Читайте также:
|
|
Экстради́ция (қылмыскерді ұстап беру)- халықаралық қылмыспен күресте мемлекеттердің бірігуінің бір түрі болып табылады. Мұнда, қандайда да бір мемлекет территориясында қылмыс жасаған немесе күдікді тұлғаны сұрау бойынша өз мемлекетіне тапсырады немесе ұстап береді. Соңғы кезде, «экстрадиция» термині «депортация» терминінің орнына жұмсалып жүр.Әдетте, экстрадициялау мемлекеттер арасында өзара келісімшарт болған кезде жүзеге асырылады. Келісімшарт екіжақты немесе көпжақты конвенция түрінде болуы мүмкін. Оның қатысушылары болып сұраушы және сұралушы мемлекет болуы керек. Мысалы, Экстрадициялау туралы Европалық Конвенция, 1957 жыл. Ұстап беру мәселесіне байланысты типтік келісім БҰҰ БА Қарарында 1990 ж. 14 желтоқсанда қабылданды. Ондағы Келісімнің мақсатына екі мемлкеттің заңнамасымен де қауіпті деп танылған қылмыстың түрлері және оларға берлітеін жаза мөлщшері нақты анықталған болуы қажет. Егер сот шешімі шыққан кезді түрмеге жатуы қажет деп танылған тұлғаның уақытының өтелуіне төрт немесе алты ай қалған кезге дейін ғана қылмыскерді ұстап бере алады.Негізінен, экстрадициялауды келісімсіз де жасауга болады. Аталаған жағдайда, мәселе сұралушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес қаралады. Қылмыскерді ұстап беру – мемлекеттің міндеті емес, құқығы. Мемлекеттер арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы екіжақты келісім болған жағдайда ғана мемлекет қылмыскерді экстрадициялауға міндетті болып табылады. Экстрадициялау белгілі қылмыстар бойынша ғана жүзеге асады. Негізінен, қылмыстарды анықтау мен оларға берілетін жаза келісімшартта белгіленеді. Дәстүрлі түрде, сұралып отырған қылмыскердің әрекеті сұрап отқан және сұралып отырған мемлкеттердің заңнамаларымен реттеледі. Сонымен қатар, шартта мемлкеттердің экстрадициялаудан бас тартатын шарттары да айтылады.Оған, ең алдымен, сұрау жасап отырған мемлекеттің оны сұраудағы негізгі себептері, яғни, ол қылмыскер саяси негізде іздеуде екендігі және ұсталған жағдайда оны қинау немес өлім жазасы күтіп тұрғандығы жайында дәлелдемелер қажет.Көп жағдайда мемлекетте өз азаматын эктрадицияламайды. Ондай қағида көптеген мемлекеттердің Конституциясында жазылған.Еуропа Конв. Қосылған бұл мемлекет өз азаматтарын экстрадициялаудан бас тартатындығы туралы ескертпе қабылдаған болатын. Еуро Одақтағы барлық мемлекеттер өз азаматтарын ұстап беруге қатысты өзара келісімшарттары бар болып табылады. Қытай, Жапония, Израиль, Беларусь, Украина өз азаматтарын экстрадицияламайды. Ұстап беру үрдісі ең бірінші сұраушы мемлекеттің сұрау салуынан басталады. Сұрау тілі сұралып отқан мемлекет тілінде немесе халықаралық қатынас тілдерінде жазылады (ағылшын, француз). Сұрау СІМ арқылы немесе Құқық қорғау органдары арқылы жіберіледі. Қылмыскер ұсталған сәтте сұралған мемлекетте сот ісі басталады. Сот міндеті тұраудың заңдық негізін анықтау. Егер сот ұстап беруді дұрыс деп тапса шешімді әкімшілік органдар қабылдайды. Ұстап берудің соңғы шешімі саяси сипатта болады.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Экстрадицияның негізгі қағидалары | | | Ылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері |