Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару

Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi | Iшкi кәсiпкерлiк орта | Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері | Тақырып № 3 Табиғи ресурстар | Жер ресурсының ерекшеліктерi | Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару | Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы | Шығындардың сипаттамасы | Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру | Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару |


Читайте также:
  1. Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары
  2. Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы
  3. Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан
  4. Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу
  5. Еңбек келісімі
  6. Еңбек ресурстарының ерекшелігі
  7. Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер.

 

Дәріс мақсаты: Аграрлы өндiрiсте еңбек ресурстарының рөлi, еңбектiң өндiрiстiлiгi және сыйымдылығы туралы студенттерге түсiнiк беру, экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң есептеу тәсiлдерін игеру.

Дәрiс жоспары:

1. Еңбек ресурстары: түсінігі, олардың пайдалануы.

2. Жалдамалы жұмысшының еңбегінен қожайын еңбегінің айырмашылығы.

3.Еңбек өндірісі мен мерзімлігiнiң факторлары және экономикалық тиімділік

көрсеткіштері.

1. Еңбек - өндiрiс тиiмдiлiгiнiң анықтаушы факторы. Еңбек - адамның мақсатты іс-әрекеті, бұл процесiнде адам өз мақсаттарына жету үшiн табиғат заттарын өзгертiп, өзiне бейiмдейдi. Өз күшiмен қатар еңбек құралдарын пайдалана отырып, табиғат жеткiзiп тұратын материалды адам өзгертедi, яғни адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын өнiмге айналдырады.

Еңбек ресурстары – ол еңбек әреткетiнiң белгiлi бiр нәтижесiне жетуге бағытталған, адамның жұмыс орындағы әркеттерiнiң жиынтығы еңбек процесi болып табылады.

“Еңбек - қандай да бiр нәтиже алу мақсатында адамның жартылай немесе толығымен пайдаланатын интелектуалды немесе физикалық күшi”. Адам өз мақсатына жету үшін табиғат заттарын өзгертеді және пайдаланады, яғни табиғат заттарын еңбек құралдары арқылы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімге айналдырады.

Еңбек ресурсы - өндіріс процесіне қатысатын немесе қатыса алатын тұлғалардың жиынтығы.

Еңбек процесі 3 элементтен тұрады:

1. еңбек заты.

2. еңбек құралдары.

3. еңбек күші.

Еңбек заты - өндіріс процестерінде өзгертілген, өнделетін адамдардың еңбегі немесе адамдардың еңбегі бағыттанған өндірістің заттай факторы болып табылады.

Еңбек құралдары - өндірістің заттай факторлары, яғни олар арқылы адам өнім алу мақсатында еңбек заттарына әсер етеді. Басқа заттарға әсер ету үшін әсер ету құралы ретінде адам заттың химиялық, физикалық, механикалық қасиеттерін пайдаланады.

Аграрлы өндірістің қызмет ету үшін адам күші өз әсерін тигізеді. Еңбек ресурстарына аграрлы өндірісте қатысатын адамдардан басқа еңбек қорларының потенциалды бөлігі енеді.

Еңбек ресурстарының пайдалану деңгейінен, біліктілігінен және санынан белгілі бір шаруашылықтың тиімділігі тәуелді болады.

Еңбек ресурстарына 18 - 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 18 - 58 жасқа дейінгі әйелдер, кәмелетке толған жас өспірімдер жатады. Ал қызмет көрсетуге қатыса алатын тұлғаларға 14 - 16 жасқа дейінгі жас өспірімдер және зейнеткерлер жатады.

Еңбек ресурстарын есептеу үшін жұмысшыларды тең мәндi еңбек бірлігiне ауыстыру коэффициенттері пайдалынылады.

18 – 63 жасқа дейiнгi ер азаматтары үшiн коэффициентi – 1 тең;

18 - 58 жасқа дейiнгi әйелдер үшiн - 0,8 тең;

14 - 16 жасқа дейiнгi жас өспiрiмдер үшiн - 0,2 тең;

зейнеткерлер үшiн коэффициент - 0,5 тең.

Бұл коэффициенттерді пайдалана отырып, әрбір отбасының шартты еңбек бірлігінің санын анықтау оңайға түседі, яғни ол отбасының еңбек қорын сипаттайды. Бiр еңбек бiрiлiгне есептегенде жұмыс жұмыс уақытының мезгiлдiк қоры – 1200 сағатқа тең.

2. Аграрлы өндірісте әрбір жұмысшы өз еңбектеріне сүйіспеншілікпен қарап, соңғы нәтижелеріне жауапты болу керек, яғни мұнда қатаң еңбек түріне жол бермеу керек. Адам өз еңбегімен жұмыс істеп, қожайынмен келісім шарттық қатынасқа тұру керек.

Әдетте қожайын ретінде өндіріс факторларды басқарып, өз ісіне ие болып, мақсаттарға жету үшін қаражатты бөлетін тұлға болып есептеледі. Василев Б. жазушының мақаласында келесі түсініктер беріледі:

«Қожайын - еңбекті болмыстардың заңы ретінде қарастырады, яғни өз үшін еңбек етіп, өзінің жері және отаны үшін жұмыс істейді, яғни ол салық төлеуші және осы елдің азаматы; ал жалдамалы жұмысшы - ол біреудің қарамағында және бiреудiң басқаруында жұмыс істейтiн тұлға».

«Қожайын біреудің ойына сын пікірмен қарайды, оны ылғида бірнеше рет ойлап отырады, өйткені біреудің ой - пікіріне оның ісі тәуелді болады, ал жалдамалы жұмысшы біреудің айтуына тез көнеді, өйткені ол еш нәрсені жоғалтып алмайды».

Француз Август Бебель «әрбір адамда адам көзіне көрінбейтін қабілеттер мен инстинктер бар. Оларды тек ояту керек. Сонда ол жақсы нәтиже береді».

А. Вампилов драматургтың айтуы бойынша: «әрбір адам ол жазушы, оның дарындығында жол болу керек».

Тәжірибе көрсетіп отырғандай жұмысшылардың шығармашылық потенциал ашылуына қожайын мәртебесі мүмкіндік береді.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер қайтарымы| Еңбек ресурстарының ерекшелігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)