Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”.

Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. | Ақылбай Абайұлының шығармашылығы. |


Читайте также:
  1. C) Менюден Құру керек – Бума бөлімін таңдау керек.
  2. Тақырып. Криминологияның ерекше бөліміндегі қылмыстылық түрлерінің бөліну критерийлері
  3. Хиругия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
  4. Шоқанның Жетісу қазақтары мен Ыстықкөл экспедициясы туралы очерктері.

Шоқан мұраларын тауып, жүйелеп, зерттей жүріп, ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан ол туралы ел ау зындағы аталы сөздерді де жинап, жариялаған-ды. Солардың бірі ақын Орынбай Кертағұлының өлеңі. Ғалым: «Шоқан туралы мұрадан ерекше орын алатын сұлу ойдың бірі — атақты Орынбай ақынның ІПоқан өлгенін естігенде айтқан жоқтау жыры», — деп жазды. Орынбай

Кертағұлы Уәлихановтар ауылында жиі болғаны, Шоқанның оны көргені, өлеңдерін тыңдағаны белгілі. Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы еңбегінде Ш. Ш. Уәлиханов Орынбай, Шөже ақындардың өлең шығару

ерекшеліктерін ж азған болатын. Орынбай қ а за қ әдебиетінде аты белгілі ақындардың бірі. Оның өлеңі Шоқан қайтыс болғанын естігенде күйзелген қазақ қауымы оның ата-анасы — Шыңғыс пен Зейнепке кеңіл, тоқтау

айта келген сәтін өрнектеген. Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым, көтер басты...

Баласы жеті момын келіп 'тұрмыз, Күңіреніп босағаңа төгіп жасты. Тарихтан талай адам көрген едік,Кызықты нелер дәурен сүрген едік.

Ж асымыз мұнша ж асқа келгенінше, Шоқандай науша жасты көрмеп едік.

Қыршын жас, қайран Ш оқан өткен бүгін, Күйзелтіп елі-жұртын кеткен бүгін.Аяулы жарқын жүзін еске тастап, Дүниеден ем таба алмай өткен бүгін.Әзелде солай ж азса не істейсің,Бұйырса тағдыр калай бас имейсің.

Қайран ж ас қызғыш болған халық үшін, Қалайша қазасына күйзелмейсің.

Дүниеден кедей де өткен, сұлтан да өткен,Шәрбәтін бұл елімнің, әркім күткен.Қоймайды аж ал сені тығылсақ да,Аплатон ғалым о да қайда кеткен?! Ақыры бұл нәубаттің көпке жетіп,Ғұлама білгіштердің бәрі кеткен. Алды-арты осындайға жеткеннен соң, Бүгінде қасірет енді саған келген Ер қазасына бүкіл ел жиналып, аза тұту, ел-жұрт күйзелуі, күңіренуінің өзі дүниеден өткен асыл адамның өмірін, ісін, еңбегін, жеке басының қадір-қасиеттерін жоғары бағалағандықтың бір көрінісі екендігі мәлім.Өлеңде Шоқанға байланысты терең де жарқын ой-баға

айтылған. Өлеңнің алғашқы куплетінің өзінде-ақ қазақ қауымы Уәлихановтар әулетін жоғары бағалайтыны, бағалағанда олардың рухани биіктігі, ой ойлайтыны үшін құрметтелетіні айтылған. «Ой түбіне ойлаған жетер» деп қазақ әуелден-ақ ой жүйріктігін, ой тереңдігін, қоғам мен адам өмірінде озық ойдың алатын орны мен мән-маңызын жоғары бағалағаны, ал ойсыз-бойсыз, құр босқа өмір кешуді жағымсыз қылық санағаны белгілі.

«Б аласы жеті момын» деген метафоралық, бейнелі тіркестің де мән-мазмүны терең. Ру-руға, жақ-жаққа, жер-жерге белініп, алауыздыққа, талас-керіске, жауласуға барушылық бірлікке, берекелікке нүқсан келтіретін

жағымсыз көрініс ретінде ешқашан құпталмағаны белгілі. Шоқан есімі бүкіл қазақ қауымына ортақ, оның қазасы қай ру ұрпағына болса да ауыр тигені азғана бейнелі тіркесте аңғарылған. «Баласы жеті момын» дегендегі «баласы» бұл арада тікелей мағынасынан гөрі кеңірек, «әр рудың адамдары», «ұрпақ» мағынасында қолданылған, ал «жеті» сөзі — жеті ата — арғы ата, ата-баба, аталастық, туыстық, бір кісіден тараған қауым жеті атаға жету әдетте үлкен оқиға, «баласы жеті момын» тіркесі бірлікті, тиыштықты, берекелікті, адамшылықты, адамгершілікті сақтайтын рулар мағынасын білдірген. «Қайран Шоқан» деп суық кара жерге мәнгілік мекенге қимастық, ел күйзелісі, оның аяулы жарқын жүзі ел есінде болатындыгы. Топтоп болып құйылған ойлар-тұжырымдар қазак сөз өнерінің нелер оюларымен көмкерілген.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 457 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ыбырай өлеңдері.| Шоқанның Жетісу қазақтары мен Ыстықкөл экспедициясы туралы очерктері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)