Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неке жағдайы.

Praesriptio ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН | Тарау. Рум құқығының ұғымы мен пәні. | Рум құқығыңың жүйесі. | Рум құқығының негізгі белгілері. | Біріншісі (әдет құқығы). | Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары). | ТАРАУ. ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. | Ықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун | Сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы. | Легисакциялық процесс. |


Читайте также:
  1. Сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы.

Белгілі Рум заңгері Модестин некеге осындай құқықтықанықтама берген еді. Неке – күйеу мен зайыбының одағы, құдайдың және адамдардың құқығы бойынша өмірге берілген бірлігі. Осы анықтамасы орта ғасырларға да, біздің заманымызға да жеткен сонымен қатар кітаптарға, оқулықтарға енгізілген. Бірақ та ежелгі Румда некелік жағдайы ерлермен әйелдерге әрине бірдей болған жоқ.

Ежелгі Румда заң бойынша, неке деген екі түрлі болатын, некенің ең бірінші түрі.

Cum manu некесі болған. Ол қол астында деген ұғым. Бұны бағынышты неке деуге де болады. Cum manu неке жағдайы бойынша әйел еріне тұтасымен бағынышты болатын. Оларда үйдің ішінде де, сыртында да құқықтары болған жоқ. Ежелгі заманда румдықтар әйелдерді мал сияқты сатып алатын. Сондықтан олардың жағдайы түсінікті болатын. Бірте-бірте тарих бойынша әйелдердің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Кейбір құқықтарға, әсіресе, jus kommersii бойынша сатып алуға, сатып беруге тұрмыстағы әйелдерге рұқсатталған. Бірақта сатып алатын, сатып беретін мүлігі аса қымбат болса, ондай мүлік келісімдері тек қана күйеуі арқылы бекітілетін. Бай болған рум азаматтары өзінің қыздарын да қымбат санайтын. Оларды әкелері еркелетіп, бірнеше мүліктің бөлігін беретін. Содан соң байлардың арасында қыздарды мал сияқты сатып алуға бірте-бірте ыңғайсыз болатын. Бай патрицилер некелікке сатып алатын тәсіл орнына салтанатты ырымды кіргізген. Сондай ырым румдықтардың әдет-ғұрпына кірген әдет бойынша, енді неке салтанатыны кейіннен шіркеуде оң айғақпен және бірнеше абыздармен өткізілетін, енді қызбен бірге paterfamilias қа жасау берілетін. Бірақ осы жасау үйдің иесінің мүлігіне қосылатын. Күйеуге шыққан әйел күйеуімен айырылысса осы жасау үйдің иесінің, яғни, paterfamilias та қалатын. Тұрмыста сол әйел бір нәрсе не зат сатып алса, сатып алған мүлігі үйдің қазынасында қалатын. Бірте-бірте румда да әйелдер өзінің құқығына ие болайық деп, ақырын күйеулердің құқықтарын тарта бастады. Тарта бастаған соң, ең біріншіден, некенің екінші түрін шығарды. Некенің екінші түрі – sine manu некесі бұл қол астындағы емес деген ұғым. Ол бойынша, әйелдердің құқықтары, ер кісінің құқықтарындай болатын. Sine manu некеге шыққан әйелдер өзінің құқықтық жағдайын сақтап persona sui juris болып қалатын. Жасау мен бірге келген мүлігі өзінің қолында қалатын. Бұл мүлігіне ие болып, оны сатуға, ал қалған ақшаға өзіне керек нәрсе сатып алатын құқығы болатын. Күйеуі оған бірдеңе сыйласа, мал болса да, жер болса да, оның сыйлығы зайыбының мүлігіне қосылатын. Әйелдер де осы мүлікті күйеудің меңгеруіне беретін құқығы да болатын. Жоғарыда айтқандай cum manu неке жағдайы бойынша, күйеуі әйеліне сыйлық беруге болған жоқ. Сол әйел күйеуімен ажырасса sine manu құқығы бойынша, өзнің мүлігін өзіне қалдыратын. Sine manu бойынша бұрынғы күйеуі айырылған әйелінің мүлігіне өз еркімен өз мүлігінің бөлігін қосып беретін. Бұл некенің түрінде бір жеке жағдай болатын. Осындай некеде әйел күйеуімен бір жылдан аса тұрса сол әйел тағы да күйеуінің билігіне кіреді. Содан соң заң бойынша осы некені әйел бір жылға дейін тоспай, күйеуінен айырылысып, тағы қосылатын. Бұл жағдай әйелдерге өзнің құқығынан айырылмауы үшін берілген. Некенің екі түрі болса да, ең кең тараған неке жағдайы cum manu болған. Cum manu және sine manu неке түрлері заңды түрлері болатын одан басқа заңсыз құқық бойынша саналмайтын некенің тағы бір түрі Concubinatum болған заңсыз некесі. Concubina деген румдағы некесіз тұратын әйелді қалай айтсақ та, бұл әйелдер зайып деп аталмаған. Заң бойынша рум азаматына бір ғана әйелді жұбайы деп ұстауға болатын. Ал concubuka дегендері қанша болса да ұстауға болатын, тек қана ақшасы жетсе, өйткені оларды да асырауға міндет болатын. Осындай некелеу заңды неке болмаса, ердің және әйелдің ешбір өзара құқықтарда міндеттері де болған жоқ.

