Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық саясаттың мәні

Лекция 1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты. | Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар. | Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика | Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары. | Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері | Мемлекеттік реттеу формалары | Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері |


Читайте также:
  1. Web-hosting мәнін ашыңыз.
  2. Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
  3. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  4. Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері.
  5. БКТ, Портер және Ансофф матрицаларының мәні және оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз
  6. Гендерлік білім берудің мәні мен түсінігі: оны анықтаудағы тұғырлар
  7. Гендерлік тәрбие» түсінігінің мәні.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде биліктің жүргізіп отырған экономикалық саясаты маңызды рөл атқарады.

Экономикалық саясатты қалыптастырып, қолдану арқылы мемлекет мақсатты бағдарламаларды, ұстамды және байыпты экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Кез-келген елдің экономикасы ең алдымен объективті тарихи және экономикалық заңдылықтарға бағынышты. Бұл мағынада мемлекеттің бағыты белгілі және айқын деп айтуға негіз бар. Бірақ, ақиқатында экономика өткен тарихпен және келер болашақпен жарым-жартылай ғана байланысты. Көп жағдайларда оның қозғалыс траекториясы басты әрекет етуші субъектілерге ұйымдар мен азаматтардың ынтасы мен ерік-жігеріне тәуелді. Бұл субъектілердің әрқайсысының экономикалық тағдырға әсер ету мүмкіндігі бар. Бұған қатысты едәуір мүмкіндіктер мемлекеттің құзырында екендігі даусыз.

Мемлекеттік биліктің субъектісі үкімет ел экономикасы дамуының бағытын таңдайды, таңдалған әлеуметтік-экономикалық стратегияны жүзеге асыру үшін белгілі бір бағытта іс-қимылдарды қолға алады, яғни мемлекеттік экономикалық саясатты жүргізеді.

Сонымен, экономикалық саясат – бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс-әрекеттердің басты желісі, экономикалық үдерістерге қажетті бағыт берудегі мемлекет қолданатын шаралар жиынтығы. Экономикалық саясатта үкімет жүзеге асырып жатқан курс (бағдар) өзінің тікелей көрінісін табады. Өзінің мәні бойынша экономикалық саясат елдің, мемлекеттің, халықтың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, күнделікті тәжірибеде іске асыруы қажет. Сонымен бірге, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарын практика жүзінде дәлелдейтін үкімет болғандықтан мемлекеттік экономикалық саясатта үкіметтің өзінің көзқарастары айқындалады. Азаматтардың экономикалық саясатқа әсері, олардың үкіметке әсері дәрежесімен шамалас келеді.

Көп жағдайларда мемлекеттің экономикалық саясатына өткен шақтың мұрасы, елде қалыптасқан экономикалық болмыс, ертеде қабылданған шешімдер әсер етеді. Экономикалық саясатты едәуір дәрежеде ел ішіндегі және әлемдік конъюнктура (ағымдағы жағдай), яғни шаруашылық пен рыноктық жағдайы, экономикалық белсенділік деңгейі, өсу және құлдырау үрдістері, тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұсынысы анықтайды.

Әлемдік экономика циклды дамиды, онда тербеліс үдерістері, толқынды қозғалыстар орын алады. Сәйкесінше экономикалық циклдың бірін-бірі ауыстыратын фазаларын ерекшелейді. Олар: жандану (экономикалық өсу), жоғары экономикалық конъюнктура (өрлеу, экономикалық даму), тоқырау (рецессия, экономикалық дағдарыс), төмен экономикалық конъюнктура (күйзеліс).

Ұлттық экономиканың қандай фазада тұрғанына байланысты үкіметтің, мемлекеттің экономикалық саясатының типі қалыптасады. Мемлекеттік экономикалық саясатты жасаушылар назар аударатын индикаторлар қатарына жалпы ішкі өнімнің, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың, табыстар мен тұтынудың, бағалардың, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың көлемі мен динамикасы жатады.

Экономикалық саясат мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатпен, мемлекеттік идеологиямен, әскери саясатпен тығыз байланыста мемлекеттің саяси доктринасын сипаттайды. Сонымен бірге ол мемлекеттік саясат жүргізудің экономикалық алғышарттарын, экономикалық базисін құруға мүмкіндіктер туындатуы тиіс. Елдегі саяси күштер, партиялар, қозғалыстар мемлекеттің экономикалық курсына, экономикалық саясатқа едәуір әсер ете алады.

