Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншiк құқығының ұғымы.

Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары). | ТАРАУ. ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. | Ықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун | Сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы. | ТАРАУ. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым. | Неке жағдайы. | Ықтарды қорғаудың пайда болуы. | Легисакциялық процесс. | Талап ұғымы. | Ықтар коллизиясы және талаптардың бәсекесі |


Читайте также:
  1. Азақ әдет-ғұрып құқығының бастаулары,ерекшеліктері
  2. Азақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары
  3. Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан
  4. Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының зиянын өтеу.
  5. Меншiк құқығының түрлерi
  6. Рум құқығының негізгі белгілері.

Зат құқықтарының негiзiнен меншiк құқығы болатын. Меншiк құқығы әрбiр құқықтың жүйесiнде орталық орында тұрады. Сонымен ол құқықтың басқа тақырыптарға анықтайтын көзi болып шығады. Ежелгi Рум заманынан бастап бiздiң нарықтық экономикалық заманымызда бүкiл қоғамдық-экономикалық қатынастар меншiк қатынастарға негiзделедi.

Ежелгi Румда меншiк құқығы алдымен иелену құқығынан шыққан. Бiраз уақыттың iшiнде осы екi ұғымның айырмашылығы болған жоқ. Меншiк Рум мемлекетiнде жер меншiгiмен басталған. Әрбiр Рум азаматына мемлекет пайдалануға екi Югер жер беретiн. (Югер – жердi өлшейтiн өлшемi. Ол 120 х 240 футтан шыққан. Сонда фут (табан) – 29, 63 см болған. Футты румдықтар Рез деп атаған). Сонда осы екi югерге рум азаматы ие болған. Одан кейiн иелену құқығы меншiк құқығы болып жерде құрылған, қозғалмайтын заттарға да тараған.

Меншiк құқығына румдықтар Dominium деген термин пайдаланған. Dominium - үстемдiк, үстемшiлдiк мағынасында. Меншiк құқығының румдағы толық атағы “ Dominium ex juris Quritum ” болатын. Квириттердiң құқығы бойынша үстемдiгi. Сонда әрбiр зат бiреудiң билiгiнде болса dominium - да болады деп айтқан. Квириттердiң меншiгi сонда тек қана байырғы рум азаматтарына тараған. Меншiк құқығы dominium- нан басқа proprietas деген сөзбен белгiленген.

Заттың иесi тек қана иелену емес пайдалану және иемдену құқығымен пайдаланған. Сонда меншiктiң мазмұны иелену мазмұнынан кем болып шыққан. (Рум классикалық құқықтану бойынша меншiк құқығы тұлғаның заттарға толық, шектелмеген және толық, қорғау төтенше үстемдiгi болды.

Мқұқығының иесi заттарға толық билiгiнде болса, сол заттармен не iстесе де заңды бұзбай iстеуге құқықта болатын. (Сатып алу, сатып беру, айырбастау, тастау, жою т.б.). Бiрақта шектелмеу деген құқықта ешқашан толық болмайды. Өйткенi бiр азамат өзiнiң құқығымен пайдаланса, заң бойынша оның құқығы басқа азаматтардың құқығына зиян келтiрмеуі керек. Мәселен, жер бөлімінің иесi сол бөлiмде көпшiлiктiң жолы болса, басқа азаматтарға сол жолмен пайдалану рұқсат берілу мiндеттi етілген. Сол сияқты шектер меншiк құқықты заң бойынша көп келтiрiлген.

Меншiк құқығы жоғарыда айтылғандай иелену, пайдалану және иемдену құқықтарынан құралған. Оларды jus posessio (иелену құқығы ), jus utendi (пайдалану құқығы) және jus abutendi (иемдену құқығы) деп атаған. Осы үшеуіне төртiншiнi қоссақ рум құқығы бойынша меншiк құқығының мазұмын табамыз. Төртiншiсi - jus fruendi болған. Jus fruendi рум құқығында құқықтардың ерекше түрi, содан соң бiр сөзбен осы терминдi аударуға болмайды. Қысқаша айтқанда jus fruendi заттардың пайдалану, иемдену, құқыққа ие бола отырып жемiсті пайдалану. Мәселен, жер біреудің заты болса сол жерден шыққан өсiмдiктерді пайдалану, мал болса малдың төлiн пайдалану.

Сонда өсiмдіктің жемiсiн, малдың төлiн румдықтар fruit деп атаған. Осыдан jus fruendi – жемiсті пайдалану құқығы болып шықты, ал жемiс “фрукт” түрiнде бiздiң тiлiмiзге де кiрген.

Меншiк құқығының ұғымын, әсiресе мазмұны бойынша тағы бiр анықтамасын беруiмiз керек. Ежелгi румдiк классикалық заңгерлер осы ұғымға бiрдей қараған жоқ. Мәселен Павел меншiктік құқықтан пайдалану құқығын және жемiсті пайдалану құқығын бөлiп шығарса Ульпиан оған қарсы болатын, меншiк құқығы ешқашан бөлiнбейдi деп айтқан.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зат құқығы және иелену.| Меншiк құқығының түрлерi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)