Читайте также:
|
|
“Ұстап беру” (экстрадиция – extraditition) деген француз сөзi мен ex, + tradititio беру деген латын сөзi) ұғымына халықаралық құқық теориясында көп көңiл бөлiнген. Қылмыскерлердi ұстап беру институты халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған қағидаларына негiзделедi. Бұл мемлекеттiң аумағындағы айыпталушы немесе сотталушыны қылмыс жасаған немесе азаматы болып табылатын немесе қылмыстан зәбiр көрген мемлекеттiң сұратуы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн ұстап беруден тұратын құқықтық көмек актiсi болып табылады.
Қылмыскерлердi ұстап беру институтына мынадай белгiлер тән:
ұстап беру іс-жосығы негiзделетiн нормалардың кешендi сипаты – мұндай жағдайда екi дербес құқықтық жүйе – iшкi мемлекеттiк және халықаралық құқық нормалары өзара әрекеттеседi;
мұндай мәселелердi дербес шешуге қабiлеттi халықаралық құқықтың негiзгi субъектiсi ретiндегi мемлекеттiң құзiретi;
ұстап беру қылмыстық iс жасаған жеке тұлғаларға қатысты ғана жүзеге асырылады;
ұстап берiлген тұлға сотпен қудаланады немесе берген мемлекеттiң сот органы белгiлеген жазаға тартылады.
Ұстап беру мемлекеттердiң қылмыстық iстермен күресiндегi құқықтық өзара көмек актiсi болып табылады. Халықаралық құқықтың бұл институтының мазмұны әлемдiк бiрлестiктiң халықаралық қылмыстылықпен күрес саласында күштерiн ортақ бiрiктiрулерiне байланысты жаңа мазмұнмен толықтырылды.
Бейбiтшiлiкке қарсы, халықаралық қылмыстар, әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған тұлғаларды беру туралы мәселе алғаш рет бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн герман императоры Вильгелмге қатысты талқыланған болатын. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы антигитлерлiк коалицияны ұйымдастырушылық және құқықтық ресiмдегеннен кейiн ғана бұл институтты жоғарыда аталған қылмыскерлерге қолдануға мүмкiндiк туды.
Халықаралық қылмыстық iстердiң жеке түрлерiмен күресудегi халықаралық келiсiмдер қылмыскерлердi ұстап берудiң құқықтық негiздерi болып табылады. Сонымен қатар, бiрқатар мемлекеттер екiтарапты тәртiпте әдеттен тыс ұстап беру (экстрадиция) немесе қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасай алады. Қылмыскерлердi ұстап беру үшiн заңдық негiздердi белгiлеген кезде ұлттық заңнама нормалары мен өзара көмек қағидасының болуы назарға алынады.
Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыскерлердi ұстап беру шарттарына мыналар жатады:
жасалған әрекет ұстап беру туралы шартта көзделуi тиiс немесе қылмыстық iстердiң жеке түрлерi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда белгiленуi керек;
қылмыстық әрекет екi мемлекеттiң қылмыстық заңдарында бiр жылдан кем емес мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болуы тиiс (аумағында қылмыскер жүрген мемлекет пен ұстап берудi талап етушi мемлекет).
ұстап берiлетiн тұлға тек жасаған қылымысы үшiн ғана сотталады;
әдеттен тыс ұстап беру (экстардиция) талаптары бойынша қылмыскердi ұстап берген мемлекеттiң заңында өлiм жазасы көзделген болса, тұлғаға ондай жаза қолданылмайды;
егер беру туралы өтiнiш түрмеде қамау туралы үкiмдi орындау мақсатында немесе осындай құқықбұзушылық үшiн бас бостандығынан айыру шарасын iске асыру мақсатында iздестiрiлетiн тұлғаға қатысты болса, онда мұндай жазалаудың аяқталуына кем дегенде төрт-алты айдай мерзiм бар болған жағдайда ғана рұқсат етiледi (мемлекеттер арасындағы келiсiм бойынша).
1990 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы “Қылмыскердi ұстап беру туралы үлгі шарт” резолюциясын қабылдайды. Осы ұсынымдық сипаттағы актiнiң қабылдануы БҰҰ мүше-мемлекеттерiне қылмыстық iстермен күресу мәселелерiндегi мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiнiң артуына көмектестi. Әлемдiк қауымдастықтың ұсынысы бойынша ұстап беруден бас тартудың императивтi және факультативтi негiздерi болады.
