Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік реттеу формалары

Лекция 1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты. | Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар. | Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика | Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары. | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері | Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу | Экономикалық саясаттың мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Аржы ағындарын реттеу
  4. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  5. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  6. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
  7. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары

 

Рынок жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеу заңнамалық-атқарушы және бақылаушы сипатындағы шаралар жүйесінен құралады. Бұл шараларды әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптасқан жағдайларға бейімдеу мақсатында мемлекеттің өкілетті органдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында экономикалық жүйені трансформациялау үдерісінде мемлекеттік реттеудің бірқатар формаларын бөліп көрсетуге болады. Жоспарлы экономикада директивтік жоспарлау басымдық танытса, рыноктық экономикаға өту кезінде мемлекеттік тапсырыстар, индикативтік жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар мен болжамдар жасау сияқты реттеу формалары алға шығып, басымдық танытады.

Енді осы аталған формаларды жекелеп қарастырайық.

Директивтік жоспарлау дегеніміз бұрыңғы КСРО және басқа да социалистік елдерде ұзақ уақыт бойы қолданылып келген экономиканы реттеу формасы.

Директивтік жоспарлау кезінде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспары заң ретінде қабылданып халық шаруашылығының барлық буындары үшін атқарылуы міндетті болады. Бұл уақытта мемлекеттің қызметі негізінен материалдық ағындар мен пропорцияларды жоспарлауға, материалдық ресурстарды бөлуге, өндіріс пен тұтынуды әкімшілік басқаруға бейімделеді. Директивтік жоспарда анықтаушы рөлді өзара байланыстырылған директивтік тапсырмаларды кәсіпорындар арасында бөлу (әдетте бес жылдық), оларды материалдық, еңбек және қаржы ресурстарымен жабдықтау және өткізу шаралары атқарады. Мемлекеттік жоспарлау комитеті дайындайтын жоспар көбінесе экономикалық емес, өндірістік-техникалық сипатта болады. Әдетте өндіріс көлемі және өнімді бөлу натуралдық көрсеткіштер (метр, тонна, бірліктер, т.с.с.) арқылы белгіленеді. Жоспардың өзі қолда бар өндірістік қуаттар негізінде жасалатындықтан жалпыэкономикалық көрсеткіштер жоспарды «әрлеуге» ғана қолданылады. Макроэкономикалық жоспарлау техникалық нормативтер және материалдық баланстар негізінде жүзеге асырылады да құндық, қаржылық баланстар көмекші, қосымша рөл атқарады. Мұндай жоспарлау кезең сайын күрделене түсу үстіндегі экономиканың объективті таланттарына сәйкестігін жоғалта бастайды. Реттеудің осындай формасындағы экономика үнемі тапшылық экономикасы болып қала береді.

Мемлекеттік тапсырыстар жаппай директивтік жоспарлаудан шектеулі жоспарлауға көшуді енгізді және рыноктық жаңғыртулардың басталуы нәтижесінде шаруашылық өмірге қайта енді.

«Мемлекеттік тапсырыс» өткен ғасырдың 20-шы жылдары шетелдерде және кеңестік экономикада қолданылған болатын. Бұл ұғымның отандық практикада қайта жаңғыруы 1989-1990 ж.ж. тұстас келді. Мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру тәртібі ережелерінде ол қоғамның бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпорындар жоспарына енгізілуі тиіс деп көрсетілді.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік тапсырыстың мейлінше дамыған елі болып АҚШ есептеледі. Шаруашылық жүргізудің осы формасы арқылы АҚШ-та өнеркәсіптің электрондық, аэрокосмостық, атомдық және т.б. салалары пайда болып, дами бастады.

Мемлекеттік тапсырыс-рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірі. Мұнда мемлекет өнімдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші ретінде көрінеді.

Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ «өсу нүктелерін» қолдаудағы рөлі өте маңызды.