 

Ке билігі.

Әке билігі. Жоғарыда айтқанымыздай рум фамилиясында тек қана paterfamilias тың құқықтары ең толық, ең күшті болатын, осы жағдайдан әке билігі деген заңдық ұғым шықты. Румдықтар өздері бұл жағдайды тек қана ерекше румның ұлттық заңдық ұғымы деп есептелінген. Әке билігі ұлдарға ғана емес, әйеліне де, қыздарына да, фамилияның басқа мүшелеріне де тараған. Бірақта ұлдардың құқықтық жағдайы кеңдеу болатын. Ер жеткен ұлдар jus connubie, jus kommercii, jus militarii т.б құқықтарына ие болған. Тек қана jus honorum бойынша бағынышты ұлдардың аса биік қызмет орындарға қолы жеткен жоқ. Әсіресе, сенатор, консул, төр орындарға, бағынышты ұлдар өз балаларына да әке билігін атқара алмайтын, өйткені балалары үйдің иесіне бағынышты болатын. Бағынышты ұлдар мүлікті үстауға да ие болмаған, бірақта ұлдарға ерекше мал, жер бөлімдері пекули ретінде пайдалануға ғана берілген. Оны сатуға, айырбастауға құқығы болған жоқ. Пекулидің тағы бір түрі болған: әскери пекули. Ер жеткен ұлдар бағынышты болса да, әскери құқығына да ие болған. Әскери қызмет орындаған азаматтарына мемлекет атынан кейбір мүлік берілетін. Бергенде тек қана пайдалануға ғана берілетін. Қалай болса да, бағынышты ұлдардың құқықтық жағдайы бос ерікті азаматтардың құқық жағдайымен бірдей болған жоқ. Әкенің билігінен шықпаса, бағынышты ұл commercii ға да, үйленуге де тек қана әкесінің батасымен қатысады. Әке билігінің құрылу жағдайлары:

1. Paterfamiliasтың заңды әйелінен ұл туса;

2. Рaterfamiliasтың конкубинадан ұл туса және оны заңға
келтірсе, Осындай балаларды заңға келтірудің 3 жағдайы
болатын: a) paterfamilias конкубинаға заң бойынша үйленсе,

ә) paterfamilias императордан сұрап, жеке рескрипт алса,

б) paterfamiliasтың ұлы қалалық кеңеске сайланса, сол бала заңды баласы болып есептелінеді.

3. Paterfamilias басқа біреудің баласын асырап алса.

 

Әке билігінің жойылу жағдайлары:

1. Paterfamilias тың қайтыс болуы.

2. Бағынышты ұлдың қайтыс болуы.

3. Paterfamilias әлде бағынышты ұл тұтқынға ұшыраса.

4. Paterfamilias қылмыс бойынша, өз билігінен сотпен айырылса.

5. Бағынышты ұл аса биік қызметке сыйланса, сенатор, претор
т.б.

6. Эманципация бойынша Бұл әке билігінен заң бойынша
шығуы. Императордан рұқсат алса, жеке рескрипт шықса, одан
кейін соттың шешімі шықса. Бағынышты ұл көп жыл әкесінен
бөлек бір үй болып тұрса.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 272 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАРАУ. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым.| Ықтарды қорғаудың пайда болуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)