Экономикалық саясаттың әлеуметтік аспектілері үкімет қабылдаған экономикалық шешімдерден, бюджеттің қалыптасуынан, халықтың әртүрлі топтарының реакциясынан көрінеді. Ереуілдер, демонстрациялар және басқа да әлеуметтік қарсылық формалары мемлекеттік экономикалық саясат элементтеріне белгілі деңгейде әсер ете алады.

Жүргізілетін экономикалық саясат өз көрінісін жоспарланған мемлекеттік бюджет құрылымынан, мақсатты мемлекеттік бағдарламалардан, инвестициялық жобалардан, мемлекеттік заңдардан, әлеуметтік қорғау параметрлерінен, салық салу қойылымдары мен кредиттеу шарттарынан, жеңілдіктер беруден, экспорт пен импортқа мемлекеттік әсерден, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз көлемінен табады. Сонымен бірге экономикалық саясат мемлекеттік бюджет пен бағдарламаларда көрсетілгендермен ғана сипатталмайды, ол ағымдағы үкіметтік шешімдермен, ірі оперативтік шаралармен де айқындалады.

Жедел, оперативті іс-қимылдардың қажеттілігі, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық, әскери-саяси, табиғи-экологиялық жағдайлармен шартталады.

Өткізілетін шаралардың уақыттық диапазонына, кезеңдік мерзіміне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді экономикалық саясатты ажыратады. Ұзақ мерзімді саясат салыстырмалы тұрақтылық жағдайларында, кепілді ресурстық мүмкіндіктерде қалыптасып, экономикалық әрекет желісін алдағы көп жылдарға белгілеуге мүмкіндік береді. Экономикалық үдерістердің тұрақсыздығы, ішкі және сыртқы жағдайлардың алдын ала болжанылмау себептері қысқа мерзімді экономикалық саясатқа басымдық береді (бір жыл, тіпті бірнеше ай мерзімі).

Мемлекет экономикалық саясатты өз құзырындағы құралдар мен тетіктерді қолдану арқылы экономикалық үдерістерге, шаруашылық жүргізуші субъектілерге әсер етеді.

Экономикалық саясат заңдар, президенттік жарлықтар, үкімет қаулылары және басқа да нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалар, ағымдағы шешімдер арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік экономикалық саясат жүргізудің нақты құралдарына, ең алдымен салықтар, мемлекеттік шығындар, трансферттер сияқты фискалдық саясат тетіктері жатады. Фискалдық құралдар көмегімен мемлекет көздеген мақсатқа және оны атқару шараларына сәйкес ақша ағындарының көлемі мен бағытын өзгертуге мүмкіндік алады.

Фискалдық құралдармен қатар экономикалық саясаттың ақша-кредиттік құралдары да едәуір рөл атқарады. Олардың қатарында ақшаның жалпы массасы және оған қол жетімділік, қарыз пайызының қойылымдары (ұлттық банктің есептік қойылымы, резервтеу нормасы, басқа да орталықтандырылған нормативтер) бар.

Мемлекеттің белгілі бір тауар түрлеріне шекті (минималды, максималды) бағалар деңгейін белгілеу, өндіріс көлемі шамасын анықтау, субсидиялар мен субвенциялар беру, экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу, шектеу сияқты экономикалық саясат тетіктерін пайдалануына мүмкіндіктері жеткілікті.

Сыртқы сауда және сыртқы экономикалық саясатта мемлекет экспорттық-импорттық тарифтерді, кедендік баждарды, тауарлар мен капиталды әкелу мен әкетуге квоталарды қолданады.

Толықтай алғанда мемлекеттің экономикалық саясат түрлеріне фискалдық (қаржылық-бюджеттік), монетарлық (ақша-кредиттік), сыртқы экономикалық іс-әрекеттер жатады.

Ал, әлеуметтік, құрылымдық, инвестициялық, институционалдық, аймақтық, аграрлық, ғылыми-техникалық, салықтық, банктік, бағалық, антимонополиялық, экологиялық, сыртқы экономикалық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу| Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)