Читайте также:
|
|
Бүкіл тарих бойынша заң ғылымында үлкен деңгейге жеткен бірден-бір сала – Рум құқығы. Басқа тарихи құқықтық жүйелерден қарастырсақ, оның бiрнеше көрнекті айырмашылықтары бар. Сол айырмашылықтарды Рум құқығының белгілері деп санаймыз. Олардың біріншісі - шектелмеген жеке меншік құқығының институты. Бұл Рум құқығының ұйытқысы. Ол құл иеленушілердің жерге ие болуына, саудагерлерге тауарларды сату т.б. әрекеттерден көрінеді. Екіншісі – келісім-шарттардың институты. Бұл Румда ерікті азаматтарға үлкен шаруашыпықпен айналысу үшін көптеген түрлі келісім құжаттар пайда болу үшін, келісімдер орындалу үшін көп көмек көрсеткен. Үшіншісі – Рум тұрғындары құқықтық жағдайларда жекешелікті өте биік көтеру. Меншік тек қана бір қолда болу керек мағынасында. Төртінші – құқық нормалардың анықтамалығы өте дәл және түсінікті болуы. Бесінші – құқық жүйесіні прецедентке негіздеу. Прецедент деген – құқық практикасында бұрын болған шешімдерді пайдалану. Алтыншы – құқықтық жүйені талаптарға негіздеп құрастыру. Р умдық құқық жүйесі бірнеше түрлі талаптардан құрылған. Жетіншісі – құқықтық компромиссті әрбір жағдайларда іздеу. Компромисс деген – екі әлде көп жақтардың әртүрлі белгілері, ой-пікірлері брдей болмаса да бір қалпына келтіру. Тоғызыншы – Заң дарды аса құрметтеу, осы құрметтеуді халыққа тәрбиелеу. Румда әдет құқығы бойынша, жаңадан заң шықса да, ескі заң жойылмай қалады. Оны орындамаса да құрметтеп, алыс жерге орнататып, керек болса тағы шығаратын.
1.4. Рум мемлекеті және құқығы туралы тарихи шолу.
Рум құқығын Рум тарихсыз түсіндіруге болмайды. Өйткені құқық бір мерзіммен шыққан жоқ, оның шығуы, дамуы және жоюлуға бұрылатын кездер болған. Сондықтан ру мемлекетінің және Рум құқығының тарихын қысқаша болса да жақсы білуіміз қажет.
Әдет бойынша (өйткені көп уақыт өткендіктен анық деректері жоқ). Рум қаласы, сонымен бірге Рум мемлекеті б.з.д. 753-754 жж. Ромул мен Рем, Троядан келген белгілі Эней ердің ұрпақтары екі ағайын құрған. Сонда, Каин мен Авель сияқты, бір біреуін өлтіріп Рум патшасы болып қалған. Осыдан патшалық периоды басталды. Патшаларды Румдықтар Rex (Рекс) деп атаған. Бұл период б.з.д. 510 жылдан 509 жылға дейін соэылған. Ең ақырғы патша Тарквиний Гордый жұртқа өте жарамасыз болған. Сол кезде ежелгі Грек елінде халық патшасыз тұрып, мемлекет жағдайларды өздерінің құрылтайымен шешкен. Румдықтар да осылай тұрайық деп Тарквинийді жойып республиканы құрды. Respublica латын тілінен «бұқаралық істері» (Res -заттар, істер, publika - бұқара, көпшілік) деп аударылады. Сонымен бүкіл мемлекеттік істерді халық өзі басқарып шешкен. Бұл үшін сенат делінген халық кеңесі құрылған. Ал Рекс деген сөз сол кезден жаман ат болып кетті. Рекс деп іттерді да атаған. Мысалы, белгілі Иса пайғамбарды өлтіргенде оның крестіне JNRI әріптерімен белгі жазған. Jisus Nasarei Rex Iudei – «Иудеянің патшасы Назареттегі Иса».
Республика мемлекеті тез нығая бастады. Біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Рум мемлекеті бүкіл Италияны қол астына алған, одан кейін Карфаген мемлекетімен көп соғысып б.з.д. 146 жылға қарай бүкіл Жерорта теңіздің жағасын басқан. Тарихтың да заңдары болады. Сондай бір заң бойынша әрбір республикада халыққа қарамайтын бүкіл билікті бір қолыма алайын дейтін кісілер табылады. Румда да осындай кісілер болған Сулла, Марий, Помпей тағы басқалар. Олардың ішінде б.з.д. 49-45 ж.ж. Гай Юлий Цезарь деген Принцепс / сенаттың төрағасы Сенатқа қарсы шығып, өзім жалғыз патша боламын деп тырысқан. Бірақ б.з.д. 45 ж. Республикашылар оны өлтірді. Сол кезден бастап әрбір Принцепс сенатты өз қолына алатын болыпты. Бұл заман б.з. д. 27 ж. - б.з. 193 ж. дейін созылған. Оңы Принципат кезеңі /Принцепс сөзінен/ аталған. 193 ж. Юлий Цезарьдаң немересі Октавиан Август өз өзіні император атағымен атап, таққа шыққан. Осыдан Рум тарихында императорлық әлде Доминат кезеңі басталады. /Доминат – Dominio басамын сөзінен шықты/ Империя жай мемлекет емес, бірнеше мемлекеттерді басқан, олардың жерлерін және халықтарын өз билігіне қосқан ел. Б.з. І, ІІ ғасырларда Рум империясы бүкіл Еуропаны басып, Шығыстың Армениядан, Батыстың Испанияға дейін созылған. Осы кезеңде І ғасырда Рум провинциясы (билік астындағы ел) Палестинада Иса пайғамбардың діні пайда болған. Бірнеше жыл румдықтар сол діннің абыздарын қаштыртып, кейде өлтіріп та жатқан. Исаға дейін румдықтар бірнеше құдайларға сенген (Юпитер, Марс, Венера т.б.). Ал б.з. ІІІ ғасырдан бастап румдықтар да бір құдайға сенетін болды. Исаны Иисус деп атап, Алланың баласы ретінде санап Христиан дінін мемлекет діні ғылып жариялаған.