Мемлекеттік тапсырыстың негізгі мақсаттары:

· Мемлекеттік материалдық ресурстар резервін жасау және ұстап тұру;

· Елдің қорғаныс қабілеттілігі қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстау;

· Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдер жеткізуді қамтамасыз ету;

· Мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында тауар жеткізілімдерін ұйымдастыру үшін Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімін бекітеді.

Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнім жеткізушілерді таңдау, яғни мемлекеттік тапсырысты жеткізушілер арасында орналастыру болып табылады. Ережелерге сәйкес мемлекеттік тапсырыс бәсекелік негізінде жүзеге асырылады. Ашық бәсекеде жеңіске жеткен өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізушімен (атқарушымен) тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шарт жасайды.

Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі:

· Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізу көлемі, тізбесі және үлес салмағы;

· Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) сапасына қойылатын талаптар;

· Өнімді жеткізу мерзімі;

· Тауар бағалары және оларды өзгерту шарттары;

· Жеткізушіге берілетін мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі.

Индикативтік жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу формасы болып табылады. Директивтік жоспарлау жағдайында ел экономикасын дамыту жоспары заң күшіне еніп экономиканың барлық буындары үшін міндетті болса, индикативтік жоспарлауға ұлттық шаруашылық-дамуына бағдар, бағыт беру және соған жұмылдыру тән болып келеді. Бұл жағдайда жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер жалпыұлттық мүдделерге сай жоспарлар мен жобаларды атқаруға ұсыныстар мен кепілдіктер алады.

Индикативтік жоспарлау – экономиканы басқарудың мемлекеттік және мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекетін үйлестіруші механизм болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің аталмыш формасы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін талдап жасауға негізделіп, мемлекеттік реттеуді рыноктың өзін-өзі реттеу қызметімен ұштастырып, байланыстырады. Индикативтік жоспарлауда жалпыұлттық басымдықтар жүйесі анықталып, зерделенеді.

Индикативтік жоспарлаудың ерекшелігі жекеменшік сектор өніміне сұранысты ынталандыру немесе шектеу негізінде ықпал ету арқылы реттеуде көрінеді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде экономиканың динамикасы, құрылымы және тиімділігі, қаржы, ақша айналымы, бағалы қағаздар мен тауар рыногы, бағалар қозғалысы, жұмыспен қамту, халықтың өмір сүру деңгейі т.с.с. көрсеткіштер пайдаланылады.

Стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік реттеу формасы ретіндегі мәні ұлттық экономика дамуының басты басымдықтарын сараптау негізінде таңдау болып табылады.

Таңдалған басымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі жетекші рөлді мемлекеттің өзі атқарады. Стратегиялық жоспарлаудың көмегімен қоғамның алдағы даму бағыттары айқындалады.

«Қазақстан 2030» даму стратегиясы бойынша ол, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар құқықтық мемлекет қалыптастыру екендігі белгілі. Бұл стратегияның жетекші критериі ағымдағы пайда көздері емес, тиімді стратегиялық даму мүмкіндіктерін толық пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын анықтайтын ең маңызды басымдықтардың қатарына мыналар жатады:

· Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

· Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы;

· Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтар жоғары деңгейлі ашық рыноктық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

· Қазақстан азаматтарының жоғары әлеуметтік деңгейін (денсаулық, білім беру және әл-ауқаттылық) қамтамасыз ету;

· Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату;

· Инфрақұрылымды, әсіресе көлік пен байланысты дамыту;

· Мемлекеттік органдар қызметінің кәсібилігін арттыру.

