Читайте также:
|
|
Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбегінің дамып, өркендеуіне кең өріс 1856 жылы ашылды. Ол полковник М. М. Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған ірі әскери-ғылыми экспедицияға қатысты. Экспедицияның мақсаты - қырғыз халқымен танысу және Ыстықкөл алабын топографиялық картаға түсіру еді. «Бұл экспедицияға қатысуымыз үлкен абырой болды, - деп жазады Уәлиханов, - және қара қырғыздардың арасында екі ай жүріп, көбінесе олардың аңыздары мен тілін зерттеп, әрқилы пайдалы мәліметтер жинап алдық»*50.
Ыстықкөл экспедициясы туралы М. М. Хоментовскийдің ресми есептері мен хабарларынан құралған іс сақталған. Баяндау мәнері мен тәсіліне қарағанда, олардың көп бөлігін, сірә, Шоқан Уәлиханов құрастырған болу керек және жалпы алғанда мазмұны жағынан оның Ыстықкөл туралы күнделігінің деректерімен сәйкес келеді.
Ш. Уәлихановқа Жетісу мен Тянь-Шаньда кездескен ерте заманғы мәдениеттің өте сирек ескерткіштері үлкен әсер етті. Оны әсіресе Ыстықкөлдегі ертедегі қала мәдениеті, суландыру жүйелерінің қалдықтары, сәулет өнерінің ескерткіштері, эпиграфика (көне ескерткіш жазулар туралы ғылым) және балбал тастар қатты қызықтырды. Бұл ескерткіштерді зерттеу Уәлихановқа өткен замандардағы Ыстықкөл алқабы мен бүкіл Жетісу атырабын мекендеген халықтар өмірінің көрінісін мейлінше қалпына келтіруге мүмкіндік берді. «Орыс Жоңғариясында*53, - деп жазды ол, - көшпелі тұрмыс анағұрлым басым болғанымен, аз да болса отырықшылық болған; бұл туралы алғашқы тарихи мәліметті, атап айтқанда, Чигу қаласы туралы мағлұматты қытай тарихынан табамыз, бұл қала Ыстықкөлдің шығыс жағалауында орналасқан болуы мүмкін және оны үйсін күнмиіне арнап қытай жұмысшылары салды деп шамалауға болады. Ортағасырларда мұнда, әсіресе, Іле алқабында отырықшылық кең өріс алған. Алмалық (қазір Түркістан қыстағы) Қанақай мен Қайнақ (қазір де бар) және Алмату (қазіргі Верный бекінісі) қалалары саудамен аты шығып, генуя көпестерінің Қытайға және қыпшақ елшілерінің ұлы ханға баратын үлкен жолының бойындағы станциялар қызметін атқарған. Тағы бір айта кететін жай, Азияның бұл бөлігінде несториандық және монофизиттік діни конгрегациялар өте көп болған, ал Ыстықкөлде каталондық карта мәліметіне қарағанда, сириялық якобиттердің ғибадатханасы болыпты. Христиан дінінің мұнда кең таралғаны сондай, ол бірнеше рет қуғын-сүргінге ұшыраған. XVI ғасырда Ыстықкөлде бірнеше мұсылман мекендері болған. Бұл мәліметтер мені қатты қызықтырды...» Бұл сапарында Шоқан орыс Жоңғариясының барлық жерінде дерлік отырықшылық іздерін тауып, ол жерлерде тараған аңыздарды жинады. Ол былай деп жазды: «...ежелгі Алмалықтың қирандыларынан табылған бірнеше алтын заттар мен тиындарды қолыма түсіре алдым. Мұны арнайы мақалада айтуды көздеп отырмын»*54.
Ыстықкөл мен Орталық Тянь-Шаньда саяхаттай жүріп Шоқан қырғыз ауылдарында болып, буғу, сарыбағыш, солту руларының өмірімен және тұрмысымен танысады. Шоқан солардың арасында ұзақ тұрып, қырғыздардың өткенін жақсы білетін адамдармен әңгімелесіп, қырғыз жыршыларының жырлары мен әңгімелерін тыңдап, тынбастан аңыз, тарихи және шежіре әңгімелерді, ертегілер мен эпостық дастандарды жазып алып отырды.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 431 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”. | | | Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. |