Читайте также:
|
|
Қылмыстылық жағдайы мен онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшiлiктiң де назарын осы салаға аударып келедi. Бұл мәселе криминология құзiретiне кiредi. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгiлi бiр нақты кезеңiнде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтiк құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық бұл — болып, өзгерiп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгiлi бiр даму сатысында пайда болады, әлеуметтiк-экономикалық құрылымдар мен нақты саяси жүйелердiң тарихи ерекшелiктерiне сәйкес түрлi елеулi өзгерiстерге де ұшырап отырады. Мемлекеттiң қылмыспен күрестегi рөлі қандай? Ол көбiне-көп превентивтi, репрессивтi және тәрбилеу сипатындағы iшкi мемлекеттiк шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшiн аздық етедi. Қылымыспен күресте үлкен рөл мемлекеттер ынтымақтастығына берiлiп келедi.
Халықаралық қылмыстық құқық кодификациясына Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7 тараудың 7.7.-бөлiмiнде егжей-тегжейлi баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.
Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер жүйесi, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық институттарының жүйесiн қайталайды, тек реттеу затының ерекшелiгiне байланысты сәл-пәл өзгерiстерi болуы мүмкiн. Мысалы, халықаралық жария құқықтың негiзгi қайнар көздерi – екi тарапты және көптарапты шарттар болып табылады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының аясында қабылданған шарттарға берiледi. Осы салада кодификациялық жұмыстың толық аяқталмағандығын айтып өтумiз керек. Сондықтан, халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлiм жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамауда ұстау ережелерiн “Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары” деген саладан кездестiруге боладыМемлекеттердiң қылмыстық iстермен күрестегi халықаралық ынтымақтастығы — бұл халықаралық қауымдастыққа қатысушылардың iс жүзiндегi мүмкiндiктерiн үйлестiруге және келiсуге деген мемлекеттердiң объективтi сұранысы болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастықтың қажеттiлiгi бiрқатар объективтi факторлармен негiзделедi. Оларға: бiрнеше немесе көптеген мемлекеттердiң мүдделерiне қол сұғатын белгiлi бiр санаттағы қылмыстардың ерекше сипаты; Қылмыстық әрекеттердiң алдын алу және бұлтартпау жөнiнде және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудегi әрекеттерiн бiрiктiру қажеттiлiгi жатады.
Мемлекеттердiң қылмыстық iстермен күресудегi халықаралық ынтымақтастығының алғашқы сатыларында нақты қылмыстың түрлерiмен күресуде және бiрiккен әрекеттер, құқықтық көмек көрсету мәселелерi бойынша жеке шешiмдер қабылдау басым болды. Ал, қазiргi кезде мұндай ынтымақтасу аталмыш проблемаға кешендi тұрғыдан қарауға негiзделген. Ол мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерiн шешуге бағытталған көптарапты конвенциялар жасау;
әмбебап халықаралық ұйымдар мен БҰҰ органдар жүйесiнiң және арнайы ұйымдардың қызметiне негiзделген халықаралық ынтымақтастық нысандарының шарттық және институционалдық үйлесуi, мысалы Интерпол;
мемлекетаралық ынтымақтастықтың анағұрлым икемдi және тиiмдi нысандары ретiнде екi тарапты ынтымақтастықты пайдалану;
ынтымақтастықтың материалдық және iс жүргiзу аспектiлерiне негiзделген халықаралық-құқықтық және iшкi мемлекеттiк нормалар мен тетіктердi келiстiру арқылы.
.
Халықаралық қылмыстық құқық ұлттық құқықта қабылданған құқықтық санкцияларға сүйенедi. Соған орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға қатысты юрисдикцияларды мемлекеттердегi қылмыстық соттар жүзеге асырады.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі | | | Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі |