. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге мүмкіндік береді?

 

* Протонды помпа ингибиторлары

2 -блокаторлар

*Антибиотиктер

*Антацидтер

*М-холинолитиктер

 

#32

*!Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Жоғарыда айтылған жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?

 

*Ойық жара перфорациясы

*Перидуоденит

*Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы

* Ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы

*Ойық жарадан қан кету

 

#33

*!Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мөлшерде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС – қалыпты. Мүмкін болатын диагноз қандай?

 

*Ойық жаралы ауру

*Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру

*Созылмалы гастрит

*Созылмалы панкреатит

* Функционалды ойық жаралы емес диспепсия

 

#34

*!Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?

 

*Темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы

*Ішектің тітіркену синдромы

* Мальабсорбция синдромы

*Демпинг-синдром

*Мальдигестия синдромы

 

#35

*!Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, көпіршікті, май тәрізді, жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының төмендеуі шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді жасушалар санының көбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный) эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау (непереносимость). Осы науқасқа қандай ұсыныстар жасау қажет?

 

*Антибиотиктермен курстық терапия

* Ұн тағамдарын шектей отырып ем-дәмді ұстану

*Адсорбенттерді үнемі қабылдау

*5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану

*Холеретиктерді үнемі қолдану

 

#36

*!Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?

 

*Ойық жаралы ауру

*Созылмалы колит

*Созылмалы гепатит

*Созылмалы холецистит

* Өт шығару жолдарының дискинезиясы

 

#37

*!Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Қандай диагностика әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді?

 

* Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

*Қанның биохимиялық анализі

*Бауыр биопсиясы

*Бауырды УДЗ

*Радионуклидті сканирлеу

 

 

#38

*!Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз қандай?

 

*Ішектің қатерлі ісігі

*Гранулематозды колит

*Ишемиялық колит

*Амебиаз

* Бейспецификалық жаралы колит

 

#39

*!Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді?

 

*Жалпы қан анализі

* Нәжісті микробиологиялық зерттеу

*Ирригоскопия

*Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

*ФГДС

 

#40

*!Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?

 

*Жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі

*Жедел ішек түйнелісі (непроходимость)

* Жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы

*Созылмалы панкреатиттің өршуі

*Бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы

 

#41

*!Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз қандай?

 

* Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру

*Созылмалы гастрит

*ЖИА. Күш түсу стенокардиясы

*Бронх демікпесі

*Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы

 

#42

*!Ер адам, 30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?

 

*Асқазан ішілік рН-метрия

*Жалпы қан анализі

* Уреазды сынама

*Асқазан рентгенографиясы

*Дуоденалды сүңгілеу

 

#43

*!Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы (ППИ), кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?

 

2 –блокаторларымен үзілулік (прерывистое) курстық терапия

*Антибиотиктермен демеу (поддерживающая) терапиясы

*Хирургиялық емдеу

*Цитопротекторлармен курстық терапия

* ПИИ демеу терапиясы

 

#44

*!Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Жоғарыда аталған симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі мүмкін?

 

*Созылмалы гастриттің

* Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының

*Ойық жара ауруының

*Эмфиземаның

*Диафрагма жарылуының (разрыв)

 

#45

*!Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?

 

*рН-метрия

*Уреазды сынама

*Дуоденалды сүңгілеу

* Липаза деңгейін зерттеу

*Глюкозотолерантты сынама

 

#46

*!Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері қандай?

 

*Созылмалы панкреатиттің өршуі

*Бейспецификалық жаралы колит

* «Саяхатшылар диареясы»

*Іш жүргізетін препараттарды қабылдау

*Псевдомембранозды колит

 

#47

*!Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің 1/4 бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі?

 

*Метронидазол

*Силимарин

*Дротаверин

* Урсодезоксихолий қышқыл

*Холецистокинин

 

#48

*!Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының иөмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз қандай?

 

* Созылмалы вирусты гепатит

*Созылмалы холецистит

*Созылмалы панкреатит

*Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

*Гемолитикалық анемия

 

#49

*!Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?

