Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі

Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі | Экстрадицияның негізгі қағидалары | Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім | Ылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері | Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы | Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері | Ылмыспен күрес саласындағы ТМД мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы | Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы | Наркологиялық көмектi қаржыландыру |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. V. Тапсырмалар орындау.
  7. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?

Республика соттары мемлекеттік органдардың келтірілген зиян үшін жауапкершілігі туралы материалдық құқық нормаларын негізінен дұрыс қолданатындығын анықтады. Сонымен қатар, осы санаттағы істер бойынша құқықтың қолданыстағы нормаларын түсіндірмеу не дұрыс қолданбау орын алғандығы байқалады.

АК-нің 923-бабының 1-тармағына сәйкес, заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы заңсыз қолхат алу, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқада емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды тұлғаларының кiнәсiне қарамастан, заңдарда белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекетпен өтеледi.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу ҚІЖК-нің 4-тарауына сәйкес жүргізіледі. Зиянды өтеу көлемі ҚІЖК-нің 43-бабында көзделген. Соған сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінің нәтижесінде туындаған зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаларға келтiрiлген мүлiктiк зиян:

- жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, тұлғалар айырылған өзге де қаражаттар мен кiрiстердi;

- сот үкімінің немесе өзге де шешiмiнiң негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;

- соттың заңсыз үкімін орындау үшiн өндiрiлiп алынған айыппұлдарды;

- сот шығындарын және тұлға заңсыз әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларды;

- көрсетiлген заңгерлiк көмек үшiн тұлға төлеген сомаларды;

- қылмыстық iзге түсудiң салдарынан келтiрiлген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғалар ҚІЖК-нің 39-бабының 1-бөлігінде, 40-бабының 2,3,4,5-бөліктерінде көрсетілген. Аталған тұлғалар зиянды өтеу туралы талабын қылмыстық процесті жүргізетін органға (сотқа, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде прокурорға, анықтау органына, анықтаушыға) мәлімдеуі тиіс.

ҚІЖК-нің 47-бабында, егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не тұлға қабылданған шешiмге келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен сотқа шағымдануға құқылы екендігі көзделген. Солай бола тұра, зерделеуге түскен азаматтық істерден, соттардың, арызданушының зиянды өтеу туралы қылмыстық процесті жүргізуші органға жүгінгені жөнінде және оның шешімі қандай болғаны туралы анықтамағандығын көруге болады.

Азаматқа келтірілген зиянды өтеу үшін АК-нің 923-бабының 1-бөлігінде көрсетілген негіздемелер тізбесі түпкілікті болып табылады. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әрекеттерінің заңсыздығы соттың үкімімен немесе қаулысымен не анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен анықталады.

 

 

52. Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру бойынша ҚР келісімдік тәжирибесі

Халықаралық терроризммен күрес саласында Казақстан Республикасы ТМД, ШЫҰ елдерімен, басқа ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта. Қазақстан Президентінің бастауымен Достастықтың Лаңкестікке қарсы орталығы құрылды, қазіргі уақытта ол белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, лаңкестік актілерімен күрестегі ынтымақтастық «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қатысушы-мемлекеттерінің арасындағы келісімдердің шеңберінде де жүргізілуде. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Президенттерімен лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен және тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнетін басқа да қатерлермен күрес бойынша бірлескен іс-қимылдары туралы Келісім-шартқа қол қойылды. Қазақстанмен лаңкестікке және халықаралық қылмыстарға қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мемлекеттермен қостарапты келісімдер жасалды, солардың ішінде Венгрия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Молдова, Ресей, Германия, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан және Украинамен.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерінің жаңа редакцияларын іс-әрекетке енгізу егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін қылмыстар ретіндегі лаңкестік пен экстремизмнің (ҚР ҚК 167-, 233-ші баптары және басқалары) алдын алу мен жолын кесудің әсерлі механизмдерін жасау барысында бастау алар нүктеге айналды. Осы бағыттағы келесі қадам Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күрестің, жеке меншік түрлеріне қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтері тәртібінің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, міндеттері мен кепілдіктерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеп берген 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Лаңкестікпен күрес туралы» ҚР Заңы болды. 2000 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік органдардың қызметтерін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестірушілік ролін нақты белгілей отырып еліміздегі лаңкестікке қарсы біркелкі саясатты біртіндеп жүзеге асыруды қарастыратын «Лаңкестік пен экстремизм белгілерінің алдын алу және жолын кесу жолындағы шаралар туралы» Жарлығы шықты. Соның негізінде Қылмыстық және Қылмыстық-процессуальдық Кодекстерге, Қазақстан Республикасының «Лаңкестікпен күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңына өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер лаңкестік әрекеттердің алдын алуда, анықтауда және жолын кесуде тиімді іс-қимыл жасауға септігін тигізеді.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 94 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары| Халықаралық құқықтағы экстрадиция (ұстап беру) институты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)