Бағдарламада елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатқа сай кешенді бағдар-бағыттары көрсетіледі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді перспективасы келесі көрсеткіштерді қамтуы тиіс:

· Қазақстанның өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларын сараптау;

· Қазақстанның орта мерзімді перспективада әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының концепциясы;

· Макроэкономикалық саясат;

· Институционалдық жаңғыртулар;

· Инвестициялық және құрылымдық саясат;

· Аграрлық саясат;

· Экологиялық саясат;

· Әлеуметтік саясат;

· Өңірлік саясат;

· Сыртқы экономикалық саясат;

· Орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік мақсатты бағдарламалар тізбесі, атқаруға қабылданған мақсатты бағдарламалардың негізгі міндеттері, атқарылу мерзімдері, бекітілген уақыты және мемлекеттік тапсырыс берушілер.

Мақсатты бағдарламаларды қолдану ресурстарды шоғырландыруды, түпкі нәтижелер мен қажеттіліктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Бағдарлама ұдайы өндіріс процесіне әсер етудің салыстырмалы қатаң формасы болып табылады, сондықтан реттеудің бұл формасы мемлекеттік реттеудің басқа формалары қажетті нәтижелер бермеген жағдайларда қолданылады.

Қазақстандық жағдайларда өңірлік даму бағдарламаларын талдап жасау ерекше өзекті болып табылады. Сондықтан ҚР үкіметі өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып келесі мәселелерді шешеді:

· Өңірлік дағдарыстық жағдайларды жою үшін нұсқаулық ұсыныстарды әзірлейді және ірі салааралық мәселелерді шешу жолдарын қарастырады;

· Аумақтық диспропорциялық қиыншылықтарды еңсеру және күйзелісті аймақтардың жағдайын жақсарту бойынша шаралар жүйесін белгілейді;

· Ұзақ мерзімді аумақтық әлеуметтік-экономикалық даму концепциясының бөлімдерін қалыптастырады, сондай-ақ өңіраралық мақсатты бағдарламалар әзірлейді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды формасы болжау болып табылады. Мемлекеттік болжау дегеніміз елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қайсыбір бағыттары туралы ғылыми негізделген түсініктер жүйесі.

Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару ісінде болжамдардың рөлі өте маңызды. Мұның өзі едәуір қиыншылықтары бар мәселе және әсіресе қазіргі жағдайларға сәйкес күрделене түскен жайы бар. Бүгінгі таңда қоғамдық болмыстың барлық формалары және олардың өзара әрекеті шиеленісті болып отыр. Ғылымның, техниканың, әлеуметтік жағдайлардың, жалпы әлемдік шаруашылықтың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі күшейе түсті. Сондықтан, көптеген объективті және субъективті фактордың өзара әрекетін есепке ала отырып, шын мәнінде қоғамдық дамудың элементі ретіндегі болжаудың ғылымилығы мен шынайылығына қол жеткізу өзекті мәселеге айналды.

Болжаудың негізгі функциясы рыноктық экономика жағдайында басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми алғышарттарды қалыптастыру болып табылады.

Сонда ғана болжаудың мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың ғылыми алғышарттарын зерделеп жасау бағытындағы іс-әрекеттер жиынтығы болмақ. Соның ішінде: 1) экономикалық даму үрдістерін ғылыми сараптау; 2) қоғамдық ұдайы өндірістің болашақтағы дамуының нұсқаларын зерделеу; 3) қабылданатын шешімдердің ықтимал салдарын бағалау; 4) басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағыттарын негіздеу.

Болжамдар ішкі және сыртқы саяси, экономикалық, табиғи т.б. факторлардың ықтимал әсерін ескеру үшін бірнеше нұсқауларда талдап, жасалынады. Олар макроэкономикалық дамудың сандық және сапалық көрсеткіштерін, экономикалық құрылымын, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуды, сыртқыэкономикалық қызметті, өндіріс және тұтынудың динамикасын, өмір сүру деңгейі мен сапасын, экология жағдайын, әлеуметтік құрылымды, сондай-ақ білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық болжаудың әдіснамалық және әдістемелік мәселелерін үкімет жүктеген ұйымдар мен ғылыми-зерттеу мекемелері талдап, жасап ұсынады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері| Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)