Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алдырылатын құқықтар. Эмфитевзис. Суперфиций.

Ықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун | Сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы. | ТАРАУ. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым. | Неке жағдайы. | Ықтарды қорғаудың пайда болуы. | Легисакциялық процесс. | Талап ұғымы. | Ықтар коллизиясы және талаптардың бәсекесі | Зат құқығы және иелену. | Меншiк құқығының ұғымы. |


Кейбір пайдалану құқықтар басқа тұлғаға берілетін және мұраға қалдырылатын құқықтармен бірге берілетін. Осы құқықтар алдымен Румда болған жоқ. Оларды грек құқығы халықтар құқығының /ius. gentium/ арқасымен рум құқығына перегриңдердік преторлар кіргізген. Содан соң бұл құқықтардың аты латын тілінен емес, грек тілінен шықты. Оның біреуі Emphiteusis (эмфитевзис) екіншісі Superficies (суперфиций) болған. Emphiteusis - жер бөлімінен өмір бойы, басқа біреуге және мұра бойынша қалдыру құқықтарына қосылған пайдалану құқығы. Осы құқықты иесі жерімен және жердің жемісімен толық пайдаланады. Эмфитевзиспен пайдаланған тұлға жердің иесіне (мемлекет) жер сапасымен пайдаланатын төлемін төлеу міңдетті болған.

Оларды үш жыл бойында төлемесе эмфитевзис құқығынан айырылатын. Пайдаланушы осы құқықты басқа біреуге сатып бергісі келсе, алдымен оны жер иесіне сатып беруге міндетті болатын. Басқа біреуге сатып берсе, жер иесіне екі продеят бағасынан беретін.

Superficies - эмфитевзиcға ұқсайтын құқық. Тек қана суперфициде жер емес, жердің үстінде салынған қозғалмайтын объектерін пайдалану құқығы берілетін. Бұл да басқа тұлғаның емес, жер иесінің меншігі болып есептелген.

Сонда үй салған тұлға сол үйдің иесі емес, пайдаланушысы сияқты есептелген, өйткені жерден жерге салынған қозғалмайтын заттар айырылмайды деп есептелінген.

Pеcoris adaquuni - басқа біреудің жерінде мал суару құқығы.

Pascenti - басқа біреудің жерінде малды бағу құқығы. Қалалық сервитуттердің бірнеше түрлері болған:

Protegenti - құрлыста шатырды, көрші жерінің үстінгі жағына құру құқығы.

Tignmi immitendji - құрлыста көршінің қабырғасы арқылы мәтке тіреу құқығы.

Stillicidii - көршінің жерінен ағып атқан жауын суын пайдалану құқығы.

Fluminis - көршінің жерімен пайдаланған суын шығару құқығы.

Cloake - көршінің жерінен сарқынды суды өткізу құқығы.

Nelurninilus officiatur - көршіге құрылыспен күннің көзін жаптырмау міндеті. Осы мәселелер бойынша предиалдық әлде жергілікті сервитуттер заттарымен байланысты болатын, ал тұлғалармен байланысты сервитуттер Persoiioum (тұлғалы) деп аталатын.

Тұлғалы сервитуттер ерекше тұлғаларға берілетін. Сонда ерекше тұлға басқа біреудің затын (жер, әлде үй болса) тұтасымен пайдаланған. Бірақ та осы құқықтар мазмұны бойынша әртүрлі болатын. Usus – шектеулі пайдалану құқығы. Заттың иесі пайдаланатын тұлғаға бірнеше шек қоятын.

Мәселен: жеміспен тек қана керек кезде пайдалануға, бірақ сатуға әлде басқа біреуге беруге рұқсат берілмеген.

Usufructus - затпен және оның жемісімен пайдалану құқығы. Осы пайдаланатын тұлға заттың жемісі меншік құқыққа берілетін. Пайдаланатын тұлға затты басқа түрге айналдыруға құқықты болған жоқ. Мысалы, жерді өсімдік өсіруге берсе, оны басқа түрде құрлыс салуға рұқсат етілмеген.

Usus және Usufructus - пайдаланатын тұлғаға өмірлік түрінде берілетін, бірақ басқа біреуге беруге әлде мұра бойынша қалдыруға құқығы болған жоқ. Узуфрукттың ерекше түрі Quasiusufructus - квазиузуфрукт болатын. Онда Quasi сол сияқты мағынада Узуфрукт сияқты құқықты деп атауға болады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 104 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Меншiк құқығының түрлерi| ТАРАУ. МІНДЕТТЕМЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)