Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Iшкi кәсiпкерлiк орта

Тақырып № 3 Табиғи ресурстар | Жер ресурсының ерекшеліктерi | Жер қайтарымы | Тақырып № 4 Еңбек ресурстарды басқару | Еңбек ресурстарының ерекшелігі | Тақырып № 5 Материалды ресурстарды басқару | Тақырып № 6 Өндiрiстiк шығындарды басқару және олардың сипаттамасы | Шығындардың сипаттамасы | Тақырып № 7 Өндiрiс салаларын мамандандыру және сәйкестендiру | Тақырып № 8 Капиталды салымдарды басқару |


1. кәсiпкер, оның бiлiм деңгейi, қабiлеттерi, мүмкiндiктерi, тәрбиесi;

2. өзiндiк капиталдың жеткiлiктi көлемде болуы;

3. кәсiпорынның дұрыс ұйымдастырулық-құқықтық нысанын таңдау;

4. қызмет ету iсiн таңдау;

5. серiктестер командасын құру;

6. нарықты талдау;

7. маркетингтi зерттеу;

8. кадрларды таңдау және персоналды басқару;

9. еңбекке ынталандыру;

10. еңбектiң мотивациясы;

11. кәсiпкерлiк құпияны сақтау;

12. т.б.

2. Нарықты экономикада кәсiпкерлiк жеке және мемлекеттiк меншiк нысандарында болады, ал заңдылық қасиетi бойынша: заңды және заңсыз кәсiпкерлiк деп бөлiнедi. Тиiстi құжаттарсыз тiркеу құқықтарын бұзуымен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекет заңсыз кәсiпкерлiк деп аталады.

Кәсiпкерлiк iстiң территорияларда таралу масштабы мен көлемi бойынша: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық, халықаралық және әлемдiк кәсiпкерлiк деп бөледi.

Кәсiпкерлiк ұйымның табыстылық деңгейi және даму қарқыны бойынша келесi сипаттама беруге болады: тез өсушi, баяу дамушы пайдалылығы жоғары және тиiмдiлiгi төмен кәсiпорындар.

Кәсiпкерлiк iстiң даму бағытының есебiмен және нақты алынатын нәтиженiң есебiмен кәсiпкерлiктiң келесi түрлерiн бөледi:

1. Өндiрiстiк кәсiпкерлiк. Бұл нақты тауарларды өндiру процесi, жұмыстар мен қызметтердi көрсету және оларды тұтынушыларға ұсынып өткiзу. Өндiрiстiк кәсiпкерлiктiң материалды өндiрiс аясында қызмет етуiне және шаруашылық етудiң саласына байланысты кәсiпкерлiктi өнеркәсiптiк, құрылыстық, ауылшаруашылық және т.б. түрлерге бөлiнедi.

2. Коммерциялық-саудалық кәсiпкерлiк. Бұл кәсiпкерлiк түрiне келесi екi шарттың болуы қажет: сатылатын тауарларға тұрақты сұраныстың болуы және тауарлардың ең төменгi сатылу бағасының орнатылуы. Мұнда өнiм өндiрiлмейдi, бiрақ өндiрiлген дайын өнiмнiң өткiзiлуi жүзеге асырылады.

3. Қаржылық-несиелiк кәсiпкерлiк. Бұл кәсiпкерлiктiң ерекше түрi, мұнда сату-сатып алу заты ретiнде құнды қағаздар, валюталық құндылықтар, ұлттық ақша қаражаты болады. Қаржылық- несиелiк кәсiпкерлiктiң мақсаттары үшiн ұйымдардың мамандандырылған жүйесi құрылады: коммерциялық банктер, қаржылық-несиелiк компаниялар (фирмалар), қор, валюта биржалары және т.б.

4. Делдалдық кәсiпкерлiк. (әртүрлi қызмет көрсетумен айналысатын компаниялардың қызметтерi – пәтердi жалға алу, беру, сату).

5. Сақтандыру кәсiпкерлiгi (адам өмiрiн сақтандыру, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi сақтандыру қызметтерiн көрсететiн ұйымдар).

Әр нарықта қызмет етуiне байланысты кәсiпкерлiктiң келесi түрлерiн сипаттауға болады:

· Құнды қағаздар нарығындағы кәсiпкерлiк iс-әрекет. Ол өз iшiнде келесi түрлерге бөлiнедi:

а) брокерлiк қызмет;

б) дилерлiк қызмет;

в) клирингтiк қызмет;

г) депозиттарлық қызмет;

д) т.б.

· Банктiк қызметтер нарығындағы кәсiпкерлiк iс-әрекет;

· Сақтандыру қызметтер нарығындағы кәсiпкерлiк iс-әрекет;

· Делдалдық кәсiпкерлiк;

· Бiлiм беру мекемелердiң кәсiпкерлiк iс-әрекетi.

