Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру

Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi | Iшкi кәсiпкерлiк орта | Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері | Тақырып № 3 Табиғи ресурстар | Жер ресурсының ерекшеліктерi | Жер қайтарымы | Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару | Еңбек ресурстарының ерекшелігі | Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару | Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары

 

Дәріс мақсаты: Өндiрiс салаларын мамандандырудың және сәйкестендiрудiң мәнiн, мазмұнын, мамандандырудың көрсеткiштерiн, факторларын және нысандарын оқып білу.

 

Дәріс жоспары:

1. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның салалары.

2. Ауыл шаруашылық кәсіпорында өндіс салаларын мамандандыру.

3. Өндіріс салаларын сәйкестендіру.

4. Аграрлы нарық. Аграрлы өнім. Аграрлы өндірістің тауарлық деңгейі.

 

1. Ауыл шаруашылығында екі негізгі өндіріс салаларын бөлуге болады:

- өсімдік шаруашылығы;

- мал шаруашылығы.

Аграрлы өнімді өндіру процесінде ең маңызды рөлді өндіріс бағыты, көлемі, өндіріс салалары атқарады. Өсімдік шаруашылық өз ішінде жеке салалардың түрлеріне бөледі.

· Егіншілік

· Бау - бақша

· Көкініс т.б.

Ал мал шаруашылығында ірі қара мал шаруашылығы, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе, құс және ара шаруашылығы т.б.

Нарық жағдайында аграрлы өндіріс негізгі азық түлік өнімдерін беретін, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын және тіршілік ету үшін мүмкіндік беретін жүйе немесе сала. Қандай да бір шарттық өз шешімін жүзеге асыру барысында ең алдымен шұғылдану саласын немесе өндірістік іс-әрекетінің түрін таңдау қажет. Өйткені нәтижесінде алынатын пайда мөлшері таңдаған саланы дамытуға негізделеді.

Ауыл шаруашылық кәсіпорынның өндіріс салалары әрбір кәсіпорынның шарттық іс-әрекетін анықтайды.

2. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі бағытын анықтау үшін өндірісті мамандандыру процесі көмектеседі.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда өндіріс салаларын мамандандыру дегеніміз - бұл белгілі бір кәсіпорынның бір ауыл шаруашылықтың саласын таңдау және терең дамыту процесі.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда әрбір өндіріс саласы өзінің дамыту бағытына байланысты негіз бола алады. Өсімдік және мал шаруашылық салаларында әрбір шаруашылықтың ұйымдастырушылық экономикалық нысандарына байланысты болып дамиды. Өндіріс салаларын мамандандыру процесі әрбір шаруашылық келешекті дамуына жағдай жасап, осы шаруашылықтың өндірістік іс-әрекетін жетілдіреді.

Ауыл шаруашылық өндіріс салаларын мамандандыру:

КМ - өндіріс салаларын мамандандыру коэффициенті.

i - әрбір өнімнің реттік нөмірі.

2-1 - ауыл шаруашылықтың барлық саны.

Д - әрбір өнімнің өсімдік немесе мал шаруашылық өндірістің құрамындағы үлес салмағы, %

Мысалы: Астық - 50% (1)

Көкніс - 20% (3)

Ет - 25% (2)

Сүт - 5% (4)

Ауыл шаруашылығы бойынша 100%

0,30 - 0,35 төмен мамандандырылған

0,40 – 0,45 орташа

0,50 – 0,55 жоғары

0,60 жоғары

3. Нарықты қатынастарға көшуге байланысты ұйымдастырудың жауапкершілігі бұрынғы уақытқа қарай күшейді. Кәсіпорынды қаржыландыру үшін өзіне бекітілген жерді қолда бар дүние мүлікті толық және ұтымды пайдалану керек. Қажетті мүліктің көпшілігі өз шаруашылығында табылып, қалдықтарын өңдеп, қайта пайдалануын қажет ету керек. Осы мәселені шешудің бір жолы ол - кәсіпорынның тек бір саланы дамытпай сонымен қатар екі немесе үш саланы қатар дамыту жөн, яғни ауыл шаруашылық кәсіпорында өндіріс салаларын сәйкестендіру дегеніміз өндірістің негізгі саласымен қатар қосымша салалардың қатар дамуы процесі болып табылады.

Қазіргі нарықты қатынастарға сай әрбір кәсіпорындарда бір дақыл егілмей ауыспалы егіске қажетті бірнеше дақыл егілуі керек. Сондықтан малдың бір ақ түрін өсірмей, әр түрлік шұғылданған дұрыс.

Салаларды дамыту барысында бұл салалардан бір - бірінен бөлек болмай, бірнеше серіктес болуы керек. Бұл процесті жоғарыда айтып кеткендей, салаларды сәйкестендіру дейміз. Салаларды сәйкестендіру - жерге тарихи, экономикалық жағдайға терең түсіп, дұрыс ескеріп отырған қажет. Әдетте, бұл мәселені әр кәсіпорын негізгі және қосымша салалардың түрін, санын, көлемін орынды, ұтымды түрде белгілеп шешеді. Салаларды сәйкестендіру келесі талаптарға байланысты шешілу керек.

1. жерді толық және дұрыс пайдалану.

2. адам күшін және машиналар мен техниканы ұтымды пайдалану.

3. озат техниканы қолданарға жағдай жасау.

4. кәсіпорынға ақшалай табыс түсуінің маусымданған және айналымын тездету және т.б.

4. Жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшудің нәтижесінде түбегейлі өзгерістер өндірістің әр салада өнеркәсіптік кешеннің барлық жүйелерінде де болады. Аграрлы нарық - қазіргі уақыттағы нарық принциптеріне байланысты және жаңадан пайда болған заңдарын негізінде қызмет етеді. Егер бұрын жоспарлы экономика кезінде барлық күштер және барлық қаржы көздері өндірістің қажеттерін қанағаттандыруға негізделіп отырса, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайы әрбір тауар өндіруші (кәсіпорын) барлық күштерімен қаражаттарын тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыру үшін жұмсайды. Оның себебі әрбір кәсіпорын тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыру негізінде өзіне тиісті мөлшерде пайдасын алады.

Аграрлы нарық - экономиканың дамуын сипаттайтын және қоғамдық қажеттіктерін қанағаттандыратын жүйе болып табылады. Аграрлы нарық бұл - аграрлы өнім өндірумен айналысатын өндірумен өндірілген өнімді пайдалану тұтынушы арқылы тауар айырбас қатынасының жиынтығы. Аграрлы нарықтың негізгі объектісі ретінде - аграрлы тауар болып саналады.

Аграрлы өнім жалпы өнім және тауарлы өнімі ретінде көрінеді. Өндіріс процесінің нәтижесінде алынатын дайын өнім жалпы өнім деп аталады. Өндірілген жалпы өнімнің бір бөлігі өткізілуге, сатылуға бағытталса, онда ол тауарлы өнім деп аталады.

Аграрлы өндірістің тауарлы деңгейі

ӨӨ- өндірілген өнім.

ТӨ- тауарлы өнім.

Аграрлы экономикада әрбір өндірістің ауыл шаруашылық өнім өзінің негізгі сипаттамасына байланысты өндіріс технологиясына және негізгі даму жағдайларына байланысты дамиды.

Салалардың атқаратын қызметі әр түрлі болады. Кейбір салалар тауарлы өнімді сатудан табыс табу үшін қажет болады. Ал кейбір салалардың өнімдері осы кәсіпорын ішінде пайдаланады. Мұны тауарсыз салалар деп аталады. Тауарлы салалар негізгі және қосымша салалар болып екі түрге бөлінеді.

Негізгі салаларға: кәсіпорынның тауарлы өнімнің ішінде ең үлкен үлес барлары жатады. Олар осы кәсіпорын өнімнің мамандандырылған бағытын көрсетеді. Сондықтан кейде шаруашылық атында оның мамандандырылуы сәйкес атайды. Кәсіпорын табысының көпшілігін негізгі салалар береді. Егер ол бірнеше болса, оның ең үлкені басты сала болып табылады.

Қосымша салалар: тауарлы өнімді көбейту мақсатында құрылады. Олар негізгі салаларға қолайлы жағдай туғызу, негізгі өндірістегі техниканы сақтау, қосымша табыс табу және кәсіпорынның ішкі мұқтаждығын кейбір өнімдермен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған. Кәсіпорындарда ауыл шаруашылық бағытта болмаған салаларда бар, яғни өндірістік жөндеу және т.б. салалар. Олар негізгі салаларды дамытудағы көмекші салалар болып есептелінеді.

Аграрлы өндіріс салаларының қасиеттері:

1. өндірілетін өнім түрі.

2. жұмысшы құрамы.

3. өндіріс факторының құрамы.

4. өндірісті ұйымдастырудың ерекшелігі.

Аймақтық мамандандыру - бұл аймақтағы, аудандардағы, облыстардағы аграрлы өндірістік бағыты.

Өндірісті мамандандыру факторы.

1. нарықтық қатынастар.

2. табиғи шарттар.

3. өндіріс орнынан тұтыну арасына дейінгі қашықтық.

4. экономикалық шарттар.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шығындардың сипаттамасы| Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)