54. Халықаралық құқықтағы экстрадиция институты түсінігі мен маңызы
Ұстап беру- мемлекеттердің қылмыстылықпен күрестегі бір-біріне құқықтық көмек көрсетудегі ең ежелгі формасы болып табылады. Ұстап беру жөніндегі тарихтағы ең бірінші келісімнің бірі болып, Египет фараоны ІІ Рамсес пен Хет патшасы ІІІ Хаттушилимен жасасқан келісім табылады. Онда: «Егер кімде-кім Египеттен қашып, хет мемлекетіне кетсе, хет патшасы оларды өзінің елінде ұстамайды, бірақ Рамсес мемлекетіне жібереді.» көріп отырғанымыздай мемлекеттен қашып кету фактісі де ұстап беруге негіз болған.
Құлиеленушілік кезінде, еңбек ететін құлдарды ұстап беру кең етек алған болатын. Сәйкес келісімдер Ежелгі Греция мен Римнің тәжірибесінде белгілі. Ондай келісімдер Ежелгі Русьтің де тәжірибесінде кездеседі. 911-944 жылдардағы Олег және Игорьдің Византиямен жасасқан келісімдерінде көзделгендей, Византияда қылмыс жасаған орыс азаматтары өзінің еліне жазалану үшін ұсталып беріледі. Тиісінше гректер Византияға беріледі.
Ортағасырларда ұстап беру туралы көптеген келісімдерге қол қойылды, ол кезде негізінен саяси қылмыстар туралы сөз болған. Феодалды мемлекеттер бір-біріне билікке қарсылармен күресте құқықтық көмек көрсеткен.
Ұстап беру туралы келісімдер Ресейдің ді тәжірибесінде кездескен. Ең ежелгілерінің бірі болып, 1649 жылғы Швециямен «жазба келісімі» табылады. Ал мұсылман мемлекеттері ислам дінін ұстанатын адамдарды басқа дінді ұстанатын мемлекеттерге бермейтін. Ұстап беру институтын түп-тамырымен өзгерткен жағдай, ХVІІІ ғасырдағы Францз Революциясы еді. Ол заңды баспана құқығын бекітті. 1793 жылғы Конституцияда көзделгендей: «Француз халқы өз елінен қуылған шетел азаматтарына баспана береді» деген. ХІХ ғасырда баспана құқығы жалпымойындатылған болып есептеліп, ұстап беру ортақ қылмыстарда мемлекеттердің бір-біріне құқықтық көмек көрсетудегі ынтымақтастығына айналады.
Төменде көрсетiлген мән-жайлардың кез-келгенi бойынша қылмыскердi ұстап беруге рұқсат берiлмейдi (императивтiк негiздер):
а) егер ұстап беру туралы келiп түскен өтiнiш бойынша құқықбұзушылық сұратқан мемлекетке саяси сипаттағы құқықбұзушылық ретiнде қарастырылатын болса;
б) егер сұратылған мемлекет ұстап беру туралы өтiнiш тұлғаны нәсiлi, дiни сенiмi, азаматтығы, тегi, саяси көзқарасы, жынысы немесе мәртебесi белгiлерiне қарай немесе соттық қудалау мақсатында сұратады деп немесе қандай да бiр себептермен байланысты мұндай тұлғаға зиян келедi деп ойласа;
в) егер құқықбұзушылыққа қатысты ұстап беру туралы келiп түскен өтiнiш бойынша әскери құқық көздейтiн құқықбұзушылық деп танылса, бiрақ жәй қылмыстық құқықта олай деп есептелмесе;
г) егер сұратылған мемлекетте адамға жасаған құқықбұзшылығы үшiн түпкілікті үкiм шығарылып қойылса;
д) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға, екi жақтың бiрiнiң заңы бойынша ескiру мерзiмiн немесе рақымшылық актiсiн қоса алғанда, соттық қудалаудан немесе жазалаудан иммуниетi бар болса;
е) егер ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен тұлға сұратылатын мемлекетте азапталатын болса ар-намысын қорлайтындай әрекет жасалатын болса немесе оған қатысты қылмыстық бақылау процесiнде ең төменгі кепiлдiктер қолданылмайтын болса;
ж) егер сұратылған мемлекетте сот шешiмi тұлғаның қорғалуын жеткiлiктi қамтамасыз етпей немесе ол жоқ кезде iстi қайталап тыңдауды қамтамасыз етпей шығарылса.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 418 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі | | | Экстрадицияның негізгі қағидалары |