Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 3 Табиғи ресурстар

Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi | Iшкi кәсiпкерлiк орта | Жер қайтарымы | Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару | Еңбек ресурстарының ерекшелігі | Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару | Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы | Шығындардың сипаттамасы | Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру | Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару |


Читайте также:
  1. C)& бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар
  2. Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары
  3. Ажетті ресурстар
  4. Еңбек ресурстарының ерекшелігі
  5. Интернет ресурстар
  6. Курстық жұмыстардың тақырыптары
  7. Оршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

 

Дәріс мақсаты: Негiзгi табиғи ресурстардың мәнiн, ерекшелiктерiн, экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерiн оқу және аграрлы өндiрiстегi олардың рөлiмен танысу.

Дәрiс жоспары:

1. Табиғи ресурстарының түсінігі және аграрлы өндірістегі ролі.

2. Жер ресурстары – табиғаттың басты өнiмi.

3. Жер ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділік факторлары және көрсеткіштері.

 

1. Аграрлы өндірісте табиғи ресурстарының атқаратын қызметтерi ерекше. Аграрлы өндіріс табиғи және экономикалық факторлардың өзара күрделі аясының байланысын көрсетеді. Оның тиімділігі өсімдіктер, топырақ, климат және т.б. экономикалық ортаның биологиялық қасиеттеріне тәуелді болады.

Өндiрiстiк ресурстар қызметтiк ерекшелiктерi, шығу тегi, өндiру мүмкiндiгi және пайдалану сипаты бойынша ерекшеленедi. Шығу тегу бойынша өндiрiстiк ресурстар табиғи және экономикалық түрлерге бөлiнедi. 1) Табиғи ресурстарға жер, су, орман ресурстарын, жануарлар әлемiндегi ресурстарын, күн қуатын және т.б. жатқызады. Табиғи ресурстар экономикалық категория ретiнде қоғамның тiршiлiк ету шарттарымен сәйкес емес. Адамға қатынасы бойынша ол тек өндiрiс процесiне енгiзiлген немесе сыртқы ортаның бөлiгi болып есептеледi.

2) Экономикалық ресурстарға еңбек және қаржылық ресурстарын жатқызады.

Аграрлы өндіріс адам еңбегімен еңбек затының және құралдарын қамтамасыз ету қажет. Осы факторларының алмасуы және бір-біріне ұқсастығы аграрлы өндірістің тиімділігін өзгертуге және арттыруға көмектеседі. Тауар өндіруші қандай да бір пайда түсіру үшін ең алдымен табиғи факторлардың заңды принциптерін жақсы білу керек, бірақ принциптерді пайдалану алдында қолданылған факторларды толық зерттеп білу керек.

Аграрлы өндіріс өз принциптерін жүзеге асыру уақытында табиғи факторлардың маңыздылығына және әсеріне сүйенеді. Аграрлы өндірістегi табысқа, шығындарға және пайдаға әсер ететін табиғи факторлардың бес маңызды каналдары бар:

1. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін ойдағыдай өнiм алу мүмкiндiгiн белгілеп анықтау, сол арқылы табыс мөлшерін жоспарлау қажет;

2. Ауыл шауашылық дақылдарды өндеу әдiстерiн, ұйымдастырылуын, өндiрiс технологиясын таңдау және өндіріс шығындарының мөлшерін анықтау;

3. Арнайы шаруашылық шараларын жүргізуді талап етеді - тиімді ауыспалы егісті жүргізу, суару шараларын жүргiзу, нәтижесінде өндіріс шығындары көбейіп, қосымша шығындар пайда болады;

4. Мал шаруашылығын ұйымдастыруды талап етеді (күтіп бағу, азықтандыру және т.б.);

5. Аграрлы өндірістің мерзімдiлiгiмен, жұмысты орындау мерзiмiмен тығыз байланыста болып, өнiмнiң сапасына, оның өткiзiлуiне және бағасына әсерін тигізеді.

Сөйтіп, аграрлы өндіріс үшін табиғи факторлардың сипаты маңызды болып табылады. Нәтижесінде, пайданың құраушы бөлігіне табиғи факторлар ықпал етіп, бір жағынан ақшалай табыстардың азаюы немесе көбеюі арқылы, екінші жағынан - өндіріс шығындарының азаюы немесе көбеюінен құрылатын пайданың мөлшеріне де әсер етеді.

 

2. Аграрлы өндірістің табиғи заттай элементтерi iшiнде жер ресурстары ерекше орын алады, яғни қалпына келтірілмейтін ресурс болып, материалды игіліктердің алғашқы алғы шарты және табиғи негізін құраушысы болып табылады.

Ежелгi рим философы Лукреций былай дедi – “Барлығы жерден пайда болғандықтан, жер – Ана деген атағына ие…”. Жер ресурсы – ол ұлы және еш нәрсемен алмастырылмайтын ұлттық байлық. Өндiрiске енгiзiле отырып, жер ресурстарына тiрi еңбек қосылып, ресурстар өндiрiс факторы ретiнде болып есептеледi. Бұл түрiнде олар материалды өндiрiстiң көп салаларына қатысады. Бiрақ оларда жердiң рөлi бiрдей емес. Мысалы, өнеркәсiпте (қазбалы салаларды қоспағанда) олар өндiрiстi орналастыру үшiн кеңiстiктiк операционды базис ретiнде, негiзiн қалаушысы ретiнде қызмет етедi.

Аграрлы өндірісте өнімнің алынуы жердің үстінгі қабатының сапалық жағдайларына байланысты - топырақтың пайдалану сипатымен негізделеді.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері| Жер ресурсының ерекшеліктерi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)