|
Әдет құқығы халықтың әдеттерінен шықты. Бірақ, жай әдеттерді құқықтық әдеттер деп есептеуге болмайды. Тек қана халық әдеттеріне патшалар немесе республиканың сенаты қорғау жасаса (заңмен, заңсыз болса да) сол әдеттерге келісім берсе, олар құқықтық әдеттер болады.
Мысалы, бұрынғы заманда екі кісі некемен қосылса, ол жай халық әдеті болған. Одан кейін некені мемлекет заң ғұрпына қосты. Бүны құқықтық әдет деп есептейміз.
Екінші мысал мейрамдардан. Наурыз мейрамы бұрын тек
қана халық ішінде аталған. Ал қазір Наурыз мейрамы
мемлекеттік мейрам болып шықты. Енді оны құқықтық әдет деп
есептеуге болады. Айтпақшы, тарих бізге тағы бір қуанышты ескерткішті қалдырды. Білмесеңіз – біз бәріміз әрбір аптада бір мейрамды тойлаймыз. Бұл мейрам - жексенбі, орысша воскресение (қайта тірілу). Осы мейрам да рум құқығынан шықты, өйткені Рум императоры Константин Иса пайғамбардың тіріліуін әр жұма сайын тойлап демалыңыз деп заң шығарған. Осы заң ұмытылса да, біз оны білмей де орындаймыз.
Әрбір халықтың тарихында өзінің әдет құқығы болатын. Орыс әдет құқығы, қазақ әдет құқығы. Сонымен Рум халқының да өз әдет құқығы болған. Мемлекет нығайып, күшін көбейткен заманда әдет құқығының орнына заң құқығы келеді. Ал, тарихта сол әдеттерден құқықтық ескерткіштер қалады. Рум әдет құқығының ең белгілі ескерткіші «Он екі тақтадағы заңдары» қалған. Мәселен, қазақ халқында сондай-ақ ескерткіш - «Жеті жарғы» деген әдет-ғұрып жинағы.
Румдықтар әдет құқығын mores majorum (ата-ағалардың мұрасы) деп атаған Commentarii pontificum (абыздар жариясы), commentarii magistratum (бастықтар жариясы) деген ескерткіштер де әдет құқығына жатады.
· Екіншісі - (республиканың заңдары).
Алдымен заңдар патшаның қолынан шығатын. Ал, Румда республика мемлекет құрылғанда, сол мемлекеттің ең жоғарғы билігі сенат деген халық кеңесінің қолыңда болатын. Сенат қолынан шыққан заңдар lege деп аталған (Заңдар — leges әлде lех деген). Осы атақтан легитимді, легистратура деген заңдық атақтар шықты. Легетимді — заңға сәйкес, заң негізінде деген мағынада, легистратура — заң жинайтын кеңсе орны.
Рум сенаты (біздің тарихта оған ұқсайтын құрылтай деген халық кеңесі болған) заңдарды үш сатымен шығарған. Алдымен сенат мүшелері заң жобасын шығаратын (1 саты). Одан кейін сол жобаны халық талқылауына жіберетін (2 саты). Талқылау біткенде дайын заң бүкіл сенат сайлауы арқылы бекітілетін (3 саты).
Республика заңдары үш бөлімнен тұратын. Олардың латын тіліндегі атаулары: а) praescriptio, Ь) rogatio, с) sanctio. Оларды қазақшаласақ: а) алдыңғы сөзі, b) мазмұны, с) жазасы деп айтуға болады. P raescriptio мен rogatio басқа тілдерде аса тараған жоқ; sanctio (санкция) өте белгілі сөз.
Тарихта қалған ең белгілі заңдар: Lex Poetelia (Пателийдің заңы) — қарыздарды жоюға немесе құлдыққа сатуға тыйым салған б.ж.д. IV ғ.; Lех Аguilia (Аквилийдің заңы) б.ж.д. III ғ. — басқа кісінің нәрсесін жою немесе бұзу үшін жаза жарияланған; Lех Falcidia (Фальцидийдің заңы) — мұрагерлік құқығын, бірнеше ережелерді орнатқан. Бұл заң бойынша мұрагерге қайтқан кісі мұрасы міндеттелген. Б.ж.д. I ғ.
Үшіншісі (Сенатусконсульттер). – Қазақша айтсақ, сенат келісімдері деп айтуға болады. Латынша senatus consultes дейді, (senatus — кеңес, consuliere — ақылдасу). Бұлар принципат кезінде сенат атынан шыққан заңдар. Бірақ сенат оларды өзі шешкен жоқ, халықтың оған ешбір қатынасы болмаған. Қысқаша айтсақ, осы түрлі заңдарды принцепстердің жеке ережесі деуге болады. Сенат тек қана оған атағын беретін. (Принцепс деген әлі император емес, бірақ сенатты өз білейтін сенаттың бірінші мүшесі). Сенатусконсульттердің көбі тарихта сақталған. Мысалы, Senatus consultum Macedonium (Македонийдің сенатусконсульты) — бағынышты үлдарға қарыз алуға тыйым салған. I ғ. Senatus consultum Vellelianum (Веллелианның сенатусконсульты) - әйелдерге де қарызға ақша алуға тыйым салған.
Төртіншісі (Преторлардың эдикттері). «Эдикт», edictum, «заңды түрде жария», «dісо»-«айтамын» деген сөзден шықты. Осыдан – диктатор, дикция деген халықаралық сөздер пайда болған. Бірақ эдикт заң емес. Өйткені, ол не сенаттан, не патшадан шыққан жоқ. Солай бола тұра преторлардың эдикттері заңның күшін сақтайтын. Әрбір претор сайлағаннан кейін жұмысқа кіріскен соң, осындай эдикттер шығарған. Эдиктте претор қандай арыздарды сот қарауына беретінін, қандай істерді шешімсіз қалдыратынын жариялаған. Әдет бойынша претор бір жылға сайланатын, сондықтан эдикттердің де бір жылдық күші болатың. Бірақ кейбір эдикттердің ішінде болған ережелер жаңадан шыққан эдикттерге кіретін. Император Адриан белгілі заңгер Юлианаға 100 жылға ең жақсы, қолайлы эдикттерді жинап, салыстырып, мәңгілік эдикт шығар деп тапсырма берген. Тарих бойынша оны Ediktum perprtuum деп атаған. Регрtuum — мәңгілік деген сөз. Мысалы, регреtuum mobile — мәңгілік қозғаушы, қозғалтқыш дейміз. Преторлардың эдикттерінен преторлық құқық шыққан.
Бесіншісі (Императорлардың конституциялары). Принципат жойылғасын мемлекет билігін императорлар қолға алған. Император жай патша емес, империяның патшасы. Империя кәдімгі мемлекеттен биік. Өйткені басқа елдерді шапқан, басқа халықтарды бағындырған мемлекетті империя дейміз. Тарихта императорлық заманды доминат деп есептеген. Dominio - ие боламын деген сөз. Сол кезде сенаттың күші басылған. Императорлар заңдарды сенатсыз өздері шығарған. Сол заңдардың атауы конституция болып шықты.
Constituere – құрастыру, орнату, анықтау мағынасында. Сөйтіп, конституция деген сөзді құрастыру заңы деп айтайық. Конституцияның бірнеше түрі болатын. Оларды эдикт, рескрипт, мандат, декрет (edictum, rescriptum, mandatum, descretum) деп шығарған. Эдиктті алдын ала анықтадық. Бірақ бұл жерде претордан емес, императордан шыққан эдикттер деп санаймыз. Rе - қайта, scriptio - жазамын) — императордың арыздарға берген жауабы Рескрипт (rescriptio - қайтып жазамын, жауап беремін деген мағынада. Мандат деген (mandatum - нұсқау, инструкция) магистраттарға (бастықтарға) берген нұсқау, жарлық деуге де болады. Біздің тарихымызда хандар елшілерге нұсқау берсе, оны жарлық деген. Осыдан орыстарда «ярлык» деген сөз қалған. Бұл атау декретке ең жақын балама болады. Декрет - (decretum - шешім). Императорлар кейде сот орнына кейбір істерді шешкен. Сол шешімдер заң күшін толтырып, басқа сондай істерге мысал болатын, олар декрет деп аталатын.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Рум құқығының негізгі белгілері. | | | Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары). |