Кәсiпкерлiктiң негiзгi субъектiсi кәсiпкер болып табылады. Кәсiпкердiң көптеген анықтамалары бар.

Кәсiпкер дегенiмiз:

· Бұл-тәукелдi мол жағдайларда әрекет етушi адам;

· Кiм iстi жоспарлаушы, бақылаушы, ұйымдастырушы және кәсiпорынды иемденушi болса, кәсiпкер сол;

· Кiм өзiнiң ұйымдастырушылық қабiлеттерi арқасында табыс тапса, сол кәсiпкер;

· Бұл-кез келген мүмкiндiктi ұқсатып, барынша мол пайда таба бiлетiн адам.

Осы анықтамалардың бәрi кәсiпкерлiк iс-әрекет – бұл кәсiпкерлiк қабiлетi бар, жiгерлi де ынталы адамның ақыл-сана (интеллектуалдық) iс-әрекетi екенiн көрсетедi.

Кәсiпкерлiк қабiлет-бұл өндiрiстiң ерекше факторы, ол-өндiрiс үрдiсiне басқа барлық факторларды бiрыңғай жүйеге бiрiктiрушi. Кәсiпкерлiк қабiлет-шешiм қабылдай бiлу қабiлетi мен тәуекел ету қабiлетi.

Кәсiпкер немесе фирма-бұл экономикалық бiрлiк, ол өздiгiнен шешiм қабылдайды, өндiрiс факторларын өнiмдi дайындау мен оны басқа фирмаларға, шаруашылықтарға және мемлекеттерге сату үшiн пайдаланады, барынша мол пайда табуға ұмтылады.

3. Кәсiпорындардың әртүрлi ұйымдастырулық – құқықтық нысандарын құрудың негiзi – меншiк түрлерiнiң алуан түрлiгi болып табылады.

Меншiк түрiне байланысты кәсiпорындардың мынадай тұрпаттарын ажыратады: мемлекеттiк және муниципалдық кәсiпорындар, олар экономиканың қоғамдық бөлiгiн көрсетедi; жекеше кәсiпорындар – экономикалық жекеше бөлiмiн танытады; ал меншiктiң аралас түрiнiң кәсiпорындары ерекше топты құрайды.

Жекеше кәсiпорындар -иелерiнiң санына қарай, кәсiпорынның iс - әрекетiне деген жауапкершiлiгi бойынша және кәсiпорынның жалпы капиталына жекедара капиталын қосу тәсiлi бойынша ажыратылады. Жекедара шаруашылықтар- бұл бiр кiсiнiң, меншiк иесiнiң жекедара шешiм қабылдауы және барлық iске толығымен жауап беруi.

Қазақстан Республикасында кәсiпорындардың мынадай ұйымдастырулық – экономикалық құқықтық түрлерi анағұрлым кең таралған:

- жауапкершiлiгi шектеулi серкiтестiк;

- толық серiктестiк;

- аралас (командиттiк) серiктестiк;

- акционерлiк қоғам;

- өндiрiстiк кооператив;

- шаруа қожалықтары;

- азаматтардың жеке шаруашылықтары.

Серiктесушiлiк- екi немесе одан да көп кәсiпкердiң бiрлесе шешiм қабылдаған және барлық iстi жауап беретiн жағдайында кәсiпкерлктi ұйымдастыру үлгiсi (формасы).

Жауапкершiлiгi шектеулi серкiтестiк. Бұл кәсiпорынныңқұрылуы кәсiпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың үлестiк қатысуы болып табылады. Кәсiпорын барлық меншiк иелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғы негiзiнде жұмыс iстейдi.

Серiктестiк мүшелерiнiң үлесi (пайы) жекешелендiрiлген шаруашылықтардың үлес қорындағы әрбiр жұмыскердiң мүлiктiк және жер үлесi есебiнен құрылады және қызметкерлердiң жұмыс стажына, бiлiктiлiгiне қарай, атқаратын жұмыстарының күрделiгi мен жағдайларына қарай анықталады. Кәсiпорынның жарғылық капиталдағы пай мөлшерi қатысушының кiрiс үлесiн де айқындайды. Мұндай кәсiпорындарға өзiнiң қаржысын салған тұлғалар кәсiпорынның жауапкершiлiгi үшiн тек өз салымдары шеңберiнде ғана жауап бередi.

Толық серiктестiк те өз мүшелерiнiң үлестiк меншiгi негiзiнде құрылған, алайда серiктестiктiң барлық мүшелерi iс - әрекеттiң нәтижелерiне өзiнiң жеке мүлкiмен толық жауап бередi. Толық серiктестiк заңгерлiк тұлға болып табылмайды, бизнестi ұйымдастырудың осы нысаны бойынша әртүрлi брокерлiк кеңселер, тексерушi фирмалар және қызмет көрсету орындары жұмыс iстейдi.