Содан соң айтылған: Румдықтар бүкіл әлемді (бізше тек қана Еуропаны) үш рет қолына алған - бірінші семсермен, екінші Христиан дінімен, ал үшінші - өз құқығымен.
Тарихтың тағы бір заңы бойынша әрбір империя ерте әлде кеш болса да быт-шыт болып құлайды. Құмнан қаланған үй сияқты бірнеше егеменді мемлекеттерге (бұрын бастырылған елдер) бөлінеді. Ол тек Рум ғана емес, Монғол, Ұлы Британия, Ресей т.б. империялардың тағдыры.
Император Октавианнан бастап Цезарь есімі саяси атақ болып шықты. Әрбір император енді өзінің есіміне Цезарь атағын қосатын болды. Бұл атақ әлем тарихында кең тараған. Орыстар Цезарьды кесарь, қысқаша царь деп атаған, немістер – кайзер, ал Шығыс тілдерде қайсар түрінде сақталған.
Рум империясы алдымен екіге бөлінген. Батыс империя Рум астанасымен қалды, Шығыс империясы Кіші Азияда орналысқан, Визант қаласында астанасын құрды. Сондықтан Рум Шығыс империясы тарихта көбінде Византия аталады. Батыс империяны Еуропаның варварлар (сақалды деген сөз) б.з. 426 жылы жойған. Сол империяның ең соңғы императоры жас бала болған Ромул Августул өлтірілген.
Рим тарихы енді тек Шығыста жалғастырылуға айналған. Император Константиннің кезінде Визант қаласы Константинополь атағына ие болды.
Рим империясы екіге бөлінгенде оның діні және тілі де бөлінген. Батыста католиктер латын тілімен, Шығыста православ діні грек тілімен. Рум құқығы да енді Шығыста нығая бастады. Шығыс империясы Батысы құлаған соң тағы бір мың жылдай болатын. Оның тарихы өте қызықты, бірақта, бізге десек, оның ішінде император Юстинианның кезеңі ең маңызды болып шықты. Юстиниан, басқа императорларға қарасақ, өте ақылды, білімді және мәдиниетті кісі болған. Оның жұбайы да Феодора өз күйеуіне көп көмек көрсетті. Жақсы әйел ерді ер қылады, ал жаманы жер кылады деп осыған айтқандай болды. Император Юстиниан өзіннен кейін көп ескерткіштер қалдырды. Оның біреуі – Константинопольдің Әулие Софияның діни ғимараты, ал екіншісі – Corpus Juris Civilis – Юстинианның кодексі, Рум құқығының ең толық және ыңғайлы заңдар жинағы. Осы екі Юстинианның ескірткіштері әлі де тұр.
Юстиниан және оның ұрпақтарынан тағы біздерге өте қызықты кодекс қалған. Ол Кодекс Куманикус – ең бірінші латын-қыпшақ сөздігі.
Арғын-қыпшақтарды румдықтар кумани деп атаған. Византияда арығын-қыпшақтар тұрған екені де тарихта сақталған.
Бірақта, Византия да империя болғаннан соң оның өмірінің жылдары саналған. Көне орыстар, қыпшақтар тағы басқа нығая бастаған елдер Византияға көп шабуыл жасаған. Бара-бара қыпшақтардың туыстары Осман түріктер бұл империяны жойып қалдырды. Осы жағдай б.з. 1453 жылда болыпты. Византия-Шығыс Рум орнана жаңадай Османдар өз империясын құрды, Константинополь енді Ыстанбұл аталатын болды. Осман империясы да өз кезеңінде құлаған.
Рум мемлекетінің тарихы төрт кезеңге (Патшалық, Республикалық, Принципат, Доминат) бөлінсе рум құқығының тарихы да кезеңдерге бөлінеді. Біріншісі – ежелгі кезеңі б.з.д VІІІ-ІІІ ғасырларға созылған. Екіншісі – классикаға дейін кезеңі б.з.д. ІІІ ғасырдан б.з. І ғасырға дейін. Үшіншісі –классикалық кезеңі б.з. І-ІІІ ғасырлар. Төртіншісі – классикадан кейін кезеңі б.з. ІІІ-V ғасырлар. Классика деген сөз – оқуға ең керек, ең жарамды, пайдалы мағынасын білдіреді. Ал VІ ғасырдан бастап, Юстинианнан кейін десек те рум құқығы Румда (Византияда) аса нығайған жоқ.
Алдымызда айтқандай 18-19 ғасырларда Еуропада, ХХ ғасырдың соңында Совет Одағынан босаған мемлекеттерде (Қазақстаңда да) рум құқығы рецепцияға (қайта туған жағдайға) айналған.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Рум құқығыңың жүйесі. | | | Біріншісі (әдет құқығы). |