Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балдың жіктелуі мен түрлері

Табиғи балдың органолептикалық көрсеткіштері. | Оксиметилфурфуролға реакция. | Физика – химиялық көрсеткіштері бойынша балдың табиғилығын анықтау. | Анықтау әдісі. |


Читайте также:
  1. Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері.
  2. Атты ерітінділердің негізгі түрлері қандай?
  3. Балдың емдік қасиеті
  4. БАС ҚАҢҚАСЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
  5. Босаңдатудың негізгі түрлерін көрсетіңіз.
  6. Гидролиздің түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қо-ректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи бал-ға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Ара балының жіктелуі

· Табиғи гүл балы бал араларының гүл шырынынан жинаған өнделген өнім. Ол тәтті шырын тәрізді ароматты, түссіз немесе сарғыш түсті сұйықтық. Шығу тегіне байланысты гүл, шіре және аралас балдар деп бөледі. Шіре балы ол өсімдіктен және жануарлардан алынған болып бөлінеді.

· Полифлерлі (аралас) балды бал аралары әр түрлі өсімдіктердің шырынын қайта өндеуден кейін алады. Осындай балдарды көбіне жиналған жеріне байланысты атайды: ормандық, далалық, жайылымдық және таулы жерден жиналған бал деп топтарға бөледі. Аралас балдың түсі көбіне ашық, ашық-сарыдан қошқыл түске дейін. Кристалдануы әлсіз кристалдан ірі кристалға дейін болады.

· Липовый. Бұл балдың ең жақсы сорты, өте жағымды әрі күшті иіске ие. Өзіне ғана тән спецификалық дәмі бар, тіпті басқа балдармен де араластырса айқын білініп тұрады. Балдың түсі ақ, кейде мүлдем түссіз, ашық-янтар түстес, сирек сары, жасыл түке, балғын липа гүлінің өтімді иісі мен ерекшеленеді. Липа балында гистидин мен лизин болмайды.

· Қара құмық балы. Бал тоқ сары қызыл тартатын түске ие. Өзіңе тән спецификалық дәм мен иіске ие. Тамақты аздап тітіркендіреді. Ашық түсті сортты балдарға қарағанда ақуыз бен темірдің мөлшері көп кездеседі.

· Күнбағыс балы. Сұйық, алтын түстес, жылдам кристалданады да ашық янтар түске енеді. Өткір дәмімен ерекшеленеді.

· Акация балы. Бал ақ акациядан алынса өте жақсы сапассы мен дәмдік құрамы мен ерекшеленеді. Сұйық кезінде мөлдір, иісі өте жағымды гүлдің иісі шығып тұрады.

· Донниковый бал. Балдың жоғарғы дәмдік сапасы мен нәзік ароматымен ерекшеленеді. Түсі ақ кейде ашық янтар түсті. Кристалдануы кәдімгідей басқа балдардыкі сияты жүреді.

· Клевр балы. Балды ақ және жорғалаушы клеврден жинайды. Ақ клеврдің балы көбінесе ашық, ашық янтар түстес, өзіне тән дәм мен иіске ие.

· Темекі балы. Бұндай балдар темекі өсіретін алқаптардан алынады. Балдың түсі ашықтан қошқылға, какаоны еске салады. Спецификалық темекінің дәмі аздап келеді, сондықтан оны асқа қолданбайды. Көбіне оны темекі иісін ароматтау үшін қолданады. Жетілмеген балдың құрамында у болады. Оны қайнату арқылы залалсыздандырады.

· Мақта балы. Бал ашық түсті, кристалданғаннан кейін тез арада ағарып кетеді. Өзіне тән аромат пен нәзік дәмге ие.

· Қоңыр бал. Жылқы тектес қоңыр түске ие. Дәмі жақсы.

· Горчичный бал. Ақ немесе алтын түсті, нәзік дәмді, жылдам кристалданады. Ашық ыдыста 4-5 күннен соң кристалданып қалады.

· Жалбыз балы. Өсімдіктің өзіне тән иісі болады, түсі янтардан қызыл түске дейін.

· Таңқурай балы. Бал аралар осф өсімдіктен өте көп мөлшерде бал жинайды, сапасы өте жоғары, ақ түсті, жағымды ароматты.

· Шіре балы. Ашық-янтардан қошқылға дейін, хвой ағашынан жиналған. Ароматы әлсіз, дәмі тәтті, жағымды. Шіре балы адамдарға зиянсыз және азық мақсатында шексіз пайдалануға рұқсат етіледі. Құрамындағы минералды заттар мен декстриндар жүрек қан айналым жүйесі мен ас қорту жүйесіне пайдалы. Кейбір шіре балдарының иісі жағымсыз болады. Оларды 10-15 минут қайнатса дәмі жоғалады.

·

·

· Ара шаруашылығы өнімдерінің түрлері және олардың сипаттамасы.

· Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының дамыған саласы болып табылады. Арадан алынған өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданады. Балды тағам ретінде, балауызды кәсіпорын саласында шикізат ретінде қолданады. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қатар косметика саласында да ара шаруашылығының өнімдерін пайдаланады. Олар:

· Балауыз – аралардың арнайы сөлінен түзілген, қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам саласында, соның ішінде медицина, фармацептика, парфюмерия, косметика саласында кең қолданады.

· Гүл тозаңы – аралар гүлден жинайды. Моносахаридтерге, минералдарға, белокты заттарға, дәрумендерге, өсу гармондарына өте бай. Ол ара тұқымдарын азықтандыру үшін, аналық сүтті, ферментті өндіру үшін маңызы зор.

· Перга – аралар мен жинап алынған және өнделген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белоктық азық. Оның жетіспеуі ара жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді. Осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылыстарын консервілеп, оны пергаға айналдырады.

· Прополис – араның желімі. Бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяларын жауып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерилді және берік болу үшін. Оның негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфир майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әр түрлі элементтер, дәрумендер, бактерициттік, антитокситтік, қабынуға қарсы анастезинді және стерильдеу қасиетіне ие.

· Ара уы – аралардың секторлы сөлінің өнімі. Иүссіз, өткір иісті, күйдігіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицина да кеңінен қолданады.

· Матка сүті – жас аралардың арнайы сөлінің секреті. Бұнымен олар балаңқұрттарды және аналық араны қоректендіреді. Спецификалық иісі, қышқыл дәмі бар желе тәрізді ақ зат.

·

 


Дата добавления: 2015-11-15; просмотров: 632 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ара балы, шығу тарихы| Балдың емдік қасиеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)