Читайте также:
|
|
Шет елдерде кәсіпорындардың көптеген түрлері қалыптасқан. Оның ішіндегі экономист Г. Берл ұсынған болашақ кәсіпорынның алты түрлі нұсқасы мыналар:
1. Инкубатор.
2. Үйдегі бизнес.
3. Пошта арқылы тапсырысты орындайтын кәсіпорындар және уақытша жұмыс істейтін кәсіпорындар.
4. Жиын – кештерге тауарларджы сату және тауарларды көрсету, таныстыру, жарнамалау кезінде сату.
Жоғарыда айтылған бизнестердің бір қатар ұқсас белгелері бар:
· Іс сипатының жеке адамға тән болуы;
· Бастапқы капиталға қойлатын талаптардың өте төмен және тиімді болуы;
· Бұл кәсіпорындар тез қозғалғыш, өзгергіш болып ойластырылады. Олар бірқатар ерекшеліктермен ажыратылады.
Инкубатор – жұмыртқаны жылудың көмегімен ашуға керекті аппарат екені мәлім, ал бизнесте әдетте, кіші кәсіпорындардың жұмыс істеуіне қолайлы жақдайды туғызуға жағдай жасайтын қандай да бір кәсіпорындарды керекті жабдықтармен, мамандар және эксперттердің консультативтік кеңесімен керекті капиталды алу мүмкіндігімен т.б. қамтамасыз етеді.
Үйдегі бизнес - өте «тыныш» бизнес болып табылады. Бірақ бұл жұмыс үймен шектеліп қоймай, үйден тыс жерлерде бұл бизнеспен айналысуға болады. Мысалы, бапкерлік жұмыс, роялды күйене келтіру, т.б. үйдегі бизнес тиімді болуы үшін автожауапбергіші бар сымтетік, ұялы сымтетік, көшірмелі техника, компьютер болған дұрыс.
Пошта арқылы тапсырыстарды орындау, қызмет көрсету – жоғары арнайы білімділікті, үлкен жинақтылықты, күш – жігерді, уақытты, капиталдық салымдарды талпа етеді. Кепілді пайданы қамтамасыз ететін кереті тапсырыстың көлемін алу үшін өз ісі туралы көп адамдарды хабардар ету шарт. Бұл бизнес түрінің жағдайында нақты тапсырыстың пайыздық үлесі өте төмен және пайда түсіру үщін тауардың бағасын едәуір жоғарлатуы керек.
Уақытша жұмыс істейтін сауда орындары соңғы уақытта республикамызда барахолкалармен қатар дамып келеді. Бұндай сауда нүктелерінде былғары аяқ киім, парфюмерия т.б. өнімдер сатылады. Сонымен қатар бұл жерлерде ыстық самса, күлше, кәуап, т.с.с. сатылады. Әдетте, бұндай сауда орындары елеусіз уақытқа ғана жалға алынады. Егер бұндай сауда түрімен айналыссаңыз, өтімділігі және айналымы жоғары тауарларды таңдау керек.
Жиын – кештерде тауарларды сату – басқа кәсіпкерлік істің түрлерімен салыстырғанда істің бұл түрі әрекеттілік пен шығынды салыстырмалы түрде аз талап етеді. Бірақ тек бұл жерде жиын – тойларға бару мүмкіндігі көп болуы керек.
Жоғарыда көрсетілген бизнестің түрлері бір қарағанда оңай сияқты болып көрінеді. Бірақ әрқайсысын терең менгеріп жеке зерттеп байқаудың арқасында дұрыс таңдау жасауға болады. Өз ісін бастаудың алдында кәсіпкер «Маркетингтік барлау» жасап алуы қажет. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларға көңіл аударуы тиіс:
1. Саяси факторлар – саяси жүйенің тұрақтылығы, меншікті инвестицияларды қорғау.
2. Әлеуметтік – экономикалық – құрылып жатқан кәсіпорынның шығарылатын өнімнің қоғамдағы сатып алу мүмкіншілігін қарастыру. Сонымен бірге, бұл жерде мүмкін болатын инфляцияға, бәсекелестікке көңіл аудару; қаржы – кредит жүйесінің жағдайы да есте болған жөн.
3. Құқықтық – кәсіпкерлік істің заңдық базасының бар болуы және оның жағдайы.
4. Кәсiпкерлiктiң құрылуы үшiн келесi шарттардың болуы қажет: экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық және т.б.
Экономикалық шарттар – сатып алушылар сатып алатын тауарларға сұраныс пен ұсыныстың болуы. Экономикалық жағдайға ақша қаражаттарының саны, заемдық (қарыздық) құралдардың мөлшерi өз әсерiн тигiзедi.
Әлеуметтiк шарттар – тұтынушылардың талғамдарына жауап беретiн сатып алушылармен тауарларды сатып алуы.Әртүрлi сатыларда бұл қажеттiлiктер әртүрлi болады.
Құқықтық шарттар – кәсiпкерлiк iс - әрекеттi реттейтiн заңдылық негiздерiнiң болуы.
Кәсiпкерлiк iс-әрекеттi әр түрлi қасиеттер бойынша сипаттауға болады, бiрақ теория мен тәжiрибеде кәсiпкерлiк iстi келесi қасиеттер бойынша айырады:
1. меншiк нысандары бойынша;
2. әр түрлi территорияда таралу бойынша;
3. заңдылық қасиетi бойынша;
4. құрылтайшылардың құрамы бойынша;
5. персонал саны және айналым көлемi бойынша;
6. өсу қарқыны және пайдалылық деңгейi бойынша;
7. жаңа енгiзулердi пайдалану деңгейi бойынша;
8. т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, қызмет ету принциптерi.
2. Кәсiпкерлiктің түрлері және нысандары.
3. Сыртқы кәсiпкерлiк ортаның негiзгi факторлары.
4. Iшкi кәсiпкерлiк ортаның негiзгi факторлары.
5. Кәсiпкерлiк ортаны жетiлдiру жолдары.
Әдебиеттер:
1. Лапуста М.Г., Поршнев А.Г., Старостин Ю.Л., Скамай Л.Г., Предпринимательство. Учебник. М:Инфра-М, 2004.-С 534 (28-40 бет)
2. Глущенко Е.В. Основы предпринимательства: Учебное пособие.-М.: Вестник, 1996 (35-100 бет)
3. ҚР шағын және орта бизнестi дамыту туралы заңы.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Iшкi кәсiпкерлiк орта | | | Тақырып № 3 Табиғи ресурстар |