Читайте также: |
|
айырмашылығы. Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығына
қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне
жер құқықтары, əкімшілік құқық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету
құқықтары табылады.Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына жəне ұйымдастырылуына қатысты дау туған жағдайда осы даудың еңбек
құқығының пəніне жататындығын немесе даудың өзге құқық салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін еңбек қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте зор, себебі, осындай талдаудың нəтижесінде тиісті құқықтық салдар туындайды.
Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты. Азаматтық заңдар қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар- ақшалық жəне өзге де қатынастарды, еңбекпен жəне оның нəтижелерімен байланысты мүліктік қатынастарды реттейді. Яғни, азаматтық құқықтың пəніне белгілі бір жұмысты орындаумен немесе қызмет көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты, тапсырма, əдеби тапсырыс жəне т.б.) байланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар еңбек қатынастарына өте жақын жəне оларға ортақ сипаттар тəн: олар еңбекпен байланысты, еңбек шартына (келісіміне) негізделеді, ақылы сипатқа ие. Жеке меншіктің туындауына жəне өсуіне байланысты жұмыс істейтін тұлғалар еңбек қатынастарына жалданбалы қызметкер ретінде де, өндірістің меншік иесі ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек жəне мүліктік қатынастарының белгілі бір деңгейде бірігуіне əкеледі.
Алайда, олардың қандай құқық саласына жататынын анықтайтын өздеріне тəн айырмашылықтары да бар.Бұл қандай айырмашылықтар екен?
Біріншіден, еңбек қатынастарының пəні жəне негізгі мазмұны болып еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық мердігерлік, тапсырма, əдеби тапсырыс шарттары бойынша) пəні болып еңбектің өнімі табылады. Екіншіден, қызметкер еңбек қатынастарында белгілі бір жұмысты (белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша) істеуге міндеттенеді. Үшіншіден,
қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының режимін сақтауға, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағынуға міндеттенеді.Ал азаматтық қатынастарда аталған талаптарды орындау міндетті емес. Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына кірмейді, оған еңбек шарасын орындау, ұйымның жұмыс режимін сақтау, ішкі еңбек тəртібінің белгіленген ережелеріне бағыну қажеттігі таралмайды. Басқаша айтар болсақ, азаматтық қатынастарда кімнің, қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс істейтіні емес, мұнда белгілі бір жұмысты сапалы жəне уақтылы орындау маңызды болып табылады. Мысалы, қоршау жасаудың
қажеттігі туды делік. Еңбек заңдарының нормаларына сəйкес шартқа тұрған қызметкер ғана осы жұмысты орындауы қажет.Сонымен қатар, ол еңбек тəртібін сақтай отырып, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағына отырып (белгілі бір ауысымда), белгілі бір ұжымда жұмысты орындауы қажет жəне еңбек нормасын күнделікті орындауы тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл
жұмысты қызметкердің өзі немесе оның бригадасы не оның қызметкері не барлығы кезектесе отырып орындай алады. Олар күндіз немесе түнде, күн сайын не белгілі бір уақыт өткен сайын жұмыс істеуі мүмкін – бұлардың барлығы маңызды емес. Ең маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық- құқықтық қатынастарды ажырату олардың мазмұнына қарай
жүргізіледі. Егер еңбек құқығының пəні болып тірі еңбек барысындағы еңбек қатынастары табылса, азаматтық құқықтың пəні болып заттандырылған еңбек немесе еңбек өнімі, оның нəтижесі табылады. Алайда, еңбек жəне азаматтық қатынастарды ажыратуға қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығының нормалары үстемдікке ие болады. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 1-бабына сəйкес, бұл қатынастар еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына азаматтық заңдар қолданылады. Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік қатынастарды реттейді, алайда, еңбек үрдісі кезіндегі қатынастарды реттемейді. Еңбек заңдары еңбек үрдісін реттейді жəне қызметкер үшін белгілі бір құқықтық режимді, құқықтық кепілдіктерді белгілейді.
Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек құқығына ұқсас сипаттары көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға еңбекті жəне қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек құқығы мен бұл құқық салаларының арасында бірқатар айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы дербес емес (жалданбалы) еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын реттейді. Жер жəне аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі
болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің қатарына жатпайтын кооператор-қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының қатарынан əкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін ұйымдастыру, кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылығының жəне мемлекеттік қызметшілердің құқық субъектілігі мəселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ жері көп. Кəсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек жəне
əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңымен де, ҚР «Мемлекеттік
қызмет туралы» заңымен де реттеледі.Соған қарамастан, еңбек жəне əкімшілік құқықтарының өздеріне тəн айырмашылықтары да бар. Олар реттеу пəні мен əдістеріне қатысты. Егер еңбек құқығы қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек үрдісіндегі қатынастарын реттесе, əкімшілік
құқық тиісті лауазымды тұлғалардың құзыретіне қатысты, қызметке алу мен босатумен, тəртіптік жазалар тағайындаумен жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді.
Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастары табылса, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы азаматта қандай да бір себептермен жұмысқа қабілеттігін уақытша не тұрақты жоғалтқан немесе зейнеткерлік жасына жеткен жағдайда, оларды материалдық қамтамасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Əдетте бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз
байланыста болады. Мұндай жағдайда азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің мөлшері олардың еңбек қатынастары үрдісінде алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес есептеледі.
Еңбек құқығы саласының жүйесі. Əрбір құқық саласының,соның ішінде, еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығы саласының жүйесі – бұл оның нормаларының құрылымы жəне орналасу тəртібі. Бұл кезектілік еңбек құқығы қатынастарының туындау, даму жəне тоқтатылу барысына қарай құрылады.Еңбек құқығы қатынастары – бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелген еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбегін пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге міндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде жалақыны төлеп отыруға жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті. Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы жəне ерекше бөлімдер.
Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық жəне салалық тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің) еңбегін пайдалану жəне ұйымдастырудың жалпы мəселелерін реттейтін нормалар жатады. Еңбек құқығы саласының ерекше бөлімі институттарға, яғни, еңбек құқығы қатынастарының туындау жəне жүзеге асырылу деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың топтарына сəйкес құрылады. Ерекше бөлім халықты жұмыспен қамтумен жəне жұмысқа орналастырумен басталады, одан кейін орталық институт – жеке еңбек шарты, оның туындауы, өзгеруі жəне тоқтатылуы, содан соң – жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты институты, жалақы институты, кепілдік жəне өтемақылық төлемдер институты, еңбек тəртібі институты жəне еңбекті қорғау институты орналасқан.
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне мəні. «Қағида» сөзінің өзі латын тіліндегі «principium» cөзінен туындаған жəне оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылай, «қағида» түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесінде қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін құрайды жəне осы құқықтық жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қағидалары – бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы. Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл
қолданыстағы еңбек заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды жəне дамуды бағыттайды. Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы
нормаларының мəнін жəне мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады. Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Еңбек құқығының негізгі қағидалары ҚР Конституциясында жəне осы құқық саласының маңызды заң шығарушы актілерінде бекітілген.Еңбек
құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тəн:
· олар экономикалық жəне саяси жағдайлармен байланысты, себебі, қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;
· олардың мазмұнына ортақтық тəн, себебі, қағидалар əрқашанда құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының мəнін көрсетеді;
· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық нормаларында бекітеді жəне санкциялайды, қағидалар ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;
· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасының белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін ашады;
· мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі бір мəселелерді шешудегі мəнін көрсетеді;
· тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы əрекет етеді жəне өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие.
Əрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:
· барлық құқық салаларына, соның ішінде, еңбек құқығына да тəн жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм қағидалары жəне т.б.);
· құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар;
· тек белгілі бір құқық саласына тəн сала ішіндегі қағидалар (мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары жəне т.б.).
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | | | ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ |