Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі | Ылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары | Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі | Халықаралық құқықтағы экстрадиция (ұстап беру) институты | Экстрадицияның негізгі қағидалары | Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім | Ылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері | Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы | Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. C) модульдері тең, бір біріне қарсы бағытталған екі параллель күш
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  6. Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің?
  7. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат

Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
2) есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтыңденсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
4) есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
7) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;
9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңбасқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы;
11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;
12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардыңорнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;
15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi;
17) есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;
18) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi (2-қосымша);
19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату;
20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi (1-қосымша);
21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру;
22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралықКонвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;
23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер);
24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;
25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;
26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы;
27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;
28) нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптықзаттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;
29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам;
30) өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастыңөзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу;
31) прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар;
32) препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа;
33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;
34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;
35) уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.

Азақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;
1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;
2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды мемлекеттiк реттеу;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау;
4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және ведомствоiшiлiк үйлестiру;
5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;
6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;
8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту принциптерiнде жүзеге асырылады.

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы мемлекеттiк реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары

1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк реттеудi және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:
1) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi реттеу және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
4) денсаулық сақтау органдарына, есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың шектен тыс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыруға және көмек көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкілетті органдардың ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;
7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;
8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi бекiту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.
10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердi және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимылды үйлестiрiп отырады;
11) қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласымен байланысты мамандар оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткiзудi және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады;
13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;
17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асырады;
18) мемлекеттiк органдарға және өзге де ұйымдарға есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар, нұсқамалар енгiзедi;
19) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылдарды әзiрлейдi және iске асырады;
20) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiредi;
21) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
23) өз құзыретi шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмектi тартуды және олардыңмақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың
айналымын мемлекеттiк бақылау және олардың заңсыз
айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы
iс-қимыл шаралары

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңайналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
2) меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерудi жүзеге асыруға;
3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеру жүргiзуге;
4) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн аталған өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған кемшiлiктердi жою туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нұсқамалар беруге;
7) Есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы талаптарды бұзған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлiмшелердiңөндiрiстiк қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұруға;
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңдар менөзге де нормативтiк актiлердi бұзғандығы үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы бар.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы| Наркологиялық көмектi қаржыландыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)