Читайте также:
|
|
Колбаға (250 мл) 5 мл 10% бал ерітіндісі және 45 мл дистилденген су құяды. Колбаны су ваннасына (800С) қояды. Колбаның ішіндегі температура 68-700С-қа жеткен кезде, оған 5 мл тұз қышқылын қосып араластырып, осы температурада 5 мин ұстайды. Содан соң колбаға 1-2 тамшы индикатор метилоранж құямыз, оған 10% натриий гидрооксидінің ерітіндісін қосып, қызғылт сары түс пайда болғанша титрлейміз. Колбаның ішіндегісін 200 мл дейін сумен толтырып, одан алынған 0,25% бал ерітіндісін 3 қайтара ауыстыру арқылы араластырады.
Мынандай формула бойынша анықтайды:
С= (X-Y)*0,95
Мұндағы, С – сахароза, %;
Х – инверттелген қанттың инверсияға дейінгі мөлшері;
У – инверттелген қаннтың инверсиядан кейінгі мөлшері;
Орытынды.
Негізінен, бал арасының үш тобы бар. Олар: ара, еркек ара, жұмысшы ара. Ара аралардың ішіндегі патшасы саналады. Еркек араның құйрық жағы жұмыр болуына орай, оның у безі жоқ, яғни шағып алатын инесі жоқ. Басқа жәндіктерден ерекшелігі: ара топтасып өмір сүреді. Атап айтсақ, ара үйірі бір ара патшасы мен жүздеген еркек арадан және он мыңдай жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының міндеті жұмысшы араларға гүл тозаңы мен бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру болса, еркек араның парызы — ара патшасымен шағылысу. Ал, енді балды жинау мен өңдеуге келер болсақ, бұл процестер жылдың екі мезгілі — жаз бен күз айларында жүзеге асырылады. Яғни омарта ішіне жиналған балды сығып алу әдіс-тәсілдері арқылы атқарылады. Соның ішінде дәрі ретінде пайдаланылатын балды отқа жылыту арқылы сүзгіден өткізу арқылы дайындайды. Балдың табиғи түсі негізінен ақ немесе сарғылт. Әдетте, өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнешеуінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Ал, көп шырынды бал өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналатындықтан, ол табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала, тау, бақ балы болып, өзара жіктеледі. Бал атаулының ішінде табиғи балды ажырату оңай емес, өйткені ол қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Бүгінгі күні базарлардағы бал сатушылар оны табиғи балмен араластырып, саудаға шығарып жүр. Айта кету керек, жасанды балдың құрамында қант крахмалы, қант, желім, ұн бар. Бұл бал түрінің табиғи балға қарағанда ерекшелігі: әрбір тұтынушының өзі-ақ оның құрамын анықтай алады. Ол үшін бір кесе қайнаған суға жасанды балды араластыру қажет. Нәтижесінде тұнбаның астында қалдықтар анық көрінеді. Бұл — бал құрамындағы крахмалдың көрсеткіші. Алдында айтып өткенімдей, гүлдейтін өсімдік түріне қарай бал да түр-түрге бөлінеді. Мысалы, бірінші сортқа жататын түйебұршақ балы ашық түсті, құрамы глюкозаға бай. Шайқурай балының түсі мөлдір жасыл сары түсті болып келеді, ол әлсіздікті жояды. Ал, сары түсті жөке балының жұқпалы бактерияны құрту қабілеті басым. Шабындық балы шабындықтағы түрлі гүлдерден алынса, таңқурай балы жоғары сортқа жатады. Қарақұмық балының басқалардан өзгешелігі: ол қою қызыл-қоңыр түсті және ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Авторлары: Х. С. Горегляд, В. А. Макаров, И. Е. Чеботарев, В. Я. Шаблий, Н. Г. Кожемякин, В. П. Коряжнов, Я. П. Шлипаков. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства».
«Колос» баспасы, 1974 ж.
2. Авторлары: Т. Төлеуғали, С. Қырықбай. «Мал дәрігерлік –санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері».
«Алматы» баспасы, 1998 ж.
3. Авторы: б.ғ.д, профессор Б.С Майқанов. «Дәрістер жинағы». «Астана» баспасы 2004 ж.
4.Авторы: М.Ф. Боровков, В.П.Фролов, С.А. Серко. «Ветеринарно-санитарная экспертиза». «Санкт-Петербург-Москва-Краснодар» 2008ж.
5. Авторы: В. А. Макаров, В.П. Фролов, Н.Ф.Шуклин. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства», 1991 ж.
Дата добавления: 2015-11-15; просмотров: 297 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Физика – химиялық көрсеткіштері бойынша балдың табиғилығын анықтау. | | | Pogtehsnab.ru/mortrans/organy_p |