Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек келісімі

Читайте также:
  1. Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан
  2. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
  3. Еңбек ресурстарының ерекшелігі
  4. МЫСАЛЫ: Қызметкердің еңбекақысы–50000 теңге.
  5. Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару
  6. Хиругия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басаталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте " жұмыс беруші " және " жұмысшы " деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады.

Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан түрады:

1. құжат аты;

2. келісімнің жасалған орны мен күні;

3. екі жақтың толық және шартты атауы;

4. жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;

5. келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);

6. келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);

7. келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);

8. сынау мерзімі;

9. жұмысшының міндеттері;

10. еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;

11. жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;

12. еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;

13. ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;

14. демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;

15. келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;

16. келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін);

17. келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;

18. екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;

19. екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);

20. шартқа қол қойылған күн;

21. келісім қосымшасы (егер бар болса)..

Мәслихат [1] — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. ин-т алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Референдумның негізгі екі түрі бар:

1. Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

2. Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Мажоритарлы сайлау кезінде сайлаушылар сайлау округтары бойынша белгілі бір кандидаттар үшін дауыс береді. Мажоритарлық жүйеде дауыс санының ең көп болуы тиіс, кандидатқа жеңіс үшін сайлаушылардың 2/3 дауысын жинау қажет, дауыс санының көпшілігін (50% + 1 дауыс) немесе айтарлықтай көп дауыс жинау міндетті.

Абсентеизм - [лат. absens (absentis) - қатыспаушы - сайлаушылардың сайлау кезінде саналы түрде дауыс беруге қатыспауы. Билік етіп отырған басқару түріне, саяси тәртіпке енжар наразылығы, өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруда селқостық танытуы. Кең мағынада адамдардың саяси өмірге "менің ісім емес", "менің даусымнан ештеңе өзгермейді" деп немқұрайлықпен қарауы. Үйреншікті санада абсентеизм "саясаттан шаршау" түрінде көрініс табады

Жұмыс Уақыты – қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі

Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылык органы арасында жасалады

Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер

Жалған неке - Отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерің туғызбайтын неке

Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі

Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді

Қос азаматтық (бипатризм) — белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады

Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны адам тиісінше ресімдеген сыйға беру шарты немесе өсиеті арқылы жүзеге асырады.

Мәміле [1]— азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:

1. ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру. Мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа.;

2. жанама ниет білдіру. Мысалы.: адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;

3. кейбір жағдайда үндемеу де ниет білдіру болып саналады. Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін.

Санкция, ықпалшара (лат. sanctіo – аса қатаң қаулы) — құқық,тық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары.

Дәрігерлік құпияны жария ету - Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:
1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде;
3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.

Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».

Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:

Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.

Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.

Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.

Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.

— Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді:

дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады.

тараптардың құқықтары тең.

сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.

Кодекс - заңның белгілі бір салаларына жататын нормаларды жаңа талаптар мен жағдайларға сәйкес, ішкі мазмұны жағынан күшейтіп, өзгертіп, толықтырып бір жүйеге салу арқылы жасалған заң актісі.

Алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
Алқабиге кандидат - Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес кейiннен алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматы;

Алимент (лат. alіmentum — асырау, бағу) — қалыптасқан некелік және басқалай туыстық қарым-қатынастарға байланысты бір адамның заң бойынша екінші адамды асырауына жұмсалатын қаржысы

Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы[1].


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 617 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДЖЕРЕЛА ПОПОВНЕННЯ УКРАЇНСЬКОЇ ТЕРМІНОЛОГІЇ| Язык танца...

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)