Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.

ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. | Ақылбай Абайұлының шығармашылығы. | Ыбырай өлеңдері. | Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”. | Шоқанның Жетісу қазақтары мен Ыстықкөл экспедициясы туралы очерктері. | Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. |


Читайте также:
  1. Жобаланған ТТС қосылған МӨАТС-ғы кіріс және шығысжүктемелер қарқындылығын есептеу
  2. Жобаланған ТТС-ң MLC және RMLC модульдарынан келген жергілікті шығыс жүктеме қарқындылығын есептеу
  3. Жобаланған ТТС-ң MLC және RMLC модульдарынан келген жергілікті шығыс жүктеме қарқындылығын есептеу
  4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу
  5. Пайдалану шығыстары
  6. ытай әдебиетінің ежелгі кезеңін зерттеп жүрген қандай ғалымдарды білесіздер?

Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып, оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Абай тарихи шындыққа сай Ескендірдің Филипп патшаның перзенті екенін, оның Македонияны мекен еткенін, қызғаншақ адам болғанын жазады. Шығыс ақындарының ішінде Ескендір тақырыбына алғаш жазған ақын – Фердоуси. Ол «Шаһнаме» еңбегінде Ескендірдің бейнесін сомдауға бір тарау арнаған. А.Македонский жайлы парсы тілінде шығарма жазған ақындарының бірі – Амир Хосроу поэмасы «Ескендірдің айнасы» деп аталады. Әбдіррахман Жәмидің «Һафт ауранг» деген жеті шығармадан тұратын мәснауилерінің соңғысы «Ескендірдің даналық кітабы» деп аталады. Абай поэмасында Ескендір жайлы тарихи мәліметтер келтіген. Фердоусиде Ескендір Файлақус дүние салғаннан соң таққа отырады. Амир Хосроуда Ескендір де Файлақустың дәм-тұзы таусылып, дүние салған соң әкесінің орнын басады. Әбдіррахман Жәмидің шығармасында Ескендір халықтың алдына шығып елге қорған болатын басшы сайлау қажеттілігі туындағанын мәлімдейді. Ескендір тақырыбына қалам тербеткен Шығыс ақындарының шығармаларымен салыстырар болсақ, Абайдың осы поэмасынан Ескендірдің шынайы болмысы көрініс бергенін байқаймыз. Ол нағыз өмірдегідей даңққұмар, қатігез, ынсапсыз жан ретінде суреттелген. Александр енді шетсіз-шексіз әлемнің билеушісі болуды армандайды. Фердоусидің «Шаһнамесіндегі» Ескендір бірден ақылды билеуші бейнесінде көрініс бермейді. Ол қалыптасу, өсу, жетілу кезеңдерінен өтеді. Низамидің шығармасындағы Ескендір бейнесі Абайдың Ескендіріне мүлдем қарама-қарсы. Ол таққа отырып, басына тәжін киген соң әкесінен көрген жақсы үрдісті әрі қарай жалғастырып, әділдікпен, көрегенділікпен елді басқарады. Жер-жаһанды қол астына қарату жолында шыдамдылық – қаһарман бойынан табылуға тиіс ең басты қасиет. Амир Хосроу Ескендірі салтанат құрған кезеңде әлемде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман» орнайды. Жәмидің Ескендірі де Абайдың Ескендіріне мүлдем қарама-қарсы бейнеде көрінеді. Ол да – алдыңғы Шығыс ақындарының шығармаларындағыдай жағымды кейіпкер. Халықтың қалаулысы, елдің таңдаулысы. Жүрген жеріне жақсылық пен шапағат сыйлайтын мейірімді жан. Абай жоғарыда аты аталған ақындардың шығармаларымен қатар тарихи шындықпен таныс болғаны шәксіз. Ақын таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында фольклор мұраларында кең тараған аңыз-әпсаналармен қатар тарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-көрігінен өткізіп, Ескендірдің еш боямасыз, өзіндік шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір – тарихи тұлға. Ол – бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне. Абайдың «Ескендір» поэмасы біршама тарихи, әдеби деректер негізінде жазылған, бірақ тектес шығармалардың ешқайсысына ұқсамайтын, олардың барлығынан өзгеше, дара туынды.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АБАЙ АУДАРМАШЫ| Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)