Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЕҢбек ҚҰҚыҒыныҢ Қайнар кӨздері

Читайте также:
  1. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
  2. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ

Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.

Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мəні, бағыңыстылығы бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық- құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары жəне ұсыныстары, БҰҰ-ның актілері жəне өзге де халықаралық шарттар) жəне республиканың басқа да

міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР «Еңбек туралы» заңынан жəне өзге де заңға сəйкес актілерден (ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары, өзге де министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан бастап, тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, əлеуметтік-əріптестік келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.

Қазақстан Республикасында еңбек мəселелері бойынша маңызды заңдарға мыналар жатады:

Халықты еңбекпен қамту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жатқан жағдайда қабылданған бұл акт – біздің республикамыздағы халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алғашқы заң. Аталған заң еңбекпен қамту қағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», «жұмыссыздың мəртебесі» сияқты түсініктерді анықтады, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жұмыс берушілермен жəне жұмыссыздармен қарым-қатынастарын реттеді. Осы заңға сəйкес еңбекпен қамту жəне жұмысқа орналастыру органдары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен қатынасқа түседі.

Ұжымдық шарттар туралы заң кəсіпорын, ұйым деңгейінен жоғары əлеуметтік-əріптестік қатынастарды реттейді. Сонымен қатар, бұл заң ұжымдық шарт жəне оның бекіту тəртібін реттейді жəне де алғаш рет ұжымдық шарттарды жəне əлеуметтік-əріптестік қатынастарды бекіту бойынша ұжымдық келіссөздерді жүргізудің тəртібін бекітті.

Еңбекті қорғау туралы заң еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысында қызметкерлердің өмір жəне денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін реттейді.

Кəсіптік одақтар туралы заң Қазақстан Республикасында кəсіптік одақтарды құрудың құқықтық негіздерін орнықтырды, олардың негізгі құқықтары мен қызмет кепілдіктерін бекітті, кəсіптік одақтардың қызметкерлер құқықтарын қорғауға байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың бірлестіктерімен, мемлекеттік билік органдарымен жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, заңды тұлғалармен жəне азаматтармен қарым- қатынастарын реттеді.

Ұжымдық еңбек даулары туралы заң ұжымдық еңбек дауының түсінігін, ұжымдық келіспеушіліктерді шешу мерзімін жəне тəртібін бекітті. Заңда ереуілге шығудың анықтамасы, ереуілді қашан жəне қандай тəртіппен жариялап, ұйымдастыруға болатыны, кімдердің ереуілге қатыса алмайтыны көрсетіліп, ереуілге қатысушылардың кепілдіктері мен заңсыз ереуілге

шыққаны үшін жауапкершілік көзделген.

Мемлекеттік қызмет туралы заң – мемлекеттік қызметшілердің арнайы еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің түсінігі берілген, оларды қызметке алу жəне босату тəртібі, олардың құқықтары мен міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар шектеулер) жəне демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік-нормалар жəне т.б. белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының (заңдардың өзінде аталып өткен кейбір ережелерді санамағанда) əрекеті таралатындығы аталып өткен.

Аталған заң қызметке конкурстық тəртіппен алуды жəне біліктілік емтихандарын енгізді.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 485 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан| ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)