Корпорация - акционерлiк меншiк негiзiнде құрылған қәсiпкерлiктi ұйымдастыру формасы, кәсiпкер меншiктен және меншiк иесiнен бөлектенген, ал оның қаржы жауапкершiлiгi шектелген.

Кәсiпкерлiктiң көптеген бағыттары бар. Ол ұйымдастырушылық-экономикалық түрлерi, меншiк иелерiнiң саны және ұйымдастырушылық-экономикалық түрлерi бойынша сараланады.

Меншiк түрлерi бойынша: жекеше, мемлекеттiк кәсiпорындар және меншiк түрi аралас кәсiпорындар болып бөлiнедi.

Меншiк иелерiнiң саны бойынша: концерн, ассоциациялар, консорциум, синдикат, картель және қаржылық-өнеркәсiптiк топтар құрылады.

Концерн -бұл көпсалалы акционерлiк қоғам, ол мүлiктенген акциялар түрiнде басқаруға қатысу жүйесi арқылы кәсiпорындарды бақылайды.

Ассоциация -бұл экономикалық тұрғыдан дербес кәсiпорындардың бiрiгуi.

Ассоциация шаруашылық, ғылыми-техникалық т.б. жұмыстардың бiрiгiп шешу үшiн құрылған бiрлестiгi.

Консорциум -кәсiпкерлердiң iрi қаржы немесе коммерциялық операция жасау мақсатында құрылған бiрлесiгi.

Картель -бiрлестiктiң бiр түрi, бұған қатысушылар (құқылық) және өндiрiстiк дербестiгiн сақтайды, бағалар туралы және өнiм өткiзу рыногын бөлiсу жөнiнде өзара келiсiм жасайды.

Қаржылық-өнеркәсiптiк топтар -бұл өнеркәсiптiк, банктiк, сақтандыру және сауда капиталының бiрлестiгi

Қазақстан Республикасында азаматтық заңдылыққа сәйкес жеке кәсiпкерлiк iсiмен ресми түде тiркелген, белгiлi бiр ұйымдастырулық – құқықтық нысанда және орнатылған тәртiпте заңды тұлғаның бiлiмiсiз азамат айналыса алады. Азаматтардың туғанынан бастап қайтыс болғанына дейін құқық қабілеттілігі болады. (құқық, міндетке ие болуы) 18 жастан асқан азамат толық көлемде әрекет қабілетті болады (азаматтарының өз әрекеттерімен құқықтарға ие болуы және міндеттер атқару).

Жеке кәсіпкерлік азаматтардың меншігіне негізделген пайда табуға бағытталған ынталы қызмет. Кәсіпкерлік қызмет азаматтарының атынан, оның тәукел етуімен және мүліктік жауапкершілігін жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлік субьектісі болып тек азаматтар (жеке тұлғалар) саналады. Жеке кәсіпкерлік түрлері:

1.Өзіндік кәсіпкерлік.

Бір азаматпен жүзеге асырылатын қызмет, азаматтың меншік құқығына еңгізілген мүлік арқылы атқарылады.

2.Бірлескен кәсіпкерлік.

Ортақ меншіктегі мүлікке енгізілген бір топ азаматтың кәсіпкерлік қызметі.

Бірлескен кәсіпкерінің нысандары:

1. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіне еңгізілген кәсіпкерлік.

2. Жанұялық кәсіпкерлік.

3. Жайсеріктестік кәсіпкерлік.

4. Үлесті меншікке еңгізілген.

Жеке кәсіпкер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алады. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша тараптар ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді-жай серіктестік. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының ортақ істерін жүргізу, олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады. Егерде азамат өзіндік кәсіпкерлік ретінде тіркелсе, онда ол тек қана өз мүлкімен жауабқа тартылады. Егер, ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі болса, онда жаза ерлі-зайыпкерлігінің ортақ меншікті қолдану мүмкін.

Атақты американдық ғалым Пол Самуэльсон былай дедi: “Барлық адамдар өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруды ойлайды. Ойдағыдай пайда ала алмаса да, нәтижесiнде, әртүрлi есептердi шешу және өзiнiң жеке кәсiпкерлiк жоспарларын құру – бұл жақсы және сәттi iстердiң бiрi”.

Әрбiр болашақ бизнесмен, кәсiпкер өз iсiн ұйымдастыруда келесi маңызды сұрақтарға көңiл бөлген жөн:

- кiм үшiн бұл фирма қызмет етедi, оның өндiретiн өнiмiнiң болашақ тұтынушылары (сатып алушылары) кiмдер;

- не және қандай көлемде өндiру керек;

- өнiмдi алай өндiру керек;

- нарықта бәсекелестердiң жағдайы қандай;

- және т.б.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 339 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып № 1 “Азық - түлік өнімдердің өндірісін басқару және экономика” пәнi, мақсаттары мен есептерi| Шет елдегі кәсіпорындардың түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)