Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер ресурсының ерекшеліктерi

Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi | Iшкi кәсiпкерлiк орта | Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері | Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару | Еңбек ресурстарының ерекшелігі | Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару | Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы | Шығындардың сипаттамасы | Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру | Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару |


 
 

 

 


1. Адам еңбегiнiң нәтижесі болып табылатын, басқа өндіріс құралдарына қарағанда жер ресурсы - бұл табиғат өнімі. Адамның еңбегі топырақтың құнарлығын өзгертеді, сөйтіп еңбек заты ретінде болады. Ал өсімдіктердің өсуіне және дамуына әсер етіп ол еңбек құралы ретінде болады, яғни мұнда жер - өндірістің жалпылама факторы болып табылады.

2. Жекеленген жерлерде және шаруа қожалығында жерді шекарамен бөледі, ал жалпы жер шарында - жер бетімен бөлінеді. Жердiң саны адамның талабы бойынша үлкейе алмайды, басқа өндiрiс факторлары секiлдi қайтып жасалына алмайды.

3. Жер ешқандай өндірістiк факторларымен ауыстырылмайды. ал басқа құралдармен еңбек заттары қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы бойынша техникалық жағынан жетілдірілген түрлерімен алмастырылады. Сөйтiп, топырақ өндеушi құралдардың дамуы алғашқы құрал – жабдықтарынан бастап, қазiргi тракторлармен, соқалармен, теңкескiштермен ауысып отыр.

4. Жер тұрған орнында ғана пайдалынылады. Оны басқа орынға ауыстыруға болмайды. Басқа өндіріс құралдарының көбісі бұл уақытта жердің тұрақтылығымен байланыста болмайды. Мысалы: тракторларды, автомобильдердi және т.б. қажеттiлiгi туған кезде әртүрлi қашықтыққа бiр орнынан басқа орынға ауыстырып, әрбiр жерде пайдалануға болады.

5. Жер учаскесі - өз сапасына қарай біркелкі емес. Бірдей көлемге кеткен еңбек және құрал жабдықтар өнім санының әр түрлі болуына әсер етеді. Адамдардың араласуын ескере отырып, бұл ерекшеліктер қалыптасып, соның нәтижесінде еңбек өнімнің дәрежесіне, өндіріс шығындарына басқа да аграрлы өнім өндiрiсiне үлкен әсер етеді.

Өндірістің барлық факторлары өндіріс процесіне қатысуына байланысты тозады. Пайдалы қасиетін жоғалтып, соңында істен шығады, ал өндіріс факторы болып, жер - өңдеу процесіне түскен кезде өзінің өнімдiлiгiн арттырады.

 

Топырақ құнарлығының түрлері:

- табиғи;

- жасанды;

- экономикалық.

 
 

 


Топырақ құнарлығы - бұл тұрақсыз мөлшер, ол агро химияның дамуынан, механизация және егіншiлiктің дамуына тәуелді болады. Ауыл шаруашылық дақылдарды тиімді суары және өңдеу нәтижесінде ол артады немесе керісінше, егер жер тиімсіз пайдаланылса төмендейді, сондықтан егіншілікте маңызды есебінің бірі топырақтың табиғи құнарлығын агротехникалық, ұйымдастырулық, экономикалық шараларының жалпы жиынтығын өткiзу жолы арқылы экономикалық (тиiмдi) түрiне айналдыру. Топырақ құнарлығы 2 – ге бөлінеді:

- абсолютті

- қатынасты

Абсолютті - ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін сипаттайды.

Қатынасты - өндіріс шығындарының бірлігін есептегенде алынатын өнімнің санымен сипатталады.

Абсолютты құнарлық ауылшаруашылық дақылдардың өнiмдiлiгiмен сипатталады. Егер өнiмдiлiк жоғары болса, онда абсолютты құнарлығы да жоғарлайды. Қатынасты құнарлық өндiрiстiк шығындардың бiрлiгiне есептегенде алынатын өнiмнiң санымен сипатталады.

Аграрлы өндірістi жүргізу үшін жер ресурстарының бағалануы ең біріншіден жердiң физикалық сипаттамалары мен қасиетерін бағалаудан басталуы керек. Сөйтіп, топырақтың жеке қасиеті шаруашылықтың табысына әсер етеді.

Жер ресурстарын бағалау үшін негізгі көрсеткіштері ретінде төмендегілер болады:

1. 1 га алынатын дақылдардың өнімділігі, (центнер).

2. 1 га алынатын өсімдік шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі бойынша есептегенде жер алқабының түрі бойынша өнімділігі, (теңге).

3. Шығындардың өзін-өзі өтеуi (өтеу деңгейі жалпы өнім құнының өндіріс шығындарына қатынасы), (%).

4. 1 га алынатын дифференциалды таза табысы (жақсы жерлердегі қосымша өнім құнымен көрсетілетін таза табыстардың бір бөлігі). Дифференциалды 1-2 таза табыс дифференциалды рентаға сәйкес келеді және жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігінiң жалпы мөлшерін көрсетеді.

Ағылшын фермерлерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, топырақтарды бағалау және ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін таңдау үшін экономист - Хеджест бес элементтен тұратын, әдістемелік жолды ұсынып отыр.

1. Маңызды роль ойнайтын топырақ типтерінің немесе жер алқаптарының физикалық қасиеттерінiң анықталуы.

2. Дақылдардың таңдауы.

3. Егістік алқаптарының құрылымын анықтау уақытында климаттық шарттарын қарастыру.

4. Дақылдар жинағын кеңейту немесе азайту мақсатында белгілі бір фермада немесе белгілі бір жерде жинақталған тәжірибені ескеру. Нәтижесінде, дақылдар жинағына шектеулі саны қосылып, олар әрі қарай бағалануына жіберiлу керек.

5. Әрбір топырақтағы әртүрлі дақылдар өндірістерiнде агротехникалық шараларын таңдау.

Мемлекеттік жер кадастры - жердің құқықтық тәртібі, жер иемденушілері, жер пайдаланушылары, жер категориялары бойынша олардың бөлінуі туралы және жер ресурстарының халық шаруашылығы үшiн құндылығы, сапалық сипаттамасы туралы қажетті мәліметтер мен құжаттың жүйесі болып табылады.

Мемлекеттік жер кадастры тауар өндірушiлердi жер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету үшін тағайындалған. Оның мақсаты - жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, қорғау, жер қатынастарын реттеу, орналастыру, жерге төленетін төлем мөлшерін негіздеу, шарттық әрекетін бағалау.

3. Жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне жер қайтарымы және жер сыйымдылығы жатады.

Жер ресурстары жалпылама және жеке болып бөлінеді. Сонымен қатар натуралды және ақшалай түрде болады.

 

 

Натуралды көрсеткiштер


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 101 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып № 3 Табиғи ресурстар| Жер қайтарымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)