Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТАРАУ. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым.

Praesriptio ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН | Тарау. Рум құқығының ұғымы мен пәні. | Рум құқығыңың жүйесі. | Рум құқығының негізгі белгілері. | Біріншісі (әдет құқығы). | Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары). | ТАРАУ. ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. | Ықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун | Ықтарды қорғаудың пайда болуы. | Легисакциялық процесс. |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Invision Power Board компаниясында трафиктік жоспарлары туралы не білесің?
  6. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  7. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?

4.1. Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.

4.2. Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.

4.3. Рум Неке жағдайы.

4.4. Әке билігі.

4.1.Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.

Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген.

Егер ер балалар үйленіп, сол familia мен бірге тұрса, оның әйелі мен балалары бір әкесінің фамилиясына қарайтын. Содан соң, латын тілінің Familia деген сөзді тиянақты отбасы емес, оны қазақша «үй» деп аударсақ дұрыстау болады. Үйдің иесін румдықтар paterfamilias деген. Paterfamilias тың ұғымы тек отбасы жағдайынан ғана емес, құқықтық жағдайынан да шығады. Paterfamilias рум азаматтарының ең толық құқықтарына ие болатын. Содан соң оны persona sui iuris деп атаған. Үйдің басқа мүшелері Pater familias қa бағынышты болатын. Содан соң оларды persona apieni iupis деп атаған, apieni - бөтен деген сөз. Одан әрі ежелгі заманда үйдің іші бәрі де Paterfamilias тың жеке меншігі, мүлігі болатын. Сол кезде әйелді баланы мал сиықты сатуға, айырбастауға, тіпті өлтіруге де үйдің иесіне заң бойынша рұқсат етілген. Бірақ бірте-бірте тарих бойынша үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Әйелдерді, балаларды бірте-бірте адам қатарына қосатын болды, тек қана құлдарды есептемейтін.

Бірақ олай болса да Paterfamiliasтың әйелі persona in manum mariti (қол астындағы персона деп айтылады). Үйдің иесі өлсе де, үйдегі барлық мүшелері әйелі болса да, үлкен баласы болса да, ол үйленсе де рум азаматтарының толық құқығына ие болмаған. Ал Paterfamilias қайтыс болса, оның орны ер баласына қалатын, үлкен ұлы әкесінің орнына Paterfamilias болатын. Ал өлген кісінің зайыбы жесір ретінде сол баланың қол астында қалатын. Баласы оған қамқоршы болатын, бірақ та сол жесірді күйеуі өлген соң persona sui iuris деп атаған. Рум фамилияның ішінде баланың баласы, яғни немересі, өзінің әкесіне емес, pater familiasқa бағынатын. Ал келіндер де өзінің күйеуіне емес, оның әкесіне бағынышты болады. Рум фамилиясында қазақтың отбасысы сияқты күшік күйеулер де болатын. Олар да pater familiasқa бағынышты болатын. Сонымен, үйдің іші толық persona alieni juris болатын.

4.2.Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.

Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Румда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рум фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген. Туған балалары келіндерімен, күшік күйеулерімен бірге одан әрі басқа отбасынан келген осы үйде тұратын кісілер paterfamilias қа агнаттар болып есептелген, ал осы үйден бір қыз тұрмысқа шықса, ол агнаттық туысқандықтан айырылатын, өйткені сол қыз өз әкесінің билігінен шығып, басқа үйдің иесінің қол астына баратын. Одан әрі кейбір ұлдарды басқа paterfamilias заң бойынша асырап алса, сондай ұлдар, туған әкесіне емес, асырап алған үй иесіне агнат туысы болып шығатын. Мұрагерлік құқық бойынша, қайтыс болған кісінің мүлігі, алдымен агнат туысқандар арасында таратылатын. Содан соң күйеуге шыққан қыздар және басқа біреу асырап алған ұлдар, күшік күйеулер өз әкесінің мұрасына тек қана екінші кезекпен қатынасатын.

Ал когнаттық туысқандық дегеніміз – бұл кәдімгі қан бойынша туысқандық болатын. Ежелгі рум фамилиясы агнат отбасы болатын, бірақ та бірте-бірте Paterfamilias билігінің күші әлсіреп қалып, ал үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайының күші артқан.

Содан соң бірте-бірте агнаттық туысқандықтың орнына когнаттық туысқандық келген. Мүлік қатынастары мұрагерлік құқығы агнат туысқандық бойынша емес, алдымен когнаттық қан бойынша, туысқандықпен жүргізілді. Ендігі мәселе үйден шыққан Paterfamiliasтың ұлы асырап алған үйде тұрған ұлынан әкесінің мұрасына алдымен шығатын.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 406 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы.| Неке жағдайы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)