 

*Тиреотоксикоз

*Іш жүргізетін препараттарды қабылдауға реакция

*Гранулематозды колит

*Бейспецификалық жаралы колит

* Ішектің тітіркену синдромы

 

#50

*!Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялауда алдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі. Жоғарыда айтылған көрініс қандай патологияға тән?

 

*Антральды атрофиялық емес гастрит

*Ойық жара ауруы

* Созылмалы атрофиялық гастрит

*Бейспецификалық жаралы колит

*Асқазанның қатерлі ісігі

 

#51

*!54 жастағы созылмалы тасты хоециститпен және қант диабетімен зардап шегетін әйел адамда 2 сағат бұрын кенеттен оң жақ қабырға асты мен төс артында ауру сезмі, жүрек айну, бір реттік құсу, ішінің кебуі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: дене қызуы – 37 ºС. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды, АҚҚ 100/70 мм сын.бағ. Қан анализінде лейкоциттер-12 мың, глюкоза – 10 ммоль/л. УДЗ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған және тығыздалған, майда конкременттер анықталды. ЭКГ: тахикардия, ST сегменті ІІ, ІІІ, avF, V4-V6 шықпаларында изолиниядан жоғарлаған.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындалады?

 

*қабынуға қарсы препараттар

*қант төмендететін препараттар

*Миоспазмолитиктер

*Антибиотиктер

* Антиареганттар

 

#52

*!Бауыр циррозымен зардап шегетін 52 жасар ер адам терісінің қышынуы мен әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған,тырнақ іздері бар. Қан анализінде- билирубин 60 мкмоль/л, тура фракциясы – 52 мкмоль/л, АСТ- 30 Бірл, АЛТ-25 Бірл, сілтілі фосфатаза-200 МЕ/л, холестерин-8 ммоль/л.

Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?

 

* Холестаздық

*Астеновегетативті

*Бауырлық энцефалопатия

*Бауырдың мезенхимальды қабынуы

*Бауыр-жасушалық жетіспеушілік

 

#53

*!44 жасар әйел адам әрдайым жүрек айнуына, ауызына ащы дәм келуіне, жиі мұрнының қанауына, арықтауға және етеккірінің болмауына шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғайған, мойын аймағында телеангиоэктазиялар; пальмарлы эритема, гепатоспленомегалия. Білегі мен балтырында петехиялар. Бауыр УДЗ кезінде фиброз белгілері анықталады. Қан анализінде: жалпы белок- 50 г/л., билирубин- 86 мкмоль/л, фибриноген - 2 г/л,

протромбин - 1,1 мкмоль/л, протромбиндік уақыт -50%.

Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?

 

*Диспепсиялық

*Холестаздық

*Бауырлық энцефалопатия

*Бауырдың мезенхимальды қабынуы

* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік

 

#54

*!48 жасар әйел адам ауыр жағдайда жалпы әлсіздікке, қан ұйындыларымен құсуға, бас айналуға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: арық, тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғыш, мойын және кеуде аймағында тамырлық жұлдызшалар, алақанында пальмарлы эритема, тіл емізікшелері тегістелген. Іш көлемі ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасының тамырлары ұлғайған, бауыр қабырға доғасынан 5см шығып тұр, беті кедір-бұдыр;көкбауырдың төменгі қыры пальпацияланады.

Науқаста төменде көрсетілген қай синдромдардың асқынуы басым дамыған?

 

*Бауыр-жасушалық жетіспеушілік

*Мезенхимальды қабыну

* Портальды гипертензия

*Холестаздық

*Энцефалопатия

 

#55

*!62 жасар ер адам оң қабырға доғасында ауырлық сезімге, іш кебуге, терсінің сарғаюы мен қышуына, ішінің ұлғаюына, енжарлық пен ашушаңдыққа шағымданады. Жағдайы бірнеше айдын ішінде нашарлаған. Қан анализінде тура билирубин есебінен гипербилирубинемия, трансаминаза, γ-глютамилтранспептидаза, сілтілі фосфатазаның маңызды өсуі байқалады.

Келтірілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін?

 

*Ұйқы безі басының рагы

*Өт – тас ауруы

*Фатеров емізікшесінң рагы

*Созылмалы гепатит

* Бауыр циррозы

#56

*!20 жaсар әйел адам оң жақ қабырға доғасында тұрақты ауру сезіміне, жүрек айну, кекіру, аузында ащы дәмге, мезгіл-мезгіл терісінің қышуына, сарғаюының күшеюіне шағымданады Қарап тексергенде: оң қабырға доғасының томпаюынан іші ассиметриялық, беткей көктамырлар кеңейген, бауыр проекциясында күмбез тәрізді тығыз консистенциялы құрылым пальпацияланады. Қан анализінде: эозинофил-9%, билирубин – 90 мкмоль/л, АЛТ-72 ед/л, АСТ – 74 ед/л,сілтілі фосфатаза – 290 ед/л. УДЗ:бауыр қақпасы аймағында анық шекарасы және ішінде сұйықтығы бар дөңгелек құрылым анықталады.

Науқаста қандай патология дамуы ықтимал?

 

*Бауыр-жасушалық аденокарцинома

*Ірі түйінді бауыр циррозы

* Бауырдың эхинококты кистасы

*Өт қапшығының шемені

*Бауыр гемангиомасы

 

#57

*!68 жасар ер адам бас айналуға, «кофе қайнатпасы» түстес құсуға, қара түсті сұйық нәжіске, әлсіздік, ентігуге шағымданып түсті. Көптеген жылдар бойы донор болған. Соңғы 3 жылда екі қабырға доғасында да ауырлық сезім, тәбетінің жоғалуы, дисфагия, арықтау, ішінің ұлғаюы, ұйқысының бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тері жабындылары боз, склерасы сарғыш, аяқ-қолдары арық, іші «бақа» тәріздес.

Дамыған жағдай төменде келтірілген аурулардың қайсысының басым асқынуы болып табылады?

 

*Асқазан жарасы

*Өңеш ісігі

* Бауыр циррозы

*Маллори-Вейс синдромы

*Гепатоцеллюлярлы карцинома

 

#58

*!Бауыр циррозымен зардап шегетін 53 жасар ер адамда қабырға доғасында ауру сезім ұлғайды, сарғаюы күшейіп жатыр, аяқтарында айқын ісіну пайда болды. Соңғы 4 айда 12 кг арықтап кеткен. Бауыр пальпациялағанда: ірі кедір-бұдырлы, тас тәрізді тығыздалған. Қан анализінде: эритр.-2,6 млн., Нв-72г/л, тромбоцит -156 мың., жалпы белок- 45 г/л, γ-глютамилтранспептидаза – 237 ед/л, α-фетопротеин-90 мкг/л.УДЗ кезінде бауырдың квадратты бөлігінің проекциясында көлемді құрылым анықталды.

Төменде келтірілген аурулардың қайсысы науқаста дамыған?

 

*Ішкі ағзалaрдан ісіктің метастазы

* Гепато-целлюлярлы карцинома

*Гемохроматоз

*Эхинококкоз

*Гемангиома

 

#59

*!28 жастағы ер адам, балықшы, іштің ұстама тәрізді ауыру сезіміне, куніне бірнеше рет тұрақсыз нәжіске, салмағының азаюына, кушейетін әлсіздікке шағымданады. Кейде нәжісте кеспе тәрізді ак қосындылар және қан анықталады. Кей кезде тері қышуы мазалайды. Об-ті: тері және шырыштары сары реңкі боз, уртикарлы бөртпелермен қасығанның іздері, балтыр-табан буындары аймагында ісінулер анықталады. Іші жүмсак, кіндік аймағында ауыру сезімді. Қанда: эритроциттер – 2,8 млн., Нв-78 г/л, ТК-1.2

Науқаста БАРЫНША мүмкін болатын ауру:

 

* Дифиллоботриоз

*Сальмонеллез

*Описторхоз

*Дизентерия

*Спру

 

#60

*!19 жастағы ер адам балалық шағынан бері сиыр сүтін көтере алмайды, іштің ұстама тәрізді ауыру сезімге, жағымсіз қышкыл иісті және көпіршікті көп мөлшердегі нәжіске, айқын метеоризмге шағымданады. Жағдайынын нашарлауы майлы сут өнімдерін қабылдаған соң 1,5- 2 сағаттан кейін пайда болады, сол себебтен сүтті ішпей жүреді.

Төменде көрсетілген қандай фактордың жетіспеуі БАРЫНША тән?

 

*Панкреатикалык липазаның

*Энтерокиназаның

*Трипсиннің

*Пепсиннің

* Лактазаның

 

#61

*!17 жасар қызда балалық кезіннен іштің ұстама тәрізді ауыру сезімі, куніне 10 ретке дейін ақшыл копіршікті сылақ тәрізді жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм байқалады. Жағдайы әсіресе ұнды тағам жеген соң нашарлайды. Қараганда: арық, ауыз ұштарында жарықтар-«ауыздықтар», терісі құрғақ, тырнактары бұлынғыр, терінің ашық аймақтарының гиперпигментациясы; кіндік аймағында ауыру сезім және құрыл-шұрыл анықталады. Қанда: эритроциттер- 3,2 млн., Нв-100 г/л; ТК-0,75. Копрология: стеаторея, креаторея, нейтралды майлар, крахмал дәндері.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы осыган БАРЫНША сай?

 

*Созылмалы панкреатит

*Созылмалы гастрит

*Крон ауруы

*Дисбактериоз

* Целиакия

 

#62

*!30 жастагы әйел арықтау үшін препаратты ұзак уақыт қабылдағаннан соң жүрек айну, тәулігіне 3 ретке дейін өткір иісті қою-қоңыр түсті көп мөлшерде сүйық нәжіс, нақты локализациясы жоқ іштегі ұстама тәрізді ауыру сезім, әлсіздік, субфебрилитет пайда болды. Жағдайы майлы және ақуызды тағам ішкен соң нашарлайды. Копрология: реакциясы сілтілі, көп мөлшерде қорытылмаған тағам қалдықтары, эмульгацияланған майлар, креаторея.

Наукаста кандай патология ДАМЫДЫ?

 

*Холецистит

*Панкреатит

*Дуоденит

* Энтерит

*Колит

 

#63

*!35 жасар ер адамда іштегі ауыру сезімі, артралгиялар, жиі суйык нәжіс, зерттегенде увеит және стоматит аныкталды. Ішектін рентгеноконтрасты зерттеуінде тізу емес үзілген тарылу, стриктуралар, контурларынын деформациясы, козгалысының шектелуі және ащы ішектін терминальды болігінде және сокыр ішекте ішек рельфінін «тас көпір» тәрізі түйіршіктенуі.

Қай патологияға ТӘН?

 

*Созылмалы энтерит

*Уиппл ауруы

* Крон ауруы

*Дисбактериоз

*Целиакия

 

#64

*!4 ай бұрын тамақтық токсикоинфекцияны басынан өткізген 33 жасар ер адам тәулігіне 10 рет қара түсті сұйық нәжіске, іш кебуге, сасық иісті газ шығуына, жүрек айнуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы етті тағамдар жегеннен кейін болады. Қарап тексергенде: тері абындылары құрғақ, іші жұмсақ, кіндік маңы аймағында аздаған ауру сезім, балтыры ісінген. Нәжіс анализі: сілтілі реакция, құрамында көптеген бұлшықет талшықтары, май бар.

Төменде келтірілген жағдайларға жоғарыда келтірілген симптоматика тән?

 

*Ішек перистальтикасының жылдамдауы


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
How To Render The Article| Асқазанның кіші иірімінде жара

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.206 сек.)